Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет35/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

 
y
8-тарау
сапалық және сандық әдістер туралы айтады.
 
y
9-тарау
аралас әдіснаманың мүмкіндіктері, қиындықтары мен тәсілдері туралы 
баяндайды.
 
y
10-тарау 
бағалау, әрекетке бағытталған және эмансипаторлық стратегия сияқ-
ты мақсатты тәсілдерді қарастырады.
ДЕРЕК ЖИНАУ. 
Келесі үш тарауда деректерді тиімді жинау әдістері сөз болады. 
y
11-тарау
сіз іздеген дерек иелері – респонденттеріңіз туралы ақпараттар береді, 
сондай-ақ материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, іріктеуді анықтау 
және таңдау әдістері, негізгі ақпарат берушілер мен кейстер туралы мәлімет береді.
y
12-тарау
негізгі дерек жинауда қолданылатын сауалнама мен сұхбат тәрізді әдіс-
тің мүмкіндіктері мен кедергілерін талқылайды.
y
13-тарау
қайталама дерек жинау және олармен жұмыс істеу жолдарын 
баяндайды. 
ДЕРЕК ТАЛДАУ. 
Келесі тарауларда жиналған деректі өңдеу және ұсыну жолдары 
туралы сөз болады. 
y
14-тарау
сандық деректі басқару мен талдау негіздерімен таныстырады. 
Айнымалылардың түрлері, өлшем шкаласы, дескриптив және инференциял ста-
тистика, статистикалық тест таңдау және деректерді ұсыну туралы мәлімет береді. 
y
15-тарау 
сапалық деректерге арналып, сапалық талдау логикасымен және әдіс-
терімен таныстырады; сондай-ақ контент, дискурс, әңгіме, нарративті талдаулар 
және семиотика мен герменевтика сияқты нақты салаларды сипаттайды. Бұл та-
рау сапалық деректерді ұсынуға қатысты мысалдармен аяқталады. 
ЖАЗУДЫ АЯҚТАУ. 
Ақыр аяғында жұмысты аяқтауыңыз керек. 
y
16-тарау
ұзақ уақыт бойы жүрексініп жүрген жазуды аяқтау процесі туралы ай-
тады, ол үшін не істеу керегін сипаттайды; аудиторияны есепке ала отырып, логи-
калық құрылым мен нақты баяндау желісінен ауытқымай, жазу процесіне әңгіме 
ретінде қарауды үйретеді. Мақсат – зерттеу жұмысыңызды жазғанда жобаның 
сапасын жақсартып қана қоймай, міндетіңізді жеңілдетуге көмектесетін практи-
калық стратегиялар ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет