Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет503/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ОЙТҮРТКІ 
Келли (2013: 12) қойған мына төрт сұраққа қалай жауап берер едіңіз? 
1. Cіз осы жылы кәсіби даму үшін қандай әрекет жасадыңыз?
2. Кәсіби даму үшін жасаған әрекеттердің нәтижесін оқыту барысында көрсе-
те алдыңыз ба? 
3. Сол әрекеттер мен тәжірибеңіз бірігіп сіздің сабақ беруіңізге қандай да бір 
өзгеріс әкелді ме?
4. Сіздің жұмыс орныңызға, әріптестеріңіз бен оқушыларға сол әрекеттердің 
ықпалы мен қандай өзгеріс әкелгеніне дәлел келтіре аласыз ба?
Білім беру саласында дерек пен зерттеуді қолдану орталығы 
(CUREE) мен Оқыту институты (IfL) мұғалімдерге Үздіксіз кәсіби даму
-
дың (CPD) дұрыс ресурстары мен мүмкіндіктерін табуға көмектесетін 
жол картасын жасап шықты. Орта білім және одан кейінгі аудиторияға 
арналып жасалғанымен, бұл жол картасы бастауыш мектеп мұғалімде
-
рі мен стажерлары арасында Үздіксіз кәсіби дамудың мүмкіндіктерін 
көрсету мен талқылауға пайдалы ресурс саналады. 
Мектептің талабы мен қажетіне сай Үздіксіз кәсіби дамудың дұрыс 
мүмкіндіктерін таңдау, әсіресе бюджет тапшылығы кезінде өте маңыз
-
ды. Мектеп басшылары әр мұғалімнің, мектептің басым бағыттарының 
және мемлекеттік дамуға әкелетін инвестменттердің арасында даму 
қажеттілігінің балансын сақтауы тиіс. Кәсіби даму қажеттіліктері оқы
-
ту процесіне өзгеріс енгізуден бұрын оқу сапасын жақсартуға бағытта
-
луы тиіс. Осыдан барып ең алдымен Үздіксіз кәсіби дамудағы әлеуетті 
оқу ресурстарын анықтап алу керек болады (Weston, 2013a). Мектеп
-
тер өздерінің Үздіксіз кәсіби дамудағы ұстанымын қолдау үшін қосым
-
ша ресурстарды пайдалана алады. Олардың қатарына S
utton Trust’s 
Pupil Premium Toolkit, York Informed Practice Initiative (YIPI)
және 
Teacher 
Development Trust’s Good CPD Guide 
уеб-сайты кіреді (Higgins 
et al.,
2013). 
Sutton Trust’s Pupil Premium Toolkit
дәлелдердің дұрыстығы, ықпал мен 
баға негізінде Үздіксіз кәсіби дамуға қатысты түрлі контенттерді ба
-
ғалайды. Мысалы, тиімді фидбәк беруді дамыту туралы мұғалімдер 
курсы арзан бағасы, тиімді ықпалы мен сенімді дәлелдері үшін жоғары 
бағаланады. 
Sutton Trust’s Pupil Premium Toolkit
бірініші әрекет мектеп
-
тің жеке басым бағыттарын бағалаудан басталуы керек екенін айтады. 
Әлемдегі ең үздік білім жүйелері мұғалімдердің кәсіби дамуына 
негізделген. Сингапур үкіметі жыл сайын әр мұғалімнің 100 сағаттық 
кәсіби дамуы үшін қаржы бөледі. Англияда әлі күнге мұғалімдерге 
арналған аккредитацияланған Үздіксіз кәсіби дамудың жүйелі бағ
-


Үздіксіз оқу 
593
дарламасы жоқ. Мектептер барынша 1988 жылғы оқу бағдарламасы
-
ның реформасы бойынша алғаш енгізілген бес күндік мектеп курсы
-
на сүйенеді. Бұл оқушының бір академиялық оқу жылында орташа 
есеппен сыныпта өткізетін 1 100 сағатын ескерсек, мұғалімнің кәсіби 
дамуына 30-дан аса сағаттан келеді (Weston, 2013b). Соңғы жылдары 
үкімет саясаты мектепке ең тиімді, сай келетін Үздіксіз кәсіби даму 
құндылықтары мен зерттеулерді қарастыруға басымдық беріп отыр 
(McLaughlin, 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет