Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет435/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

1 6 . 1 - Қ О С Ы М Ш А


426
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
 
y
Кім үшін жаздым?
Жазу оқырманмен байланыс орнату процесі болғаны дұрыс. 
Яғни оны ешқашан ұмытпаңыз. Оқырманыңыз академиялық ортамен шектеле 
ме, әлде еңбегіңізді қауымдастық көшбасшылары мен мүшелері, менеджерлер, 
саясатшылар, практиктер сияқты өзге топтар оқуы да мүмкін бе? 
 
y
Оқырман қандай ақпаратпен таныс?
Жазу формасындағы басты міндет – оқыр-
манды білу. Яғни оқырманыңыз зерттеу тақырыбы мен процесі туралы не бі-
летінін ескеріңіз. Процесс барысында олардың біліміне білім үстеуіңіз қажет. 
Студенттің жазу процесінде кездесетін қиындық өзгеше. Студенттің оқырманы 
оның зерттеу тақырыбын тең дәрежеде, тіпті өте жақсы білуі мүмкін. Тіпті студент 
жұмысын бағалауға жауапты маман болуы да ықтимал. Мұндай жұмыс жазудағы 
мәселе – сарапшы болу емес, керісінше, жұмысыңызды қызықты, қисынды, тү-
сінікті жазып шығу.
 
y
Оқырман не күтеді?
Ғалымдар, бағалаушылар, емтихан алушылар сізді асқан 
біліміңізбен таңғалдыр демейді (солай десе, жақсы болар ма еді). Олар сізден 
жұмысыңызға қатысты әдебиетті қарап, логикалық негізді зерттеу жасады деп 
үміттенеді. Оған қоса, жұмыстың мүлтіксіз жасалғанын қарайды. Жұмысыңызда 
орфографиялық қате жіберуге, сілтемелерді тастап кетуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет