Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет494/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

14.3-КЕСТЕ. 
Зерттеу әдістері 
Әдіс
Сипаттамасы
Триангуляция
Зерттеу сұрағын кем дегенде үш дерек немесе үш көзқарас 
тұрғысынан қарастыру. 
Іріктеу
Зерттеуші кейіннен жалпылама тұжырым жасау үшін халықтың 
белгілі бір бөлігін іріктеп алады.
Жіктеу және 
саралау
Деректерді ұйымдастыруда, сапалық деректі саралау мен 
классификациялауда, қолмен жасалатын жұмыстарды 
жеңілдететін көптеген компьютерлік бағдарламалар бар: бұл 
зерттеушіге басқа мысалдар мен трендтерді және теорияны 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Реттілік
Дерек хронология маңыздылығы немесе жиілігі сияқты түрлі 
жолдармен реттеледі. 
Салыстыру, 
басқамен қарсы 
салыстыру
Деректегі шаблондар мен ұқсастықтарды ескеру және 
айырмашылығын қарастыру. 
Пікірлесу
Деректер талдамасын әріптес мұғалімдермен, оқушылардың 
өздерімен бірге тексеру, олардың пікірлері сіз шығарған зерттеу 
нәтижесін мақұлдауы немесе сұрақтың астына алуы мүмкін. 


Үздіксіз оқу 
583
Зерттеу кезіндегі қателіктер жазба жазу мен бәкграунд бөлімінің 
бастапқы сатысында тез анықталуы мүмкін. Мысалы, «1998» деген 
зерттеушінің шаршап немесе жалығып отырған кезінде «1989» деп 
қате жазылып кетуі мүмкін. Ескертпе жазып отырғанда нақты атау
-
ларды (автор, тақырып, күні және сәйкес беті) жазып алудың маңызы 
зор, өйткені кейіннен сұрақ туындап жатса, дәлелдеуге керек болады. 
Сондай-ақ мүмкін болған жағдайдың бәрінде цифрларды тексеріп ал
-
ған жөн. 
7. Қорытындыларды талдау 
Мәліметтерді талдаған кезде зерттеуші трендтер мен үлгілерге 
және қорытындыларды зерттеу әдебиетіндегі қорытындылармен са
-
лыстырып қарайды. Салдарлық қарым-қатынастың идентификация
-
сы, салыстыру, тұрақты логикалық аргументтер, күрделі болжамдар 
мен мәселелер жиынтықтары сапалық талдауды нақты сипаттайды. 
Мәлімет зерттеудің сұрағына жауап бере ме, әлде керісінше ме, тал
-
дау негізінен осы мәселені қарастыратын. Microsoft Excel және басқа 
да нақты бағдарламалар, мысалы, SPSS толыққанды талдаулар жа
-
сайды. 
Сандық зерттеушілер газет-журнал, теледидар жарнамалары, ра
-
дио бағдарламалары, суреттер мен сұхбаттар сияқты белгілі бір медиа
-
да бір нәрсенің қаншалықты жиі көрсетілетінін санағанда контенттік 
талдауды пайдаланады. Кодтау кестесін пайдалану мен диаграма
-
лар ұсыну арқылы мәлімет жазылып алынады және салыстырылады. 
Адамс және оның әріптестері (2011) сурет кітапшасында әкелердің көп 
көріне бермейтіні туралы алдыңғы зерттеуді сараптап шықты. Автор 
суретте көп көріне бермейтін әкелердің балаларына қамқорлығын 
анықтап, маңызды қорытынды жасады. Хаггарти (1995) алдын ала 
анықталған мәселелер бойынша мұғалімдер мен студент мұғалімдер 
арасындағы әңгімені зерттеу үшін контенттік талдауды пайдаланған. 
Ол мұғалімдер мен студент-мұғалімдер арасындағы әңгімеде мұғалім
-
дер кез келген келіспеушіліктер кезінде «сыпайылық» шеңберінен ат
-
тап шығуға құлықсыз екенін анықтаған. 
Мұғалімдерден нақты бағыт-бағдар ала отырып, оқушылардың 
өздері контенттік талдау жасай алады. Мысалы, өздерінің сүйікті жур
-
налдарындағы, теледидар бағдарламасындағы немесе газеттің спорт 
беттеріндегі арнайы мақалаларды жазып алады. 


Үздіксіз оқу 
584
8. Қорытындыларды байланыстыру
Зерттеу қорытындысын жинақтаған кезде мына үш сұрақты еске
-
рудің маңызы зор:
„
Сіз не істедіңіз? 
„
Сіз нені анықтадыңыз?
„
Нәтижесінде сіз нені өзгертуіңіз мүмкін? 
Бірінші сұрақ мақсатты анықтау үшін не жазылғанын қайта шолу 
(мысалы, сұхбат берген мұғалімдер, сауалнама алынған ата-аналар, 
4-сынып математика сабағының 10 рет бақылануы) кезінде пайдалы. 
Екінші сұрақ зерттеу нәтижелеріне бағытталады, мысалы, субъектінің 
белгілі бір тұжырымы, ұстанымы немесе олардың дағдыны қаншалық
-
ты меңгергеніне анықтауға назар аударады. Соңғы сұрақ зерттеу ық
-
палына, белгілі бір деңгейде зерттеушіге қатысты; мысалы, тәжірибе 
немесе көзқарасты өзгертуге ықпал етуі мүмкін. 
Уолкот көрсеткендей, кез келген зерттеу жұмысының түпкі мақ
-
саты әңгімені баяндап беру. Академиялық ортада бұл әңгімелеу бай
-
ланысының дәстүрлі жолы конференция, 
Британияның білім саласын 
зерттеу журналы 
сияқты пікір алмасу журналдары, кітаптар, блогтар 
мен әлеуметтік медиа немесе academia edu (www.academia.edu) сияқты 
онлайн байланыстар арқылы жүреді. Бір қиыны сол, кейде ғалымдар 
зерттеулерінің басты қорытындыларын қысқа да, нұсқа етіп жеткізе 
алмай жатады. Мұғалімдерге, білім сарапшыларына арналған мақала
-
ның аннотациясынан алынған мына мысалды қарастырайық: 
Бұл мақала сыни педагогика мен мәдени зерттеулерді пайдалана 
отырып, педагогикалық білім білім беру мазмұнына баса назар ауда
-
ру, оқушылардың контенттің бастапқы педагогикалық табиғатын 
және оның салдарын ұғуына көмектесу, педагогикалық еркін кон
-
тент педогогикаландыруға үйрету идеясынан тыс болуы керек деп 
тұжырымдайды. 
(Segall, 2004: 489)
Тіпті жоғары білікті лектордың өзі «педагогикалық еркін контент
-
ті педагогикаландыру» дегенді түсінбей, қиналуы мүмкін. Ресми стиль
-
де қалай жазу керек екенін үйрену маңызды, бірақ идеяны дұрыс әрі 
анық жеткізу одан да маңызды. Көптеген университет студенттердің 
жазу мен ауызша байланыс дағдыларын дамытуына қолдау ретінде 
нұсқаулықтар шығарады. 14.4-кесте ойдағы басты тұжырымдардың 
мазмұнынын ұсынады. Plain English Campaign компаниясы онлайн 
нұсқаулықтар мен A–Z барлық сөздердің баламасын тегін ұсынады
(www.plainenglish.co.uk). 


Үздіксіз оқу 
585


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет