Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары
478
қолдайды (11.7-қосымша). Екінші тілді меңгеру онымен айтарлықтай
сапалы қатынас орнатуға байланысты (Mehisto, 2012).
Мұғалімдерге ағылшын тілін жетік білмейтін оқушылармен қа
-
рым-қатынас жасауға көмектесетін материалдар күн өткен сайын ар
-
тып келеді. NALDIC, инспекциялар мен мемлекеттік уеб-сайттар сияқ
-
ты ұйымдар ұсынатын ресурстарды қолданған жөн.
«Excellence and
Enjoyment»
атты біліктілікті арттыру модульдерінің сериясы:
Бастауыш
білім беру негізінде
бастауыштағы қостілді балаларға арналған оқу
мен оқыту ісі
(DfES, 2006) жан-жақты қамтылған нұсқаулық дайындал
-
ды, қазір онымен Ұлттық мұрағаттың уеб-сайтында танысуға болады.
Education Scotland уеб-сайты озық тәжірибелерге негізделген кейстер
ұсынады. Глазго балабақшаларының бірінде ерікті ата-аналар (бұрын
және қазір) мен қостілді тәрбиеленушілер мандарин, поляк және урду
тілдерінде бейнематериал дайындап келеді. Сондай-ақ
мектепте фото
-
суреттер мен қызметкерлер есімі және
ағылшын тіліндегі, оқушылар
-
дың ана тіліндегі қарапайым жазбалары бар тілдік қарым-қатынасқа
арналған папкалар қолданыла бастады.
Олар оқу, күнделікті өмір және
денсаулық мәселелерін қамтиды. Жаңадан келген пана іздеушілерге
мамандандырылған педагогикалық қолдау жергілікті билік ресурста
-
рына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Оқушыларды базалық
ағылшын тілімен таныстыру өнер, драма, санау дағдылары және ғы
-
лым сияқты әртүрлі контексте, сондай-ақ қостілді оқыту материалда
-
ры, көрнекі құралдар және сөйлейтін кітаптар сияқты арнайы ресурс
-
тар арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: