Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)


Пәннің тақырыптық жоспары



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі77,44 Kb.
#91105
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
JMB.KGB. Kazakhstan tarihi TUP
Ж.Ж.Е2021-22ж2 сынып, Алгоритм. СӨЖ №1
Пәннің тақырыптық жоспары





Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақ

Теориялық

Практикалық

I Бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері

*

*

*

    1. Бөлімше. Орталық Азия өркениеттері: саналуанды

лығы және мәдени ортақтығы

*

*

*


Тақырып 1.1.1 Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері













Тақырып 1.1.2 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы











Тақырып 1.1.3 Орталық Азияда өркениеттерің пайда болу факторлары










  1. 2

Тақырып 1.1.4 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары










1.2 Бөлімше. «Ұлы Дала» өркениеті



*

*

*


Тақырып 1.2.1 «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасуының ерекшеліктері











Тақырып 1.2.2 Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті













1.3 Бөлімше. Орталық Азия және әлемдік өркениет

*

*

*


Тақырып 1.3.1 Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі










II Бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер

*

*

*

2.1 Бөлімше. Қазақ халқының шығу тегі

*

*

*


Тақырып 2.1.1 Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер











2.2 Бөлімше. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

*

*

*


Тақырып 2.2.1 Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары











Тақырып 2.2. 2
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері













III Бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

*

*

*


3.1 Бөлімше. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер

*

*

*


Тақырып 3.1.1
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы











3.2 Бөлімше. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары

*

*

*


Тақырып 3.2.1
Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.











Тақырып 3.2.2
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері










3.3 Бөлімше. Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет

*

*

*


Тақырып 3.3.1
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі











Тақырып 3.3.2
Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары











3.4 Бөлімше. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы

*

*

*


Тақырып 3.4.1
Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі











Тақырып 3.4.2
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі











Тақырып 3.4.3
Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы










IV Бөлім. Мәдениеттің дамуы

*

*

*


4.1 Бөлімше. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы

*

*

*


Тақырып 4.1.1
Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері











Тақырып 4.1.2
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы











Тақырып 4.1.3
Тарихи және мәдени ескерткіштер. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы










4.2 Бөлімше. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті

*

*

*


Тақырып 4.2.1
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар











4.3. Бөлімше. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет

*

*

*


Тақырып 4.3.1
Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы










V Бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері

*

*

*


5.1 Бөлімше. Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі

*

*

*


Тақырып 5.1.1
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер











Тақырып 5.1.2
Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі











    1. Бөлімше. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері

*

*

*


Тақырып 5.2.1
ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы











Тақырып 5.2.2
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы










VI Бөлім. Саяси-құқықтық процестер

*

*

*


    1. Бөлімше. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы

*

*

*


Тақырып 6.1.1 Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы)











Тақырып 6.1.2 Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы











6.2 Бөлімше. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты

*

*

*


Тақырып 6.2.1 Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты











Тақырып 6.2.2 Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі










VII Бөлім. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

*

*

*


7.1 Бөлімше. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы

*

*

*


Тақырып 7.1.1 Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы











Тақырып 7.1.2 "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары











    1. Бөлімше. «Алаш» –қоғамдық ой және ұлттық идея

*

*

*


Тақырып 7.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері











Тақырып 7.2.2 "Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары











7.3 Бөлімше. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз

*

*

*


Тақырып 7.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары










VIII Бөлім. Білім мен ғылымның дамуы

*

*

*


8.1 Бөлімше. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы

*

*

*


Тақырып 8.1.1 Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы











8.2 Бөлімше. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы

*

*

*


Тақырып 8.2.1 XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылым











Тақырып 8.2.2 Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Қазақ КСР Ғылым Академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы











8.3 Бөлімше. Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі

*

*

*


Тақырып 8.3.1 Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы













Пән бойынша барлығы



90

56

34


Оқытудың нәтижелері мен бағалау критерийлері





Бөлім атауы

Бөлім мазмұны

Оқытудың нәтижесі

Бағалау критерийлері


Өркениет: даму ерекшеліктері

Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы
«Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. «Орталық Азияның» түсінігінің аймақтық тарихи және географиялық ерекшеліктері. Терминнің тарихы. Орталық Азияның табиғаты мен климаты.


Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. «Дәстүрлі өркениет» ұғымы. Дәстүрлі өркениет пен мәдениетті зерттеудің қиындықтары. Ертедегі дәстүрлі мәдениет туралы жазба деректер (антикалық, қытайлық, ирандық, түркі деректері). Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы. Дәстүрлі мәдениетті зерттеуде номадистика мен этнографияның ролі.


Орталық Азияда өркениеттерің пайда болу факторлары. Неолиттік төңкеріс. Отырықшы-егіншілік өркениеттің қалыптасуы. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.


Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері. Отырықшы шаруашылық өркениеттерінің мәдени ошақтары. Маргуш ошағы. Хорезм ошағы. Соғды ошағы. Ферғана ошағы. Шаш ошағы. Жетісу ошағы. Шығыс Түркістан ошағы.

«Ұлы Дала» өркениеті.


«Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасуының ерекшеліктері. Ұлы Дала ұғымының тарихи-географиялық ерекшеліктері. Дала өркениетінің этникалық сипаты. Ұлы дала өркениетінің қайнаркөзі және қалыптасуының ерекшеліктері. Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Энеолит дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті. Қола дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті. Андрондық мәдени-тарихи қауымдастық. Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері.


Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Көшпеліліктің пайда болуы. Сақтар. Сарматтар. Ерте көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері.


Орталық Азия және әлемдік өркениет
Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының адамзаттың материалдық мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.Андрондық әскери арбалар мен қарулар. Андрондық Арқайым. Сынтасты қалалар. Ұлы Дала тұрғындарының тұрмыстық мәдениеті. Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының діни наным-сенімдері. Өнердің дамуы (андрондық және сақтардың қолданбалы сәндік өнері, зергерлік өнерінің дамуы). Сақтардың ғарыш туралы түсінігі.



  1. Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірлері негізінде қорытынды жасау.




  1. "Орталық Азия" түсінігін, аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін талдайды;

  2. "Орталық Азияның" тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттайды; Орталық Азия өркениетінің ежелгі ошақтарын атайды және орналасқан жерін картадан көрсетеді;

  3. Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлін талдайды.

2) Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін басқа әлемдік өркениеттермен салыстыру, бағалау.

Тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін ашады;
"Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтайды;
Ұлы Дала өркениетінің кезеңдерінің хронологиялық шегін атайды;
Энеолит, қола дәуіріндегі андронов мәдениеті, еңбек өнімділігі туралы баяндайды.
Энеолит, қола дәуірінің саяси-экономикалық даму ерекшелігін сипаттайды.

3) Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесі туралы дәлелдеу, пікірін білдіру, бағалау.

  1. Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін атайды;

  2. Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесін саралайды.


Этникалық және әлеуметтік процестер

Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер.
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі.


Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Қазақтардың ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. "Ауызша тарихнама", "шежіре", "ру", "тайпа", "ата-жұрт", "атамекен", "ел" ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлі.


Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі.



  1. Этникалық процестердің сабақтастығын зерттеу.

  1. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындайды, сипаттайды.

2) Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының біріктіруші ролін анықтау.



  1. Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа ", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды.

3) Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін қазақ хандығының саяси-экономикалық дамуымен байланыстыру, бағалау.

  1. Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін сипаттайды, ерекшелігін айқындайды.


Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары.


Ұлы Дала көшпенділерінің империялары.
Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі.


Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі.


Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі.


Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.


Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі.


Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары.


Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары.

1)Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін талдау.

  1. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттерді атайды;

  2. Мемлекеттердің географиялық-аумақтық құрылымы мен шекаралас мемлекеттерді картадан көрсетеді; Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін анықтайды;

  3. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымы туралы дереккөздерінен мәліметтерді саралайды.

2) Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлі туралы қорытынды жасау, бағалау.

  1. Түркі мемлекеттерінің қалыптасуының кезеңдерін және оның ерекшеліктерін негіздейді;

  2. Түркі империясының географиялық-аумақтық құрылымын картадан көрсетеді, шекаралас мемлекеттерді анықтайды;

  3. Түркі империясының саяси-экономикалық даму ерекшелігін түсіндіреді.

3)Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуының маңызы туралы тарихи фактілер негізінде тұжырымдау.



  1. XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттайды;

  2. Орта ғасырдағы мемлекеттердің Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтайды;

  3. Мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтайды.

4)Қазақ хандығының құрылуындағы Ақ Орда мемлекетінің орнын айқындау.

  1. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін мен ерекшеліктерін сипаттайды;

  2. Қазақ хандығының географиялық-аумақтық құрылымын картадан көрсетеді;

  3. Қазақ хандығының құрылуының себептерін анықтайды.

5)Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі екенін дәлелдеу.

  1. XVғ. Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің Қазақ хандығының құрылуына ықпалын түсіндіреді;

  2. Қазақ хандығының саяси институттарының хандықтың дамуындағы орны туралы дереккөздерден алынған ақпараттар негізінде қорытынды жасайды.

6)Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресінің маңызы туралы логикалық бірізді аргументтер келтіру.



  1. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын, себептерінің және ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды;

  2. Ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсіндіреді;

  3. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын басқа ұқсас тарихи құбылыстармен салыстырады;

  4. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді.

7)Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау.

  1. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "Қазақ АКСР", " Қазақ КСР", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдаланады; Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктерін атайды және қайшылықтарын сынайды.

8)Қазақстан Республикасының даму бағдарларын бағалау және Қазақстан Республикасының саяи-экономикалық дамуын болжау.

  1. Ұлттық мемлекеттті жаңғыртудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттейді;

  2. Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын айқындайды.


Мәдениеттің дамуы

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. "Мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы.


Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету - шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері.


Тарихи және мәдени ескерткіштер. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы.


Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті.
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.


Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.

Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі.



1)Қазақ халқының материалдық мәдениетінің даму ерекшеліктерін талдау және әлемдік өркениеттегі орнын бағалау;



  1. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін атайды;

  2. Қазақстан Республикасындағы мәдени мұраны дамыту саясатына талдау жасайды;

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтауда қазақтардың мәдени мұрасының маңыздылығын түсінеді;

  4. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын дәлелдейді.

2)Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарының сақталуының себебі ретінде қазақ әдебиеті мен музыка мәдениетінің орнын зерттеу.

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атайды, сипаттайды және рухани-адамгершілік құндылықтармен байланыстырады;

  2. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін сипаттайды;

  3. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін типологиялық ерекшеліктері негізінде классификациялайды;

  4. Қазақ әдебиеті мен музыка мәдениетінің маңызды жетістіктерін саралайды және қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарымен байланыстырады.

3)Қазақстанның ХХ-XXIғ.ғ. мәдениетінң дамуы мен жанрларды сипаттау.



  1. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды анықтайды;

  2. Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін талдайды;

  3. Қазақстанның мәдени даму бағытындағы жетістіктер мен қайшылықтарды атайды;

  4. ҚР халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі туралы қорытынды жасайды, аргументтер

келтіреді.


Өркениет: даму ерекшеліктері

Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. Көшпеліліктің пайда болу факторлары және көшпелі экологиялық факторлардың қалыптасуы. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы. Өндірістің шашыраңқы ұйымдастырылуы мен халықтың қоныстану жүйесі. Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі.
Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары.


Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Ұлы Жібек жолындағы қалалардың дамуы. Ұлы Жібек жолының қалалары халықаралық және жергілікті сауданың орталықтары ретінде. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.


Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері.


ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы. Қазақстандағы социалистік даму жолы. Қазақстанның XX ғасырдағы экономикалық дамуы: ауылшаруашылығының социалистік даму жолы. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар.


Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңінде әлеуметтік-эконмикалық жаңғыруы. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.



1)Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін көрсету.



  1. Көшпелі мал шаруашылығы, отырықшылық, "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі", "қоныстану жүйесі","экожүйе" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына географиялық факторлардың әсерін анықтайды;

  3. Көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының даму ерекшеліктерінің мемлекеттің экономикалық дамуына ықпалын дәлелдейді;

  4. Қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттайды.

2)Сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау.

  1. Қазақстан аумағында ортағасырлық қалаларды атайды және картадан көрсетеді;

  2. Пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін анықтайды;

  3. Картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттейді;

  4. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі туралы логикалық бірізді аргументтер келтіреді және бағалайды.

3) Қазақстанның ХХ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы тұжырымдау.

  1. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтайды;

  2. Дереккөздерден Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтайтын факторларды табады.

4)Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын түсіну және ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау.

  1. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың негізгі кезеңдерін, ерекшелігін атайды;

  2. Қазіргі кезеңдегі экономиканың даму ерекшеліктерімен сабақтастыра байланыстырады және түсіндіреді.


Саяси-құқықтық процестер

Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы.
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII-XX ғасырдың басы). Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Қазақстандағы қалалардың полиэтникалық құрамының қалыптасуы (XIX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасырдың бас кезі). Қазақстанда ұйғыр және дүнген, өзбек, татар диаспораларының қалыптасуы.


Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстанда славян диаспорасының қалыптасуы. Кеңестік уақыттың көші-қон ағындары. Қазақстанда неміс және корей диаспорасының қалыптасуы. Соғыс жылдары Кавказ және Қара теңіз жағалауы халықтарын депортациялауға байланысты Қазақстан этникалық картасының өзгеруі. Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты(1920-1940 жылдар). Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты (1950-1980 жылдар). КСРО ыдырауы қарсаңындағы және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық саясат. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.


Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты.
Демографиялық даму және Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары.


Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.

1) Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың маңыздылығына пікір білдіру.

  1. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін анықтайды;

  2. Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін түсіндіреді;

  3. Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін айқындайды.




2) Мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау.



  1. Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының себептерін, негізгі бағыттары мен басымдықтарын көрсетеді.

  2. Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының маңызын дәлелдеу;

  3. Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау.


Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы
Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әл-Фарабидің қоғамдық-саяси идеялары мен оның «згілік қаласы» туралы ілімі. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеялары. Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жырауларыдң қоғамдық-саяси ойлары. XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығындағы қоғамдық-саяси және құқықтық ойдың дамуы. Қазақ хандығының саяси-құқықтық өміріндегі басты құжаты «Жеті Жарғы».


"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастары.


«Алаш» –қоғамдық ой және ұлттық идея.
«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. «Алаш» ұлттық идеясының тарихи негіздері.


"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз.


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз
"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары. "Мәңгілік Ел" идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы. Мемлекеттің идеология саласындағы саясаты ("Мәңгілік Ел" – патриоттық актісі" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы").



1) Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау және Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясымен сабақтастыру.




Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларын атайды, олардың қоғамдық-саяси идеяларын талдайды;
Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зарзаман" өкілдерін атайды және олардың идеяларын түсіндіреді; Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін зерттейді.
"Алаш" ұлттық идеясының мәнін ашады және тарихи фактілермен негіздейді.




2) Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары туралы ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып,
тұжырым жасау.

  1. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдарын туралы НПА танысады;

  2. Қазақ мемлекеттілігі туралы қоғамдық-саяси көзқарас білдірген ұлттық зиялыларды атайды, олардың саяси көзқарастарын талдайды.

3) «Алаш» идеясы, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау, басым бағыттарын сабақтастыру.

  1. Қазақстанның саяси ой дамуының тарихи аспектілерін түсінеді;

  2. «Алаш» идеясының мәнін түсіндіреді;

  3. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының мәнін ашады,

  4. «Алаш» идеясымен салыстырады.


Білім мен ғылымның дамуы

Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы.
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен ойшылдары. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы.


XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы
XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылым. XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми зерттеулер. XIX ғасырда Қазақстанда оқу орындарының пайда болуы мен дамуы. Зерттеушілердің Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі. XIX ғ. -ХХ ғ. б. Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерінің ерекшеліктері.


Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Қазақ КСР Ғылым Академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы. Сауатсыздықты жою. Мектептік, кәсіби және жоғары білім беру. Кеңестік білім беру жүйесінің реформалары. Қазақстанда арнаулы және жоғары білім жүйесінің орнығуы. Қазақстандағы 1950-1980 жылдардағы білім беру жүйесі. Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының рөлі. Қазақстанның көрнекті ғалымдары. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтары және қарама-қайшылықтары.


Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі.


Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің дамуы: жетістіктері, проблемалары және болашағы. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуы. Қазақстанның әлемдік білім және ғылым кеңістігіне кірігуі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы стратегиялары мен бағдарламалары. Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру саласындағы реформалар. Қазақстан Республикасының "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдары.



1)XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын талдау.

  1. XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ғылыми зерттеулершілер мен олардың еңбектерін атайды;

  2. XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ғылыми жаңалықтардың маңызын саралайды;

  3. XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында оқу орындардың дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтайды.




1) Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының рөлі туралы аргументтерге негіздей отырып, қорытынды жасау.

  1. Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалаудың маңызын, жетістіктері анықтайды; Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесіндегі қайшылықтарға сыни көзқарас, өзіндік пікірін білдіреді;

  2. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтарын және қарама-қайшылықтарын талдайды; Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының рөлін сипаттайды.

2)ҚР білім және ғылым саласының дамуы туралы болжау.

  1. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жаңарту стратегиялары мен бағдарламаларын талдайды;

  2. Білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттарын мен нәтижесін көрсетеді;

  3. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдарын атайды;

  4. Білім және ғылым жүйесін жаңартудың маңызын анықтайды.



Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі
Негізгі:

  1. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарихы: ғылыми-танымдық басылым. - А: Атамұра, 2013

  2. Б.Аяған. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым. -А.: Атамұра, 2014

  3. Б.А.Боранбаева .Орта ғасырлар тарихы (V ғасырдың ІІ жартысы –XVII ғ.ортасы) Астана: Фолиант, 2013

  4. З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 10 - сыныпқа арналған оқулық.- Алматы: Мектеп,2019//http://expert.mektep.kz/ru/shop/126439-10_klass/126440-azastan_tarihy_10/1

  5. З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 11- сыныпқа арналған оқулық. - Алматы: Мектеп, 2019 https:// http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217172-azastan_tarihy_11/1

  6. Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан осы уақытқа дейін) 5 томдық. -А.: Атамұра, 2010

  7. Қазақстан тарихы хрестоматия. - А., 2011

  8. К.С.Қаражан. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. -А., 2011

  9. Е.С.Қуандық. XIV – XX ғасырлар аралығындағы Қазақ елінің тарихы бойынша лекциялар. -А:Дәуір, 2015

  10. Ә.Толеубаев, Ж.Қасымбаева, М.Қойгелдиев. Қазақстан тарихы. -А, 2014

  11. Б.К.Турмашева. Қазақстан тарихы: тірек конспектілер, кестелер, сызбалар, тестілер, тапсырмалар. -А.: Фолиант, 2014



Қосымша :

  1. А.Бикенов. Қазақтың материалдық мәдениеті: Оқу құралы / А. Бикенов.- Астана: Фолиант, 2010.- 192 б.

  2. Б.Кәмалашұлы . Қазақ халқының дәстүрлі той- мереке, сауық- сайран, ұлттық ойын, тамашалары. 2007 / Б. Кәмалашұлы.- Алматы: Өнер, 2005.- 96б.

  3. Д.Қыдыралиев. Мұстафа Шоқай / Д. Қыдыралиев.- Астана: Фолиант, 2007.- 320б.

  4. Е.Бекмаханов. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында: Оқу құралы / Е. Бекмаханов.- Алматы: Санат, 1994.- 416 б.

  5. Қ.Салғараұлы. Хандар кестесі: Шығыс хандарының жылнамалық кестесі / Қ. Салғараұлы.- Алматы: Жалын, 1992.- 48б.

  6. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары 1- том. / Құраст. С.Әжіғали.- Алматы: Арыс, 2005.- 328 б.

  7. Қазақ халқының тарихи тұлғалары. 1-кітап. - Алматы: Өнер, 2011

  8. Қазақ халқының тарихи тұлғалары. 2-кітап. -А.: Өнер, 2013

  9. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы : Оқулық.- Алматы: Қазақ университеті, 2005.- 302 б.

  10. Қазақтың көне тарихы / дайындаған М. Қани.- Алматы: Жалын, 1993.- 400б.

  11. М.Қозыбаев. Ақтандақтар ақиқаты : Оқу құралы / М. Қозыбаев.- Алматы: Қазақ университеті, 1992.- 272 б.

  12. М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы 1-2 том / М. Қойгелдиев.- 2-бас, өңделген, толықтырған. - Алматы: Мектеп, 2008.- 480б.

  13. Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. -А.: Өнер, 1996

  14. Н.Ә.Назарбаев. Сындарлы он жыл. -А.: Атамұра, 2001

  15. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. -А.: Атамұра, 1992

  16. Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздікке бес жыл. -А.: Қазақстан, 1996

  17. Н.Қалиұлы. Өнегелі өмір. -А.: Қазақ университеті, 2019

  18. С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптары. –А.: Атамұра, 2013

  19. Т.Ақселеу. Көшпелілер тарихы / Т. Ақселеу.- Алматы: Атамұра, 1995.- 112 б.

  20. Т.И.Сұлтанов. Алтын Орда. -А.: Мектеп, 2016

  21. Т.И.Сұлтанов. Шыңғыс хан және үрпақтары / Т.И. Сұлтанов.- Алматы: Мектеп, 2015.- 152б.

  22. Тарихи тұлғалар / Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова.- Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012.- 384б.



Оқу құралдары:

  1. Интерактивті тақта

  2. Мультимедиялық проектор

  3. Дербес компьютер, ноутбук, смартфон

  4. Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар

  5. Сандық білім беру ресурстары:

  6. «Duolingo» сайт

  7. «Memrise» портал

  8. «Udemy» сайт

  9. «edX» сайт

  10. «Қазақстан тарихы» порталы https://e-history.kz/kz/

  11. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы www.kazneb.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет