Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет7/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

The Perfect Lesson
(Мінсіз сабақ, Beere, 2012), 
Outstanding 
Teaching, Outstanding Learning, Outstanding Leaders
(«Үздік оқыту»,
«Үздік оқу», «Үздік көшбасшылар», Hannan, 2012), The Classroom
X-
Factor
(Сыныптағы X-фактор, White and Gardner, 2012), 
Outstanding 
Teaching
(Үздік оқыту):
Engaging Learners
(Оқушыларды қызықтыру, 
Griffiths and Burns, 2012) және 
100 Things Awesome Teachers Do
(Мұға
-
лімдер жасаған 100 керемет, Emeny, 2012) cияқты атауларға толы 
«ерекше» жыл болды. Үкімет жетілдірілген «Келер ұрпақтың үздік мұ
-
ғалімдерін даярлау» стратегиясы арқылы педагогикалық білім беру 
саласын басты назарда ұстады (DfE, 2011), ал Қауымдар палатасы ең 
жақсы ұстаздармен бірге: Үздіктерді тарту, оқыту және басқа жаққа жі
-
бермеу жағын саралады (House of Commons Education Committee, 2012). 
Osiris Education сияқты компаниялардың үздік оқыту бағдарламалары 
мен конференциялары, сондай-ақ Зерттеулер мен мәліметтерді білім 
беруде пайдалану орталығы (Curee) сияқты ұйымдар дайындаған озат 


Кіріспе 
12
оқытушылар мен мектептер туралы есептер ұсынылды. Мысалы, Белл 
мен Кординглидің айтуынша (2014), жоғары нәтиже көрсеткен мек
-
тептерде кәсіби дамуды негіз еткен бірізді саясат жүргізе отырып, оқу
-
шылардың жетістіктеріне баса назар аударады. 
Кітаптың мақсаты – педагогикалық мамандықта оқитын студент
-
тер мен еңбек жолын енді бастаған мұғалімдерге бастауыш мектептегі 
білім беру ұғымы мен тәжірибесін жан-жақты таныстыру. Бұл теория 
мен практиканы төмендегі функциялар арқылы тұтас қарастыра оты
-
рып, жылдам талқылауға арналған: 
„
көкжиегімізді кеңеи�теи�ік – берілген тақырып бои�ынша оқушының 
білімі мен түсінігін тереңдету; мысалы, танымал адамдар рецензия
-
лаған журналдар мен интернеттегі мақалаларды оқу арқылы; 
„
ои�түрткі – оқушыны жеке құндылықтар мен идеялардың тақырып
-
қа қаншалықты қатысы бар екені туралы ои�лануға жетелеу; 
„
озық тәжірибемен танысаи�ық – үздік стажерлар мен оқытушылар
-
дың тәжірибесімен танысу; 
„
халықаралық көзқарас – оқушыда салыстырмалы түсінік қалыптас
-
тыру үшін әлемнің түкпір-түкпірінде жүргізілген зерттеулерге жүгі
-
ну; 
„
оқыту практикасындағы сын сағат – оқушыны шынаи�ы өмірдегі оқу 
жағдаи�ында кездесетін мәселелерді қарастыруға шақыру. 
Бұл кітаптың негізгі нысаны – кіші мектеп жасындағы оқушылар 
(5–11 жас). Балалық шақтың ерте кезеңі көбіне мектепке дейінгі бі
-
лім беруге байланысты, алайда бұл кезең міндетті мектеп жасын да 
қамтиды. Англияда «Қалыптастырушы кезең» 0–5 жас аралығындағы 
балаларды қамтыса, Уэльсте қалыптастырушы фаза («кезең» емес) 
3–7 жасқа дейін созылады, ал Солтүстік Ирландияның бүлдіршіндері 
қалыптастырушы кезеңді 3–5 жаста өткерсе, Шотландияда бұл кезең 
бала дүниеге келмей-ақ басталып, үш жаста аяқталады да, жетілдіруге 
арналған оқу бағдарламасы арқылы жалғасады (3–18). Жалпы, бала
-
лық шақтың ерте кезеңі қашан басталып, қашан аяқталатынын анық
-
тау қай кезде де оңай болмаған. Халықаралық ортақ келісімге сәйкес 
балалық шақтың ерте кезеңі ретінде баланың туғаннан 8 жасқа дейін
-
гі дағдарыс фазасы қарастырылады (Уоллес, 2008). Қажетінше, бұл кі
-
тап бастауыш сынып мұғалімдерінің назарын 3 жастан 6 жасқа дейінгі 
балалардың ерте балалық шақ кезеңіне арналған үздік тәжірибелер
-
дің негізгі принциптеріне аударады. Олар мыналарды қамтиды: 
„
балалардың ерте жас кезеңінде физикалық, интеллектуалдық, эмо
-
циялық және әлеуметтік тұрғыдан тез дамитынын түсіну; 
„
өзіне көңіл бөлінетінін, қауіпсіздігін және бағаланатынын барлық 
балалардың сезінуіне жағдаи� жасау; 


Кіріспе 
13
„
балалардың бұрыннан білетін және істеи� алатын нәрселеріне
сүи�ену; 
„
балалардың ересектер көрсеткен іс-әрекетпен аи�налысуына, сон
-
даи�-ақ өз бетімен әлемді тануына жағдаи� жасау; 
„
басқа мамандармен және ата-аналармен тығыз баи�ланыс орнату; 
„
кіші мектеп жасындағы балаларды оқуға ынталандыру әрі қызық
-
тыру үшін мақсатты түрде қажетті оқу бағдарламасын даи�ындау; 
„
кіші мектеп жасындағы балаларды бақылап, қажетінше жауап беру. 
Сонымен, бұл кітаптың басқа кітаптардан айырмашылығы неде? 
Бұған бірнеше жауап бар. Біріншіден, мұғалімнің кәсіби міндеттеме
-
лерінің негізгі бағыттары – жоспарлау, оқыту, мінез-құлықты басқару 
және бағалау бойынша анықталған жоғары сапалы жұмыс түрлерін 
жалпылама ұсынады. Екіншіден, ол Біріккен Корольдіктің әртүрлі бө
-
ліктеріндегі, сондай-ақ қажетінше халықаралық деңгейдегі саясат пен 
тәжірибеге сүйенеді. Үшіншіден, бұл кітап жас мұғалімдерді де, тәжіри
-
белі ұстаздарды да қызықтыра алады. Қорыта айтқанда, кітаптың көп 
нәрсені қамтитынын ескерсек, оқушыға өзі қызығушылық танытқан 
белгілі бір бағыт бойынша толық сілтемелер берілген. 
Кітапта көтерілетін бірінші сұрақ: «Үздік оқытуды қалай анық
-
тауға болады?» Бұл саясаткерлердің, БАҚ өкілдері мен ғалымдардың 
қызығушылығын тудырып отырған тақырып (Turner-Bisset, 2001; 
McLaughlin and Burnaford, 2007). «Outstanding» сөзінің өзі егінінің көп
-
тігімен ерекшеленетін фермерге қатысты қолданылған, басқаша айт
-
қанда, ерекше тұлғаға қатысты айтылған. Кейбір стажерлар мен тәжі
-
рибелі оқытушылар әрдайым үздік болуға ұмтылады, бәлкім кемел
-
денудің бірден-бір жолы осы деп ұғатын шығар. Шын мәнінде, үздік 
оқыту дегеніміз – қашанда жақсы оқыту деген сөз. Келли айтқандай
(2008: 64), «Тіпті жұмысына берілген мұғалімнің өзі күнде-күнде әр ми
-
нут сайын баланың бәріне керемет әсер қалдыра алмайды. Абсолютті 
монарх болмайтыны сияқты кез келген адам кемелденген ұстаздыққа 
жете алмайды». 
Бірінші тарауда үздік оқыту туралы тұжырым жасаудың әртүрлі 
жолдары қарастырылған. Көпшілік тұлға ретінде дараланып тұрған 
мұғалімді ең жақсы мұғалім ретінде таниды. Харизмасы бар ондай 
мұғалімдердің өз аурасы болады, олар көбіне фильмдер мен әдебиет
-
терде өз ісіне берілген, үйретуге құштар, қамқор адам ретінде бейне
-
ленеді. Жақсы мұғалім болып туа ма, әлде жүре келе қалыптаса ма де
-
ген сауал бұрыннан қойылып келеді (Brandt and Gunter, 1981; Scott and 
Dinham, 2008). Шайдекер мен Фримен (1999) «Мұғалімдердің барлығы 
дерлік қалаған қасиетті бойына сіңіре алады» деген тұжырым жасай
-
ды. Оқыту сапасын бағалаудың балама үлгісі әлдеқайда іскерлікке не
-
гізделген құрылымдарды қолданады. Мұнда мұғалімдерге келісілген


Кіріспе 
14
құзіреттіліктер бойынша жоспарлау мен сыныпты игеру сияқты мә
-
селелерге байланысты баға беріледі. Мұғалімдер ойлы әрі өзіне-өзі 
сын көзбен қарау қажеттігі жайлы тұжырымның негізі жоғары оқу 
орындарының оқытушылары арасында айтарлықтай қолдауға ие бол
-
ған үздік тәжірибе туралы пікірталас қалыптастырудың үшінші мо
-
делінде жатыр (Calderhead and Gates, 1993; Zeichner and Liston, 1996; 
Cowan, 2006; Campbell and Norton, 2007; Pollard, 2008; Paige-Smith and
Craft, 2011). Бұл модельдердің бір-біріне қайшы келуі міндетті емес. 
Оқыту туралы пікірлердің қалыптасуына ықпал ететін ауқымды фак
-
торлар бар. Бағалаушылар түсіндіру мен ресурстарды дайындау (құзі
-
реттілік моделі) секілді белгілі бір техникалық дағдыларды ескереді. 
Сонымен қатар презентацияның қызықты болуы, мұғалімнің жақын
-
дығы, қажет жерінде әзіл-оспақты қолдануы, жалпы ынта мен мұғалім
-
нің өзін-өзі ұстауы (харизмалық модель) бақылауға әсер етуі мүмкін. 
Қорыта келгенде, бақылаушы мұғалімнің баға берушіге жауап беруін, 
өзін-өзі бағалау сапасын немесе оның сабақ уақытында қалай «ойла
-
нып жүретінін», мысалы, кездейсоқ жағдайда өз бағытын қалай өзгер
-
тетінін (рефлексиялық модель) назарда ұстайтын болады.
Соңғы 30 жылда немесе одан көп жылдар бұрын жүргізілген зерт
-
теулер нәтижесіне қарап, жақсы стажер мен тәжірибелі мұғалімнің 
не ойлайтыны, не айтатыны және не істейтіні жайлы білуге болады 
(Easterly, 1983; Gipps et al., 2000; Morehead et al., 2003; Moore, 2004; 
Hudson, 2008; Samimi, 2008). Тіпті Қауымдар Палатасының Білім Ко
-
митеті үкіметті үздік оқытушылардың сапалық көрсеткішіне, сон
-
дай-ақ ғылыми дәреже мен нәтиже арасындағы ықтимал байланысқа 
қосымша зерттеу жүргізуге шақырды (House of Commons Education 
Committee, 2012). Бұл бастауыш білім беру жүйесіне мамандарды қа
-
былдау талаптарын жоғарылатып, білім деңгейі жоғары бітірушілерді 
тарту үшін жасалып отыр (DfE, 2011). Тек Уэльстің өзінде мұғалімдер
-
дің жартысына жуығы 2:2 немесе одан да төмен деңгейге ие. Әрине, 
академиялық біліктіліктің маңызды екені рас, алайда мұғалімге қажет 
жалғыз құндылық бұл емес, ең бастысы, балалармен жақсы тіл табы
-
сып, оларды шабыттандыру. 
Жоғары деңгейде жұмыс істейтін мұғалімдердің алғыр, жинақы, 
ықыласты, үйретуге құштар, өз ісінің нағыз шебері болатынын білеміз. 
Қарапайым тілмен айтқанда, мұғалімдер екі нәрсені іске асырады: оқу
-
шылардың оқудағы негізгі мақсатқа жетуін қамтамасыз етуге ұмтыла
-
ды және ұзақ уақыт бойы оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын 
оятып бағады (Brundrett and Silcock, 2002). Алайда Дэй мен басқалар
-
дың айтуынша (2007: 2), шынайы берілу мен тұрақтылық жоғары дең
-
гейде оқыту үшін аса қажет болғанымен, «былайғы құбылмалы өмірде 
олардың қаншалықты қолдау табатынын білмейді». Үздік мұғалімдер
-
дің бойындағы жеке және кәсіби қасиеттердің өзара үйлесім табуы
2, 3-тарауларда баяндалған. 


Кіріспе 
15
4-тарауда оқушылардың еркін ойлауы арқылы анықталатын ша
-
быттандыра отырып оқыту жайлы сөз болады. Құмарлық пен ынта-жі
-
гер үздік мұғалімдердің басты қасиеті саналады. Олар оқушылардың 
қызығушылығы мен идеяларын пайдалануды көздейтін, сондай-ақ 
олардың білуге деген ынтасын арттырып, жоғары деңгейдегі ойлау 
дағдыларын дамытуға бағытталған «оқу бағдарламасына» қарағанда 
«оқушыға бағытталған». Олар оқушыларға қауіпсіз, оңтайлы, алайда 
қиын жағдай туғызу арқылы тәуекелге баруға мүмкіндік береді. Алай
-
да кейбір мектептерде мұғалімдер өзінің оқу бағдарламасының мазмұ
-
нына байлаулы екенін сезінетіні жасырын емес, ал бұл көп жағдайда 
олардың жұмысқа деген ықыласына кері әсер ететіні сыртқы бағалау
-
лар арқылы анықталып отыр (Deakin-Crick, 2005).
Оқу бағдарламасы мен білім мәселелері 5-тарауда талқыланады. 
Оқу материалын басқаларға түсіндіру үшін оның негіздемесін мұға
-
лімнің өзі де білуі шарт. Сонымен қатар олар жалпы оқу бағдарла
-
масы өзгеріп кеткен жағдайда, балалардың оқу материалын қалай 
меңгеріп, қалай тәжірибе қалыптастыратынын білуі керек. Соңғы 
жылдары Біріккен Корольдіктің барлық аймағында оқу бағдарлама
-
ларына айтарлықтай өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, 2014 жылы 
Англияда жаңа Мемлекеттік оқу бағдарламасы қабылданып, оның 
салдары әлі байқалуда. 
6-тарау ағылшын, математика және жаратылыстану пәндерін оқы
-
тудың заманауи мәселелеріне арналған. Сауат ашу мен санау қай кезде 
де бастауыш оқу бағдарламасының түпқазығы болған. Мұғалімнің оқу
-
ды, жазуды және санауды үйрету бойынша түпкілікті білімінің болуы 
өз ісінде табысты болуы үшін өте маңызды. Математика сияқты жара
-
тылыстану пәндерін оқытудың ең тиімді жолы – оқушыларды тақы
-
рыптың өз өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсететін зерттеу
-
лер жүргізуге тарту. Мұғалімнің пән бойынша арнайы білімінің болуы 
қашан да маңызды, ал үздік мұғалімдер сол білімін оқушыларға жеткі
-
зудің оңай жолын да біледі. Профессор Джон Хэтти мен оның әріптес
-
тері жүргізген соңғы жылдардағы мета-зерттеулер балалардың үлге
-
рімі мен оларға оқуды үйретуге баса назар аударылуына себеп болды 
(Hattie, 2009; Hattie and Yates, 2013). «Оқыту туралы ғылымның» осын
-
дай тұжырымдары бірқатар тарауда сараланған. 
Сандық педагогиканы дамытудың маңыздылығы 7-тарауда айтыл
-
ған. Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 
(АКТ) оқушылар білімін дамытып, қазіргі жаңа әлемге қажет дағды
-
лармен қаруландыратынын жақсы түсінуі керек. 8-тарауда негізгі пән
-
дер мен діни білім беруді жетілдіру жолында ауқымды әрі теңгерімді 
оқу бағдарламасын ұсынудың қиындықтары қарастырылады. Ричардс 
(2001) бастауыш мектептің пәндер бойынша оқу бағдарламасындағы 
өзгерістерді сипаттау үшін оны футбол ойынына теңейді. «Премьер 
лига» ағылшын және математикамен шектелген, жаратылыстану, діни 


Кіріспе 
16
білім беру, АКТ пәндері «алдыңғы құрамды» құраса, ал қалған қосым
-
ша пәндер екінші, үшінші қосалқы құрам саналады, сөйтіп тұрақты да
-
муды көздейтін білім беру саласы «лигалық емес» деңгейге түседі. Оқу 
бағдарламасына қатысты бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі 
мәселенің бірі – мұғалімнің пәнді терең әрі жан-жақты білуі. 
9-тарауда үздік мұғалімдердің сабақты жоспарлау мен оған да
-
йындалу кезінде балалардың тәжірибесі мен идеяларын қалай басшы
-
лыққа алатыны сипатталады. Олар оқушылардың түрлі бастапқы көр
-
сеткіштерін ескере отырып, олардың қызығушылығын арттыру үшін 
қолындағы кез келген ресурсты (тіпті қосымша қолдау көрсететін 
ересектерді) пайдалануға тырысады. Сабақты мұқият жоспарлау мен 
дайындық – үздік оқытудың негізі. Жақсы мұғалім жоспарды оңтайлы
қолдануға бейім, ол өзінің оқытудағы мақсатын саналы түрде түсінеді, 
бірақ бұл оның сабақтағы кездейсоқтық пен жаңаша серпіннің пайда 
болуын шектеуіне жол бермейді. 
10-тарауда оқушылардың әртүрлі қажеттіліктері кең ауқым
-
да, жан-жақты қарастырылады. Онда соңғы уақыттағы арнайы және 
инклюзивті білім беру саласына шолу жасалады. Мұғалімдер белгілі 
бір оқушы топтарының, айталық, қабілетті немесе дарынды оқушы 
ретінде мойындалған балалардың талабын қанағаттандыруға тиіс.
11-тарауда қарым-қатынас дағдыларына, әсіресе мұғалімнің сабақты 
тиімді түсіндіріп, сұрақ-жауап немесе пікірталас ұйымдастыра алаты
-
нына ерекше көңіл бөлінеді. 
12-тарауда бастауыш мектеп мұғалімдері жиі бетпе-бет келетін 
мәселе, атап айтқанда, балалардың мінез-құлқын қалай «басқаруға» 
болатыны қарастырылады. Онда тәртіпсіздіктің себептері мен түрле
-
рі, мотивацияның маңыздылығы, сабаққа келуді қалыптастыру және 
буллинг секілді маңызды мәселелерді қалай шешу керектігі туралы ай
-
тылады. 13-тарауда мұғалімнің бақылау, бағалау, есепке алу және есеп 
берудегі міндеттері сөз болады. Онда мұғалімнің оқуды жақсарту үшін 
бағалауды қалай қолдануы керектігі қаралады. Сонымен, 14-тарау үз
-
діксіз кәсіби даму тұрғысынан алғандағы мұғалімнің зерттеуші ретін
-
дегі рөлін сипаттайды. Сондай-ақ онда сыныпта не болып жатқанын 
түсіну үшін қолдануға болатын құралдар айтылады. 
Педагогикалық зерттеулер, әсіресе тәжірибелі мамандардың өзі 
жүргізген (практикалық) зерттеулер оқытудың бағытын анықтауға 
көмектеседі. Кәсіби деңгейін көтеруде практикалық дағдыларды өз 
сүзгісінен өткен ғылым жетістіктерімен ұштастыра білген мұғалім 
ғана жоғары нәтиже көрсете алатыны халықаралық зерттеулер ар
-
қылы дәлелденген (Musset, 2010). Білім берудің өз тілі бар, оны бас
-
қа саланы айтпағанда, бір мектеп ішінде түсініп, қолдану оңайға соға 
бермейді. Мұғалімдердің бір тобынан олардың түсінігіндегі «мақ
-
сат», «қабілет» немесе «бағалау» дегеннің не екенін сұрап көріңізші.
Біріккен Корольдік аумағында оқу бағдарламасының сипаты мен


Кіріспе 
17
құрылымында аймақтық айырмашылықтар бар. Терминдерді нақ
-
тылау үшін әр тарауда негізгі ұғымдар мен глоссарийлер ұсынылған, 
бірақ оқушы белгіленген анықтамалық жұмыстарға жүгінгені жөн
(e.g. Hayes, 2005; Wallace, 2008; Hayes, 2009). Әр тарау соңында сенімді 
әрі қажетті уеб-сайттарға сілтемелер жасалған. 
Біріккен Корольдік аумағындағы практиканы сипаттауда өзімшіл
-
дікке салынып, мәтіннің кей тұсында қандай да бір елге зиян келтіруі
-
міз мүмкін. Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиядағы 
білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Солай болған жағдай
-
да, мысалы, оқу жоспары мен бағалау талаптарына қатысты жағдайлар 
белгіленіп көрсетілді. Алайда бастапқы дайындық аяқталғаннан кейін 
тағылымдамадан өтуші мұғалімдерден талап етілетін нәрселер және 
қажетті құзіреттіліктер моделі мен стандарттар арасында ұқсастық
-
тар бар. Шотландияда Алдын ала тіркеу стандарты (SPR) алғашқы пе
-
дагогикалық білім алған жас мұғалімдерге (тағылымдаман өтушілер)
Шотландия бойынша жалпы білім беру кеңесіне (GTCS) алдын ала тірке
-
луге ниет білдірген соң үміткер болуына мүмкіндік береді. Жас мұғалім
-
дер SPR-ге ие болғаннан кейін, олар толық тіркеу стандартына (SFR) – 
барлық мұғалімдерге арналған мұғалім құзіреттілігінің стандартына 
қол жеткізеді. Солтүстік Ирландияда да, Уэльсте де кәсіби құзіреттілік
-
тердің кең ауқымы мен білікті мұғалім мәртебесінің (QTS) стандарты 
кәсіби құндылықтар, білім, таным, оқыту бойынша белгілі негіздерді 
қамтиды, алайда әрқайсысы 27 және 35 субстандарттан тұрады (GTCNI, 
2007; DCELLS, 2009). 2012 жылы Уэльсте біліктілігі жоғары жас мұғалім
-
дерге арналған магистрлік бағдарлама енгізілгеннен кейін, олар мұға
-
лімдердің біліктілігін арттырудағы үйлесімділікті көрсету үшін жақын 
арада қайта қаралуы мүмкін. Англияда тағылымдамадан өтушілер де, 
қызмет ететін ұстаздар да мұғалімдерге арналған жалпы стандартқа
сәйкес бағаланады (DfE, 2013). Провайдерлер тағылымдамадан өтуші
-
лерді «білікті мұғалім мәртебесін (QTS) алғанға дейін көрсететін нәтиже
-
леріне сәйкес бағалауы керек» (DfE, 2013: 3). Жақында өткен Коалиция
үкіметінің дискурсы мұғалімдерді оқытудан гөрі «жұмыс барысында» 
үйретуге баса назар аударды. Хейс (2011: 20) «енді ғана білім алып шық
-
қан мұғалімнің қайта оқығысы келетініне» күмәнмен қарайды. 
Білім беру жүйесіндегі кемшіліктердің үкіметке қалай әсер ететі
-
ніне қарап, Біріккен Корольдік бойынша педагогикалық білім берудің 
қатаң саяси бақылауға алынатынын аңғару қиын емес (DENI, 2010; 
DfE, 2010; Redford and Edwards, 2011; Tabberer, 2013; Million+, 2013). 
Секторда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр, оған мыналар кіреді: 
„
Мектеп мұғалімдерін даярлау School Direct және Teach First бағдарла
-
малары арқылы жүргізіле бастады; 
„
Университет оқытушыларын даярлау мен оған жұмсалатын қаржы 
қысқартылды; 


Кіріспе 
18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет