Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Зерттеуге лайық мәселелерді таңдау



Pdf көрінісі
бет67/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Зерттеуге лайық мәселелерді таңдау
Төменде студенттерім таңдап алған тақырыптардың біразын мысалға алдым 
және олардың бұл тақырыптарды таңдау себебіне тоқталдым. 
 
y
Порнографияның қолжетімді болуының жасөспірімдердің сексуалдық мінез-
құлқына әсері
. Жоғары сынып психологы мұны алаңдайтын құбылыс деп 
есептеп, осы тақырыпты таңдап берді. 
 
y
Өрт сөндіру қызметін жоспарлауда климат өзгерісін де бір фактор ретінде 
ескеру
. Жаңа Оңтүстік Уэльстің ауылдағы өрт қызметі басшысының ұсынған 
тақырыбы. Жоспарлау кезінде аталған мәселені ескеру керегін айтты. 
 
y
Тұрмыстық қоқыс шелектерінде қайта өңдеуге келмейтін материалдар үлесі-
нің басымдығы
. Қоқысқа жауапты кеңестің жоғары лауазымды қызметкері-
нің ұсынған тақырыбы. Ол осы қызметке кіріскенде қоқыстың көптігіне қатты 
алаңдаған болуы керек.
 
y
Нақты дәлел болмаған кезде денсаулықты нығайту орталығында шешім қа-
былдау
. Бұл тақырыпты негізгі мәселелерді рет-ретімен қоюды анықтай ал-
май шаршаған жаңа орталықтың директоры ұсынды.
 
y
Жедел жәрдем бөлімінде медициналық қызметкерге көрсетілген әлімжеттік 
туралы зерттеу
. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ғылыми 
дәрежесі бар, пациенттің шабуылынан кейін қызметін ауыстыруға мәжбүр 
болған бұрынғы медбикенің ұсынысы. 
 
y
Университеттегі әлімжеттік пен жүгенсіздік
. Бірінші курста осындай жағдайға 
тап болған студенттің ұсынысы. 
 
y
Құрылыс саласындағы қауіпсіздік көрсеткіші төмен қосалқы мердігерлер

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша білім алған студенттің 
таңдаған тақырыбы. БАҚ бетінде осы мәселенің көтерілгені ықпал еткен. 
 
y
Сыныпта тәжірибелік оқытуды жеткілікті түрде қолданбау
. ЖОО-да әде-
биеттанудан білім алып жүрген студенттің өз тәжірибесіне сүйеніп ұсынған 
тақырыбы. 
 
y
Климат өзгерісі салдарын елемеген адамдардың мотивациялары

Адамдардың қатер туралы біле тұрып, немқұрайдылығына қайран қалған 
студенттің таңдауы. 
 
y
Гонконг биік ғимараттарында өрт дабылына мән бермеу
. Өрт қауіпсіздігінің 
жоғарғы санатты қызметкерінің таңдаған тақырыбы. Дабылды елемей, өрт-
тен қаза тапқан жеті адамның ісі бойынша тергеуге қатысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет