Өзіңді таны
77
және «қашан» туралы фактілерді) қамтиды. Білім көбінесе шартты әрі
даулы болады. Сондықтан мұғалімдер білудің «қалай» және «неге» де
-
ген аспектілерін де меңгеру керек. Тар мағынада дағдылар дегеніміз –
тапсырмаларды орындау қабілеті. Бірақ олар басқа біреудің сезімдері
мен ойлау стратегияларын мұқият басқаруға да қолданылуы мүмкін.
Дағдылар нақты (мысалы, микроскопты қолдану) немесе жалпы (мы
-
салы, заңдылықтарды бақылау) болуы мүмкін. Сенім (діни және за
-
йырлы) – бұл шындыққа жанасымды, жанасымсыз екеніне қарамастан,
адамдар ақиқат деп танитын наным. Көзқарас адамдардың басқаларға,
заттарға немесе жағдайларға өз ойы мен сезімі арқылы қалай жауап
беретінін сипаттайды. Бұл – құндылықтар мен жеке қасиеттердің ай
-
қын көрінісі (DES, 1985: 41). Кац пен Ратстың (1985) айтуынша, диспо
-
зицияның көзқарастан айырмасы: диспозиция – байқалған әрекеттер
жиынтығын құрайды, ал көзқарас – әрекет етуге дейінгі диспозиция.
Қорытындылай келгенде, ұғымдар – абстракция процесінде алынған
жалпы идеялар. Олар адамдарға білім мен тәжірибені ұйымдастыру
-
ға көмектеседі. Ұғымдарды былай жіктеуге болады: кеңістік, уақытқа
қатысты сандық, сапалық, әлеуметтік-эмоциялық. Көліктің тиімді жұ
-
мысы оның дөңгелектерінің жағдайына байланысты. Сонымен қатар
ол жүргізушінің тәжірибесі (кәсіби дамуы), өзін-өзі тануы және алдағы
жүріп өтетін жолды сана-сезімімен болжап отыруы, жылдамдықты кө
-
теру ережелерін және жалпы көлік жүргізу жағдайына (сыртқы орта)
да байланысты реттеледі. Көлік қозғалтқышы ұсынатын диспозиция
-
лар мұғалімдерге алға жылжуға мүмкіндік береді (2.4-сызба).
Мұғалімнің шеберлігі әбден шыңдалған кезде, күн сайын Коста
мен Калликтің ақыл-ой дағдыларын көрсететін болады. Мысалы, мұ
-
ғалім өз мақсаттарына жету жолында күн сайын үздіксіз еңбек етуі
үшін табандылық қажет. Табанды мұғалім жаңа ұғымды немесе дағды
-
ны үйретудің көптеген стратегияларын қолдана алады, оқушылар оны
бірден қабылдай алмаса да, еңсесін түсірмейді. Сол сияқты табанды
мұғалім келеңсіз жағдайдан шығуда жанжалды шешу тәсілдерін қол
-
дануын тоқтатпайды, ол оқушылардың бұл стратегияларды игеруіне
уақыт қажет екенін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: