Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Сенімді цифрлық педагогика жолында



Pdf көрінісі
бет247/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Сенімді цифрлық педагогика жолында
Бірқатар авторлар АКТ-ны қолдайтын мұғалімдердің келтіретін 
нақты негіздемесінің маңызды екенін баса айтады (Beetham and Sharpe, 
2007; Beauchamp, 2012). Цифрлық педагогика білім беру сапасын арт
-
тыру үшін технологияларды пайдалануды көздейді. Оларға қарапайым 
PowerPoint-тан онлайн курстарға дейін кіруі мүмкін. Технологияларды 
сабақта қалай, қашан, қайтіп, не үшін қолдану – бұл мұғалімдердің педа
-
гогикалық ұстанымына байланысты қабылданатын шешім. Олар АКТ-
ны қолдануда 5-тарауда баяндалған оқыту теорияларын негізге алады. 
Әлеуметтік-мәдени көзқарасты ұстанатындар үшін технологияларды 
қолдануда әңгімелесу мен өзара әрекеттесу басты рөл атқарады. Бала
-
лар бейнекамераны ұстауды немесе фотосуретке түсіруді үйренгенде, 
қоғамдағы мәдени құралдардың қаншалықты маңызды екенін түсіне
-
ді. Балалардың көпшілігі жастайынан осындай технологияларды көріп, 
тыңдап, байқап, ойнап, еліктеп және өз қателіктері арқылы олардың қа
-
лай жұмыс істейтінін түсініп өседі. Балалардың үйде жақсы оқушы бо
-
луға мүмкіндігі көп, себебі олар өз ата-анасымен, бауырларымен өзара 
қатынасқа түсуден, олардың көрсететін қолдауынан көп нәрсе үйрене
-
ді. Мұны оқуға жасалған оңтайлы жағдай деуге де болады. Алайда мұға
-
лімдерге ата-аналар сияқты баланың әр әрекетіне жауап қайтару қиы
-
нырақ, өйткені олар шектеулі уақыт аралығында бір топ оқушылардың 
қажеттіліктерін қанағаттандырады (Plowman 
et al.,
2010b). 
Бихевиоризм ынталандыруға, жауап қайтару мен мадақтауға баса 
мән береді. Бұл ерекшеліктер көптеген танымал ойын технологияла
-
рында, сонымен қатар сандарды қосу үлгілеріне не көбейту кестесіне 
арналған компьютерлік жаттығуларда айқын көрінеді. АКТ алдын ала 
бағдарламаланған жауаптарды, дауысты және қимылды тану, сенсор
-
лық экрандар сияқты өңдеулер арқылы қамтамасыз ете алады. Жас/
кезең ерекшелігі ретінде анықталатын бағдарламалық жасақтама
Пиаже мен басқа да когнитивті теоретиктер ықпалынан көрініс береді. 
Ынтымақтастыққа баса назар аударатын әлеуметтік конструктивизм 
оқушылардың блог жүргізу және интернеттегі пікірталас сияқты жұ
-
мыстарынан айқын көрінеді. Коннективистік теория жеке адамдар мен 
топтардың желілер арқылы білімді қалай бөлісетіндігінің маңыздылы
-


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
293
ғына баса көңіл бөледі (Siemens, 2005). Мұғалімдер осы теориялардың 
бәріне жүгінетін кездер де болады. Алайда пікір білдірушілердің көпші
-
лігі балалардың цифрлық технологиялар арқылы оқуда белсенділік та
-
нытатынын айтады, сол себепті конструктивисті көзқарас кең қолдау 
табады. 
Балалар өз әлемін тарихи, географиялық, діни, моральдық, ғылы
-
ми және басқа да қырлары арқылы түсінеді. Технологияларды қолда
-
ну өскелең ұрпаққа өз ортасын түсінуге мүмкіндік беретін құрал ғана 
болмай, сонымен бірге олардың толыққанды өмір сүруіне де ықпал етуі 
керек. Балалар қоғамның «цифрлық мүшесі» болғандықтан, мұғалім
-
дер әдетте «білім беруде технологияларға орын бар ма?» деген ескірген 
мәселені емес, оларды қалай тиімді қолдануға болады деген мәселені 
көтергені жөн. Компьютерлік ойындарды мысалға алайық. Олар кез 
келген жастағы, кез келген жыныстағы ойыншылар арасында танымал. 
Бірақ неге ұзақ уақыт бойы компьютерде ойын ойнайтын бала сабақта 
тапсырманы орындап болғанша тағат таппайды? Өйткені компьютер
-
лік ойындар да тиімді оқыту басшылыққа алатын мақсаттың айқын
-
дығы, нақты ережелер, міндеттер, конфликтілер мен проблемаларды 
шешу, интерактивтілік, жедел және тиісті кері байланыс, күшті әлеу
-
меттендіретін орта, білім жинақтау және қызықты әңгімеге араласу се
-
кілді қағидалар негізінде жасалады. Юни мен Лейск (2013) мұғалімдер 
цифрлық ойындардың артықшылықтарын оқушылардың сабаққа пас
-
сив қатысушы емес белсенді қатысушы болғанын қолдайтын педагоги
-
каны түрлендіруді дамытуда қолдана алады. 
Егер мұғалім күшті цифрлық педагогиканы дамытқысы келсе, онда 
ол өз техникалық білімі мен дағдыларына сенімді болуы керек. Жалпы 
айтсақ, мұғалімдер мыналарды білуі керек: 
„
мәтінді өңдеу, PowerPoint, Excel кестелері секілді жалпы бағдарлама
-
лық пакетті паи�далану; 
„
деректерді енгізу, түсіндіру және ұсыну, мысалы, оқушылардың оқу 
үлгеріміне талдау жасап, қаи� жерде араласу қажет екенін білу; 
„
онлаи�н дереккөздерді, мысалы, уеб-саи�ттарды іздеу және бағалау
„
цифрлық ресурстар, мысалы, мультимедиалық презентациялар әзір
-
леу; 
„
әріптестерімен, басқа мамандармен және ата-аналармен, мысалы, 
электрондық поштаны немесе т.б. қолдану арқылы баи�ланыс орна
-
ту; 
„
күнделікті әкімшілік міндеттерді орындауда АКТ-ны паи�далану, мы
-
салы, тізім жасау, сабақ кестесін, сыныптарға оқушыларды отырғызу 
жоспарын құру. 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
294
Англияда 2001 жылы енгізілген стажер мұғалімдерге арналған АКТ 
тесті 2012 жылы тоқтатылды, өйткені үкімет жас білікті мұғалімдердің 
АКТ дағдыларын меңгергеніне күмәнданбады. Ал мұндай техникалық 
шеберлікке немесе сенімділікке әлі жетпеген мұғалімдер көп нәрсені 
пән бірлестіктерінен, Білім беру стандарттары басқармасының пән бо
-
йынша ұсынатын материалдарынан, онлайн-кәсіби желілер мен жергі
-
лікті билік кеңесшілерінен біле алады. Алайда мұғалімдер АКТ бойын
-
ша өз білімін жүйелі түрде тексеріп, жаңартып отыруы қажет екеніне 
қарамастан, жергілікті билік пен мектептер үздіксіз кәсіби дамуға қа
-
ражат бөлуде айтарлықтай қаржылық қиындықтарға тап болып отыр 
(The Royal Society, 2012; Estyn, 2013). 
Мұғалім баланы өзіне сенімді әрі қабілетті, технологияны енжар 
қабылдамай, оған сыни тұрғыдан қарайтындай ақпараттандырылған 
пайдаланушы ретінде қалыптастыруда оларға қалай қолдау көрсету 
керектігін ойластыруы қажет. Сонымен қатар мұғалімдер технологияға 
бай ортаны құруға негіз болатын қағидаларды білуі керек. Олар мына
-
ларды қамтиды: 
„
технологияларды тиімді паи�далану және тәуекелдерді басқару үшін 
оң көзқарас қалыптастыру; 
„
шынаи�ы өмір жағдаи�ына саи�, ынталандыратын, жігерлендіретін оқу 
әрекеттерін ұи�ымдастыру және қолдау
„
оқушылардың қажеттілігін, қызығушылығын, деңгеи�і мен неден 
үміт күтетінін ескеру; 
„
бағалауды оқуға кіріктіру; 
„
оқушыларды сыныптан тыс үлкен аудиториялармен баи�ланыстыру. 
Ең алдымен, мұғалім баланың өзіне деген сенімін, құрметін және 
оқуда қауіп-қатерге дайын болуын қолдайтын стратегияларды пайда
-
лана отырып, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуы керек. Мұғалім
-
дер балалардың алдыңғы білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, оларға ой са
-
луы, сондай-ақ технологиялар күшін пайдалану арқылы, оларға зерттеу 
жүргізуге мен қиялдауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқушыларға белгілі бір 
құралға күмәнмен қарап, оны басқа ресурстармен, тәсілдермен салыс
-
тыруға мүмкіндік беру керек.
Үздік мұғалімдер оқушылардың байланыстыру, таңдау, қолдану, 
ынтымақтастық орнату және бағалау қабілеттерін дамытудың қанша
-
лықты маңызды екенін түсінеді. Олардың ойынша, білім беруде техно
-
логияларды пайдалануға мүмкіндігі жеткілікті. Олар балаларды шына
-
йы өмір жағдайындағы мәселелерді шешу үшін, жаңа білімін қолдануға 
жетелейтін қиын оқу тәжірибелерін ұсынуға тырысады. Бигум (2003) 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
295
көп мектептерде кездесетін, өзі «тоңазытқыш есігі» деп атаған әрекетті 
сынға алады. Яғни мұғалім тапсырма береді, балалар оны орындайды, 
мұғалім оны тексереді, сосын балалар оны үйге алып барып тоңазыт
-
қыш есігінде «жариялайды». 
Тиімді цифрлық педагогиканың негізі – технология дамытуға ұм
-
тылатын ойлау мен оқуды түсіну. Бенджамин Блум еңбектерінің білім 
беруге қосқан үлесі 4-тарауда айтылған. Энтони Чёрчес Web 2.0 тех
-
нологияларымен байланысты жаңа үдерістер мен әрекеттерді ескеру 
үшін Блум жұмысын жаңартты. Бұл модель оқушылардың қарапайым 
мәтінді жіберуді үйренуден бастап, анимация немесе подкаст құруға де
-
йінгі ойлау дағдыларына қалай ауыса алатындығын көрсетеді (7.1-сыз
-
ба). Аталған модель мұғалімдерге күрделі тапсырмаларды жоспарлауға 
сенімділік береді, бірақ бұл барлық тапсырмалар цифрлық форматта 
орындалуы керек дегенді білдірмейді.
Тиімді цифрлық педагогикаға көбіне мұғалімнің жеке сенімі мен 
өзіндік тиімділігі әсер ететіні анық. Жалпы сыныпта компьютерді 
қолдана алатынына сенімі аз немесе мүлде сенбейтін мұғалімдер оны 
қолданудан аулақ болуға тырысады (Becta, 2004). Мұғалімнің АКТ-ны 
пайдаланудағы сеніміне сапалы дайындығы мен кәсіби дамуға қан
-
шалықты қол жеткізгені, техникалық қолдау мен интернетке қосылу 
мүмкіндігі секілді көп факторлар әсер етеді. Шотландия инспекциясы 
жалпы әр бастауыш мектепте бір немесе екі мұғалім технологияларды 
қолдануға сенімсіздік танытып, оны тиімді пайдалана алмайтынын ай
-
тады (HMIe, 2007). Білім беру стандарттары басқармасы (2011) Ағыл
-
шын бастауыш мектептерінің үштен екісінде АКТ-ны оқыту жақсы, тіп
-
ті өте жақсы жолға қойылғаны және мұғалімдер мен олардың көмек
-
шілер арасында сенімділіктің артып келе жатқаны туралы оптимистік 
мәлімдеме жасады. Жас білікті мұғалімдердің көпшілігі оқытуды жеңіл
-
дету үшін АКТ-ны қолдануға сенеді, ал мектеп жағдайында біліктілігін 
көтергендердің 86 пайызы оны жақсы немесе өте жақсы деп бағалайды 
(DfE, 2013). Еуропалық зерттеулер мұғалімдердің сенімін арттыру және 
олардың кәсіби дамуына инвестиция салу – технологияларға елеулі ин
-
вестицияларды барынша пайдаланудың кілті болып табылады деген 
қорытындыға келді (European Commission, 2013). Кейбір мұғалімдер 
өзінің техникалық дағдылары оқушыларынікінен төмен деп ойлайды, 
сондықтан оларды оқытуда өзіне күмәнданады. Тіпті солай болған жағ
-
дайда да, мұғалімдер тиімді цифрлық сауаттылыққа негізделген сыни 
ойлау дағдыларын модельдеуі керек. Монк (2012) «технологиямен қа
-
рулану жарысынан» қалыс қалудан қорқатын мұғалімдер АКТ-ны емес, 
педагогиканы көбірек білуге көңіл бөлуі керек дейді. Ол үздік мұғалім
-
дер оқушыларды ресурс ретінде пайдаланатынын, олардың өздерін
мұғалім
болуға ынталандыратынын көрсетеді. 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
296


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет