Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша



бет37/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

ІІ. Тілдік құзыреттілік мазмұны
2.1. Фонетика.
Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар, олардың меңгерілуі.
Үндестік заңы. Үндестік заңына сәйкес жалғаулар мен қосымшалар, оларды дұрыс жалғай білу. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі.
Жай сөйлемдердің коммуникативтік мақсаттарына қарай интонациялық құрылымы.
Ықпал түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы. Тасымал. Жалпы модальді сөйлемдердің интонациалдық құрылымы. Қосымшалардың жалғану емлесі. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің айтылу интонациясы.

2.2. Сөзжасам және морфология
Сөздердің негізі туралы түсінік. Күрделі сөздер.
Негізгі сөзжасам модельдері.

Сөз таптары.
Зат есім. Септелуі.
Зат есім:
-жалпы және жалқы зат есімдер, күрделі атаулар (Қазақстан Республикасының рәміздері):
-қабыса, матаса байланысқан зат есімді сөз тіркестері (қабылдау бөлмесі, оқырман залы);
Зат есім тудыратын жұрнақтар.
Күрделі атауларда тәуелдік жалғауының қолданылуы.
Септік жалғауларының қызметі.


Сан есім
Жинақтық сан есімдер.
Топтау сан есімдері.
Болжалдық сан есімдер.


Сын есім
Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар.
Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Күшейтпелі шырай.
Күрделі сын есімдер.


Есімдік
Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, түрлері.


Етістік
Етістіктің шақ формалары.
Қалып етістіктерінің қолданылуы.
Көсемше, есімше формалары.
Етістіктің рай категориясы. Бұйрық рай.
Шартты рай.
Қалау рай.
Етіс категориясы. Ырықсыз етіс.


Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары

Шылау.
Себеп-салдар және қарсылықты, ыңғайластық жалғаулықтар.
Шектік (тежеу) демеуліктері.

Көмекші сөздер.
Көмекші есімдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет