141
Әдебиетке шолу
Әр абзацты автордың атын атаумен, яғни «Джонс (2008) былай дейді», «Уонгтың (2002)
пікірінше» және «Смит (2007) былай дәлел келтіреді» деп бастау оңайырақ.
16.
Керек стиль мен екпінді ұстаныңыз
. Яғни тым сыпайылық танытып, құрмет көр-
сетудің керегі жоқ, бірақ шектен тыс сын да айта бермеңіз. Есіңізде болсын,
мақсатыңыз – өз идеяңызды ұсынып, пікір өрбіту, талқылау және білімге үлес
қосу. Өзіңізді қарапайым студент сезінсеңіз, сын айту қиынға түседі. Өзгелердің
еңбегінің кемшілігін теру арқылы бедел жинауға ұмтылсаңыз, шектен тыс сын-
шыл, міншіл әрі еңбектің маңызын бағалай алмайтын адам болып көрінесіз.
17.
Фидбәкті көптеп жинаңыз
. Әдебиетке шолу жасау – күрделі жұмыс. Жетекші қа-
лауын дөп басып табу да оңай емес. Жазу процесін бастап, кері байланыс орнату
үшін соңғы сәтке дейін күтіп отырмаңыз. Жетекшіңізге немесе басқа бір мүдделі
адамға жұмысты бастағаннан-ақ драфт нұсқасын беріп қойыңыз.
18.
Қайта драфтауға дайын болыңыз
. Студент болсаңыз да, кәсіби зерттеуші болса-
ңыз да, екі (немесе үш, төрт) қайыра драфтамай жұмысты бітіруіңіз екіталай.
(Әдебиетке шолу жасаудың жақсы және нашар үлгілерін көру үшін қосымша
саи�ттарды қараңыз ).
Достарыңызбен бөлісу: