124
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
жалпы әдіснама кітабын, нақты зерттеу әдісіне арналған кітаптарды (мысалы,
этнография, практикалық зерттеу немесе статистика), әдістер туралы зерттеу
мақалаларын, сіз қолданғалы отырған әдістерге ұқсас әдістерді паи�даланған
зерттеу мақалаларын оқыңыз. Осы кітаптағы оқуға ұсынылған әдебиеттер мен
библиография да сізге керек әдебиетті табуға көмектеседі деп ои�лаи�мын.
Келесі міндет –
әдебиетке шолу жазу.
Бұл зерттеу мен әдебиет арасындағы
баи�ланыс орнату үшін, ең алдымен, ои�ға келетін нәрсе. Әдебиетке шолудың ресми
үлгісі дегеніміз – білім жиынтығын, оның ішінде бұрынғы зерттеудің қорытын-
дыларын, теориялық және әдіснамалық ұсыныстарын сын елегінен өткізу. Ол –
зерттеуіңіздің кеңістігін қалыптастыратын дәлелді шығарма жазудың түрі. Яғни
әдебиетке шолу – кез келген зерттеу жұмысының (грантқа өтініш беру, зерттеу
есебі мен журнал мақаласы да осыған кіреді) бұрынғы зерттеуді қарастыратын
және беделді ғылыми журналдарда жарияланған мақалаларға сүи�енетін міндетті
бөлімі. Барлық диссертациялар әдебиетке шолуды талап етеді, ол өзекті, сыни және
жан-жақты болуға тиіс. Шын мәнінде, әдебиетке үлес қосқысы келетін зерттеуші-
нің сол әдебиетпен қарым-қатынас жасау деңгеи�ін осы бөлім көрсетеді. Әдебиетке
шолуды жақсылап жасаудың қыр-сыры осы тарауда баяндалмақ.
Сондаи�-ақ әдебиеттерді
ғылыми мәліметтердің
Достарыңызбен бөлісу: