Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет44/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Рефлективті құралдар
Өзіндік сана-сезімді жетілдірудің маңызды құралы – үнемі рефлек
-
сия жүргізу. Биггс пен Тан (2007) көрсеткендей, «рефлексия» сөзінің 
өзі адамды жаңылыстырады. Олар «трансформативті рефлексия» тер
-
минін құп көреді:
Сіз айна алдында тұрған кезде бейнеңіздің дәл сол уақытта қан
-
дай екенін ғана көре аласыз. Трансформативті рефлексия ертегіде
-
гі айна секілді сіздің қандай болуыңыз мүмкін екенін айтып береді. 
Айна қанағаттанарлықсыз нәрсені аса тиімді нәрсеге өзгеруге мүм
-
кіндік беретін теорияны қолданады.
(Biggs and Tang, 2007: 43)
Мұғалімдер журнал, уеб-күнделік (блогтар), онлайн-пікірталас топ
-
тары, видео технологиялар және компьютерлік бағдарламалар сияқты 
рефлективті құралдарды қолдану арқылы өзіндік сана-сезімді дамыта 
алады (Babiuk, 2007). Рефлектив практиканы мұғалімдер 14-тарауда 
талқыланатын өз тәжірибелерінің аспектілерін зерттейтін «қолданба
-
лы зерттеу» (action research) жобалары арқылы да жетілдіре алады.
Рефлективті журналдардың қолданылуы туралы өз пікірін біл
-
дірген Бейн және басқалар (2002: 171) «студенттік журналды оқиға
-
лар туралы қарапайым жазбаларды жариялаумен шектемей, оны оқу 
құралы деңгейіне жеткізу үшін қолданылып жүрген процестер мен 
принциптер жайында білетініміз тым аздық етеді» деп ескертті. Үстірт 
әрі әсерсіз жазуға оң ниет танытпай, құлшынысқа қолдау көрсету бі
-
раз қиындық туғызады. Соған қарамастан рефлективті журналдарды 
пайдалану көптеген университеттерде үйреншікті тәжірибеге айнал
-
ды. Олар студенттерге өздері туралы түсініктерін арттыруға мүмкін
-
дік беретіндіктен құнды. Бірақ тиімді журнал жазу үшін құр ойға шому 
жеткіліксіз. Бұл мұғалімдердің әрекет етіп, шешім қабылдауда жауап
-
кершілікті өз қолына алуға ынталандырады.
Мазмұны мен форматы әртүрлі болғанымен, рефлективті журнал
-
дарға әдетте мыналар кіреді:
„
университетте оқып жүргенде немесе мектепке жұмысқа орналас
-
қанда туындаған жеке және кәсіби қызығушылықтар; 
„
оқуға ниеттенген тақырыпқа немесе тәжірибеге қатысты сұрақтар;
„
топтық талқылауларға немесе тюторлар мен мектеп менторлары 
ұсынған тапсырмаларға жауаптар;
„
оқудың негізгі кезеңдерінің қысқаша мазмұны;


Өзіңді таны
61
„
курс туралы ои�толғам және оның жеке тұлғалардың көкеи�дегісін 
қаншалықты дөп басқандығы
„
қалыптасқан теорияларға саи� туындаи�тын идеялар.
Журналдар немесе күнделіктер ойлар мен сезімдерді нақтылауға, 
оқытуға деген өз көзқарасымен іштей ымыраға келуіне оң ықпал ете
-
тін әдіс ретінде қызмет ете алады. Гайдың көрсетуінше, (2011) журнал 
жазудағы адалдық – бұл өз ішкі әлеміне барынша үңілу, конструктив
-
ті жолмен білгендерін қорытуда өзіне және өз ақыл-ой шегіне деген 
адалдық. 
Рефлективті жазудың сапасын «неліктен» деген сұраққа ден қо
-
йып, туындаған іс-әрекетті түсіндіруге тырысу арқылы жақсартуға 
болады. Рефлективті журналдарды жүргізу тұрғысынан Керри (2008: 
81-22) 3 деңгей бойынша жоғары жылжуға қатысты кеңестер береді:
„
1-деңгеи�: Қарапаи�ым сипаттау күнделігі;
„
2-деңгеи�: Аналитикалық түсініктемелермен толықтырылған күнде
-
лік (сұрақ қою арқылы);
„
3-деңгеи�: Аналитикалық түсініктемелермен толықтырылған күнде
-
лікке оқу мен теорияны қосу.
Жазу құрылымы мен стилі туралы тың ойлар арқылы рефлексия 
сапасын да жақсартуға болады. Жоғары деңгейдегі рефлективті жазу
-
ға еркіндік, анықтық және тартымдылық тән десек те, оның басты си
-
паты – жақындық, белгісіздік және бейресмилік. Алайда бұл бейтаныс 
адаммен ой немесе идея бөлісуде біршама қауіп тудырады және жазу
-
шы мен аудитория арасындағы сенімділік пен ашықтықтың маңызды
-
лығын көрсетеді (Moon, 1999; Cowan and Westwood, 2006). Сабақтың 
бейнежазбаларын қолдану мұғалімдердің өзін-өзі тану қабілетін арт
-
тырады және өз сабақтарын оқушылар сияқты басқа көзқарас тұрғы
-
сынан көруге көмектеседі (Lofthouse 
et al
., 2010).
Рефлективті уақыт мұғалімнің денсаулығы үшін өте маңызды, бұл 
өзімен сөйлесу, дұға қылу, медитация жасау, досымен сырласу, күнде
-
лік жазуы деген сияқтылардан тұрады (Holmes, 2005). «Қарап тұруға» 
уақыт таппайтын мұғалімдер, әсіресе жұмысына берілген ұстаздар жұ
-
мысбастылықтан қатты күйзеліске ұшырауы мүмкін. Кови (2004) реф
-
лексияны «ара қайрауға» теңейді, егер мұғалім ойлануға уақыт таба 
алмаса, онда ол алдындағысын ғана көретін, өтпейтін арасын қайрауға 
уақыт таппайтын ағаш кесуші сияқты болады. Үздік мұғалімдердің өз 
қызметіне тым қатал сыншы болуы жиі кездеседі. Мұның маңызы мұ
-
ғалім балалардың сабақтан не білгенінен гөрі өз кемшіліктеріне баса 
назар аударған кезде артады.


Өзіңді таны
62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет