Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет141/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

5.1-
КЕСТЕ
Білім типтері 
Типі
Қашан болатыны
Жалпы мысал
Нақты мысал
Декларативті («не 
екенін білу») 
Фактілерді, даталарды, 
сандарды, символдарды
сөздерді еске түсіру
Күзден соң қыс 
келеді
Генри VII алғашқы 
Тюдор патшасы 
болды (тарих) 
Процедуралық 
(«қалай білу»)
Проблемаларды шешу 
стратегияларын қолдану
Велосипедті қа-
лай тебеді
Шаршының ауда-
нын қалай есептеу 
керек (математика) 
Шартты («қашан 
және неге екенін 
білу?»)
Білімді контексте қолдану Қашан көмек сұ-
рау керек
Деректер базасын 
(АКТ) қашан қол-
данған дұрыс


Кәсіби білім мен түсінік 
185
Мұғалімдердің сараптамалық білімі
Педагог-психолог Ли Шульман (1986, 1987) тәжірибелі мұғалімдер
-
дің не білетіні туралы түсінігімізді жетілдірді. Ол «
білімнің педагоги
-
калық мазмұны
» (БПМ) деген ұғымды енгізді, мысалы, жақсы мұғалім
-
дер түсіндіру, иллюстрациялар мен метафоралар арқылы тақырыптың 
мазмұнын оқушыларға түсінікті етіп жеткізе алады. Шульман мен оның 
әріптестері арнайы білімі бар студент-мұғалімдердің балаларды білім
-
ді есте сақтауға негізделген мазмұнды «жеткізуге» емес, оқушыларды 
өз идеяларын бөлісіп, дамытуға бағыттауға ұмтылатынын байқаған 
(Grossman 
et al.,
1989). Шульман мұғалімдердің білім базасын түсіну
-
дің кілті – мазмұн мен 
педагогиканың
өзара жымдасуында деп білген. 
Қауіпсіз БПМ-ға қол жеткізген мұғалімдер («қолөнер білімі» деп те ата
-
лады) «нені», «қалай» оқытуды жақсы үйлестіре алады. Олардың жыл
-
дар бойы қалыптасатын кемелдігі педагогика, оқушылар, пән мен оқу 
бағдарламасынан құралады.
Жас мұғалімдермен салыстырғанда тәжірибелі мұғалімдердің бі
-
лім базасы үлкен, сондықтан олардан көп нәрсе үйренуге болады. Мә
-
селен, олар өзара байланысты 
схемаларды
тиімді пайдалану арқылы 
оқытуды ұтымды ұйымдастыра алады. Тәжірибелі мұғалімдердің жас 
мұғалімдерден қандай айырмашылығы бар екенін анықтау үшін жүр
-
гізілген зерттеулер, бастапқылардың соңғылардан тек көп білетінімен 
ғана ерекшеленбейтінін көрсетті. Кез келген саладағы тәжірибелі ма
-
ман түсінігі белгілі бір принциптер немесе негізгі идеялар төңірегінде 
қалыптасады (Glaser, 1999). Бұл өз кезегінде олардың тиянақты білім 
алуына көмектеседі. Тәжірибелі мұғалімдер өз пәнін жақсы біледі, сон
-
дай-ақ жаратылыс туралы өз білімін дамытуды, өзгертуді, байланыс
-
тыруды жоғары деңгейде жүргізеді. Бір зерттеу жобасында тәжірибелі 
тарихшылар тобына жоғары сыныптың дарынды оқушыларымен бір
-
дей тапсырма беріледі. Тапсырма оқушылар өтіп жатқан курс бойынша 
Америка тарихына қатысты дайындалады. Бұл Азия мен ортағасыр та
-
рихы бойынша маманданған тарихшылардың құзіретінен тыс болатын. 
Тарихшылардың оқушылар секілді базалық білімі болмаса да, олар өз 
ноу-хаулары немесе процедуралық білімінің арқасында, мысалы, ескі 
құжаттардан нені қалай іздеу керектігін білетіндіктерінен жақсы нәти
-
же көрсетті (Petty, 2006).
Тәжірибелі мамандар арнайы білімі болғандықтан, пайымдай ала
-
ды. Олар «чанкинг» секілді ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтау процесін 
жақсы меңгерген. Бұған олардың материалмен таныстығы көмектесе
-
ді, өйткені еске сақтау қайталау арқылы күшейе түседі. Қарапайым мы
-
сал ретінде, кәдімгі автокөлікпен саяхаттауды айтуға болады. Мәселен, 
кейбіреулер жүріп өткен жол атауларын есіне түсіре алмауы мүмкін, ал 


Кәсіби білім мен түсінік 
186
кенет бағыт есіне түскендей болса, онда өзін «автопилот» сезінері анық. 
Таяуда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, чанкинг техникасы қиын жұ
-
мыс қана емес, туа біткен қабілет болуы мүмкін. Мысалы, 14 айлық сәби 
жасырылған ойыншықтарды есіне оңай сақтайды, түріне қарай бөлініп 
жиналған ойыншықтар балалардың жадында тез жатталады (Feigenson 
and Halberda, 2008).
Кейде тәжірибелі мамандар заттарды барынша қарапайым етіп 
көрсетеді. Тәжірибеге қол жеткізу үшін уақыт пен еңбекті аямау қажет, 
оны балалар бірден түсіне қоймайды. Сондықтан көздеген нәрсесіне тез 
қол жеткізе алмағанына ызаланады. Сол үшін мұғалімдер оқушыларды 
білім алуда, тәжірибе жинауда табандылық танытуға шақыруы керек. 
Тәжірибесі бар адам өз жинаған білімін белгілі бір мәселені шешуде 
қолдана алады, сөйтіп, мақсатының айқын, бағытының дұрыс екенін 
көрсетеді. Олар «өзін-өзі дамыта алады», яғни мақсатқа жету жолын
-
дағы қадамдарын қадағалап отырады, қашан артқа шегіну керектігін 
және сәті келгенде қалай ілгері басу қажет екенін ойластыра алады. Тә
-
жірибесі бар адам мәселенің түрлі қыры бар екенін біледі және әдетте 
өз іс-қимылын дұрыс анықтай алады.
Өкінішке қарай, жас мамандардардың тәжірибелі маманға тән бі
-
лімге қалай қол жеткізуге болатыны белгісіз. Бір қиын жері – тәжірибе
-
лі оқытушылардың процедуралық білімі көп жағдайда көзге түсе бер
-
мейді, табиғатынан елеусіз, алайда тәжірибе арқылы беки түседі. Бұл 
сабақта байқау мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және рефлексиялық 
практика қағидаттарын дамыту маңыздылығын арттырады. А.Гэй мен 
К.Гэйдің (1998) пікіріне сүйенсек, рефлексия зерттелген тәжірибенің 
мәніне күмән келтіретін «әңгіме» іспетті. Мұғалімдер өз іс-әрекетіне си
-
паттама беріп, түсіндіруге және негіздеуге тырыса бастаса, тиісті нәрсе 
ретінде қабылданған құндылықтар мен практикаларға күмән пайда бо
-
лады («рефлексиялық бұрылыс»). Есепке алу процесінде рефлексияға 
талдау жасалады, алайда оқыту мен оқу аспектісіне жүйелі түрде күмән 
келтірілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет