34
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Табысқа жеткіңіз келе ме – іске кірісіңіз.
Марк Твен
Жұмысқа кірісу
Марк Твеннің сөзіне тағы не қосуға болады? Жұмысты бастаудың ең жақсы
жолын білсек қои�, шіркін! Зерттеу жобасын қолға алған студенттің көбі оны
қалаи� бастау керегін ои�лап бас қатырады, кімді көмекке шақырарын білмеи�
қиналады.
Зерттеу өздігінен жүре кетпеи�тіні аи�дан анық. Зерттеу – жоспарлауды, мұ-
қият ои�ластыруды, іске адал әрі табанды болуды талап ететін процесс. Шын
мәнінде, зерттеу тапсырмадан гөрі саяхатқа ұқсаи�ды, кез келген саяхаттағы
тәрізді, оны бастапқы нүктеден соңғы межеге жеткенге деи�ін басқарып, ба-
ғытын түзеп, реттеп отыру керек. Студенттер осы саяхатта адасып кетуден
қауіптенеді. Зерттеу – енді ғана дамып келе жатқан дағды, сондықтан оны
жүргізу туралы ои�лағанда көп студенттің көңіліне күдік ұялаи�ды. Біреу оны
стратегиялық жоспарсыз бастап кетеді, енді бірі жоспарлауға тым көп уақыт
бөледі. Біреудің бастамасы жап-жақсы болғанымен, орта жолда бағыттан таяды,
ынтасы жоғалады. Алдағы міндетті ои�лаған кезде зерттеу жобасын уақытылы
аяқтау зияткерлік қабілетті тексеруден де артық сынақ екенін есте сақтаңыз,
ол сіздің табандылығыңыз бен қаи�сарлығыңызды сын тезіне салады.
Зерттеу саяхатына шыққан кезде жаңа білім өндіру сіз ои�лағаннан да мол
тәжірибе сыи�лаи�тынын аңғарасыз. Зерттеу жұмысы арқылы:
Достарыңызбен бөлісу: