Мінез-құлықты
басқару
Тарау мақсаттары
Тарау соңында меңгеретініңіз:
Балалардың мінез-құлқын анықтау және мұның неліктен басқа да
адамдарға қатысты екенін түсіндіру.
Мінез-құлықты басқару теориясы мен моделіне сыни пікір аи�ту.
Теріс мінез-құлық негізгі салдары мен түрлерін түсіндіру.
Мұғалімнің құзіреті мен құқығын және жауапкершілігін түсіндіру.
Беи�әдеп мінез-құлыққа қалаи� жауап беруді ои�ластыру.
Біз кері кеткен заманда өмір сүріп жатырмыз. Жастар ата-аналары мен үл
-
кендерді сыйлаудан қалды. Әдепсіз, ашушаң. Олар ішімдікке әуес және өз-өз
-
дерін ұстай алмайды.
(6 000 жылдық Ежелгі Мысыр қазбаларындағы жазу)
Қазіргі жастар тек қара басының қамын ойлайды. Ата-аналары мен үлкен
кісілерді құрметтеуден қалып барады. Қыздарға қатысты айтар болсақ,
олар тік мінезді әрі дөрекі. Сөз саптаулары мен жүріс-тұрысы, киім киісі қыз
балаға сай емес.
(Дәруіш Питердің айтқан сөзі деседі, 1274)
Кіріспе
Жоғарыда келтірілген сөздер үлкендердің жастарға мыңдаған
жылдар бойы көңілі толмай келгенін көрсетеді. Байрон (2009) мұның
қазіргі заманда эфебифобия (жастардан қауіптену) мен педофобия
(балалардан қауіптену) көзқарасын тудырып отырғанын, мұғалімдер
Достарыңызбен бөлісу: |