Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет477/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

14
ТАРАУ


Үздіксіз оқу 
562
шілер өздерінің тауарлары мен қызметтері туралы тұтынушылар не 
ойлатынын зерттесе, тарихи роман жазушылар шығармаға шынайы 
сипат беру үшін бастапқы дереккөздерді қазбалай бастайды, ал ғалым
-
дар сынақ пен тәжірибе жүргізу арқылы табиғи жаратылысты түсінді
-
ру жолдарын іздейді. Күнделікті өмірде адамдар үй бағасынан бастап, 
демалыс орындарын және ғимарат регламенттеріне дейін барлық зат
-
тарды зерттейді. 
Мұғалімдер зерттеуге қатысқанда түрлі мақсат қойып, қызығушы
-
лық таныту керек. Мысалы, зерттеу: 
„
мұғалімнің оқыту мен үи�ретудің белгілі бір аспектілеріндегі түсінігі 
мен білімін арттыру; 
„
не істеу керегін басқалардан сұрап, күтіп отырмаи�, өз білімін іске 
асыруға ынталандыру;
„
мұғалімнің дағдысын, сенімділігі мен ұстанымын күшеи�ту; 
„
ата-аналармен, әріптестермен және басшылармен өткізілетін жина
-
лыстарда өз кәсіби көзқарастарын барынша салмақты жеткізу; 
„
көзқарастары мен танымын арттыру мақсатында басқа мамандар
-
мен баи�ланыста болу; 
„
аздаған кідіріс жасаи� отырып, тәжірибесі мен кәсіби дамуына көз жү
-
гіртіп қарау мүмкіндігі; 
„
біліктілігін арттыру немесе мақала жариялау, ол мұғалімнің кәсіби 
жұмысына сенімділік береді; 
„
үи�рену мен оқыту сапасын сөзсіз арттырады.
Интернеттен ақпараттың көп әрі оңай табылуы студенттер мен 
оқушылардың тыңғылықты зерттеу дағдыларын дамытуға кері әсер 
етеді деген мәселе тудырып отыр. Интернеттен ақпарат алуға әбден 
әуестенген оқушы онлайн ақпараттың жауапкершілігін сезіне бермей
-
ді және оған басқалардың жұмысын көшіріп ала салған оңай (Purcell
et al.,
2012). 2004 жылы жүргізілген интернетті пайдалану туралы 
сауалнамасы Біріккен Корольдіктің білім саласы мамандары үшін 2014 
жылға қарай оқушыларды интернеттегі дайын тұрған материалдар
-
ды қолданудан өз бетімен сыни ойлау, белсенді араласу мен контентті 
байыту сияқты ізденістерін дамытуға жұмылдыру үлкен мәселеге ай
-
налатынын ескерткен болатын. (Livingstone and Bober, 2004). Прогресс 
қарқынды емес. Біріккен Корольдіктегі балалар мен жасөспірімдерді 
қоса есептегенде 25 000 респондентке жүргізілген еуропалық зерттеу 
жұмысы 11–13 жастағы балалардың жартысынан азы ғана уеб-сайттар
-
дағы ақпараттың дұрыс-бұрыстығын салыстыра алатын болған (Sonck 
et al.,
2011, 2, 4). Интернеттегі дайын материалға үйір болу проблемасы 
ЖОО-на да жетіп отыр. ЖОО жүргізілген зерттеуде университет жаста
-


Үздіксіз оқу 
563
рының жартысы интернетте сатылатын дайын эсселерді алып, тапсы
-
ратынын көрсетті (Williams, 2010). Ғалымдардың, атақты жазушылар
-
дың және саясаткерлердің плагиат мақалалары туралы оқиғалар жиі 
қайталанып тұрады. Тіпті құқықтану студенттеріне ғылыми мақала 
жазуды үйрететін жаңа кітаптың өзі плагиат болып шыққан (www.bbc.
co.uk/news/18962349). 
Мұғалімнің сабақты жоспарлау, оқыту, мониторинг, бағалау, есеп 
жазу, ата-анамен жиналыс өткізу және басқа мамандармен бірге жұ
-
мыс істеуге кететін уақытын ескерсек, оларға ғылыммен шұғылдану
-
дың қиын болатынын түсінуге болады. Ханкок (2001) мұғалімдердің 
ғылыммен айналысуға неге құлықсыз екенін түсіндіретін бірнеше 
факторды келтіреді. Біріншіден, қоғамда мұғалімдер өздерінің жұмы
-
сын теориялық тұрғыдан зерттеп, ізденеді деген ұғым, түсінік мүлде 
болмаған. Олардың «шеберлігі» зерттеу жұмысы мен жоғары деңгейде 
талқылануға лайық емес, өйткені кез келген адам кішкентай балалар
-
ды оқыта алады деген пікір қалыптасқан. Екіншіден, мұғалім жұмыс 
кезінде сынып жұмысына тікелей қатысы жоқ нәрселердің бәрімен 
күреседі. Үшіншіден, Ханкок білім саласы үкіметтің толассыз жалғасып 
жатқан реформасынан көз ашпай келеді деп уәж айтады. Нәтижесінде 
бұл мұғалімдердің абыройын төмендетіп, сенімін азайтты. 
Соңғы жылдары зерттеу жұмысы қымбат, аясы тар және жоспар
-
лы емес деп көп сын айтыла бастағалы бері, білім саласындағы зерттеу 
жұмыстарына мұғалімдерді жұмылдыруға біршама әрекет жасалды 
(Tripp, 1993). Білім беру саласындағы ресми стандарттар басқарма
-
сы жасаған баяндамада білім берудегі көптеген зерттеу жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет