Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет88/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

4 . 2 - Қ О С Ы М Ш А


81
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Сенімді нығайту
Респонденттеріңізді ашық әрі адал сөи�лете алу мүмкіндігіңізге қараи� ақи-
қатқа ұмтылу қабілетіңіз (оны жарамды жалғыз ақиқат деп қабылдасаңыз да 
немесе аутентті ақиқат санасаңыз да) қалыптасады. Адал болуға кепілдік бе-
ретін әдіс жоқ, сондықтан сенімді нығаи�ту өте маңызды. Өзіңіз бен зерттелуші 
арасындағы нақты әрі ықтимал билік теңсіздігін барынша азаи�туыңыз керек. 
Әи�тпесе зерттелуші өзін бөтен сезініп, сескеніп тұрады және/немесе зерттеу 
процесіне қызықпаи�ды. Сенімді нығаи�тып, жақсы қарым-қатынас орнатуға 
ықпал ететін факторлар көп, соның біразын мысалға келтіреи�ік:
 
y
Гендер
. Өзара түсінісу мен сенімді нығайту, естіген оқиғаңызға бейімделу, есте-
ліктерді еске түсіру мәселесінде гендерлік проблема туындайтынын 4.3-қосымша-
да көрсеттік. Мысалы, баласынан айырылғаны туралы оқиғасын кейбір әйел тек 
әйел адамға ғана айта алуы мүмкін. Промискуитет (promiscuity) сұхбат жүргізеті-
ніңізді елестетіңіз, зерттелуші сіздің жынысыңызға қарай ақтарыла алуы немесе 
айтарын іркіп қалуы мүмкін. Бұл жерде қатып қалған ереже жоқ. Гендер мәселесі 
туралы саналы түрде ойланып, оның сенімді нығайту факторы бола алатынына көз 
жеткізіңіз.
 
y
Жас
. Респонденттермен қарым-қатынас жасау қабілетіңізге және олардың сіз-
бен байланыс орнатуына қарай сенімді нығайтасыз. Бірақ бұл мәселеде адам-
ның жасы да үлкен рөл ойнайды. Мысалы, ата-анасы жасөспірім баласынан «осы 
демалыста не істедіңдер?» деп сұрағанда перзенті тәптіштеп түсіндіре қоймайды 
(әсіресе демалыста есте қаларлық ештеңе болмаса!). Сізге ұнай ма, әлде жоқ па, 
шын дерекке қол жеткізуде адамның жасы шешуші фактордың бірі екені анық. 
Бұл жерде де қатаң қағида жоқ, адамның жасы зерттеуші мен зерттелушінің қа-
рым-қатынасына ықпал ететінін ескерсеңіз болғаны.
 
y
Этносы
. Зерттеушінің этномәдени тамыры зерттеу процесіне ықпал етпей қоймай-
ды. Өкінішке қарай, этностық және нәсілдік тегіне байланысты күмәнмен қарау, 
сенбеу, тең қабылдамау оқиғалары әлі де кездеседі. Қалай десек те бұл жағдай 
өмір шындығы, этностық шығу тегіңіз сіздің сенімді нығайту мүмкіндігіңізге ық-
пал етеді. Мысалы, испантектілердің білімге көзқарасын зерттегіңіз келді делік.
балаларды бір-бірінен алшақтауға ықпал етеді, оқушылар ұжым ретінде ұйыса ал-
майды, сондықтан қауқарсыз бола түседі. Екінші топ мынадай ой түйді: сыныпты 
осылай жобалаудың ұстанымы білім алуды да шектейді, себебі балалар білім алу 
процесіне қатыспайды, сабақты механикалық тұрғыда ғана есте сақтайды. 
Қай топтың пікірі дұрыс? Мәселе мынада, бұл жерде дұрыс не бұрыс жауап жоқ. 
Бұл – шындық пен көзқарастың таласқа түсу мәселесі. Өзіңіз ұсынған шындықты бі-
лесіз, бірақ сіз аңғармай тұрған шындықтың да бар екенін де мойындауыңыз керек.


82
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сырттан келген ақнәсілді адам шынайы ақпарат алу үшін, яғни сенімді нығайту 
үшін барын салуы керек, ал сол қауымдастықтың испантілді өкіліне шынайы әрі 
ашық пікір алу түк те қиынға соқпайды.
 
y
Әлеуметтік-экономикалық мәртебесі/білімі
. Адамның әлеуметтік жағдайы да 
зерттеу процесіне үлкен ықпал етеді. Білім мәселесінде, негізінен, зерттеуші-
лер артықшылыққа ие, сондықтан зерттелушімен арадағы кедергіні жойып, 
оны сөгіп, жазғырмайтыныңызды сездіруіңіз керек. Өзіңіз бен зерттелушінің 
әлеуметтік-экономикалық дәрежелеріңіз бен білім деңгейлеріңізді білу зерттеу 
кезінде туындайтын мәселелерді шешуге көмектеседі. 
 
y
Мәдениет немесе субмәдениет ішіндегі билік пен артықшылық
. Қандай да бір 
мәдениет ортасында ғалым немесе сарапшы болып жұмыс істеген зерттеушіге 
билік теңсіздігі проблема тудырады. Гэри Ларсонның бір карикатурасында ла-
шықта отырған байырғы тұрғындар «антропологтар!» деп айғайлап, бейнемагни-
тофондары мен теледидарларын жасырып жатқандары суреттелген. Осы кари-
катурада бейнеленгендей, зерттелушінің зерттеушіге деген көзқарасы жағдайды 
бұрмалауы мүмкін. Мәдениетаралық зерттеу жасаған кездегі негізгі дилемма – 
зерттеу жасалып жатқан жандарға билігіңіз бен артықшылығыңыз әсер еткенде, 
зерттелушілер табиғи болмысын сақтай алмағанда қалай дұрыс зерттеу жүргізу 
керегін білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет