Тексеру, нақтылау және талдауды жалғастыру Бақылау зерттеуіңізді рефлективті түрде нақтылау маңызды. Ол үшін сізге мына-
лар қажет:
1. Процесті шолу . Кез келген қиындықты жазыңыз; мысалы, қолжетімділік, жұм-
салған уақыт, адамдардың қатысуы, мәдени «білімсіздік», таспаға/қағазға жазу,
рөлдер, объективтілік.
2. Жазбаларыңызды шолу . Бейне/аудио таспадағы материалды шолу кезінде
қиындық туғызған жайттарды жазыңыз.
3. Растау . Инсайдермен сөйлесіңіз, басқа бақылаушылардан жазбаларды салысты-
руды сұраңыз, бақылау деректеріңізді басқа дерек түрлерімен триангуляциялаңыз.
4. Өңдеу . Бақылау процесіңізге, өзіңіз қолдануға тырысқан растау әрекеттеріне,
жиналған деректердің сапасына сүйене отырып, қайта өңдеңіз.