« Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы
Байтенова Гүлмира Мухамедиевна
К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп,
Райымбек ауданы, Алматы облысы
2 сынып
Түсінік хат
Бастауыш сыныптарға арналған « Тіл дамыту» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына1 сағат, жылына 34 сағат.
Оқушының ой-өрісі, сана- сезімінің жан- жақты дамуы бастауыш сыныпта басталады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғары орынға қойылуда.
Бұл ретте сыныптан тыс жұмыстардың да маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында сыныптағы оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы түрде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз ұштастырыла жүргізілген жұмыстар ғана нәтиже бермек. Сондықтан тек сабақта ғана емес , сыныптан тыс жұмыстарда, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына салт- дәстүрді сіңіретіндей, имандылыққа тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, мақал- мәтелдерді, жаңылтпаш, санамақтарды жиірек қолдансақ оқушылардың тілі дамып, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады, жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
№
|
Жүргізілетін жұмыстың
тақырыбы.
|
Сағат
саны
|
Өтілу формасы
|
Қолданылатын материалдар
|
1
|
Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті
|
1
|
Әңгіме лесу
|
Ақ сандық, көк сандық
|
2
|
Бесік жыры
|
1
|
Жарыс сабақ
|
Бесік жыры
Жазушы 1989ж
|
3
|
Мақал сөздің мәйегі
|
1
|
Жарыс сабақ
|
Ақ сандық, көк сандық
|
4
|
Өтірік өлеңдер
|
1
|
Шығармашы
сабақ
|
|
5
|
Жаңылтпаштар
|
1
|
Жарыс сабақ
|
Ақ сандық, көк сандық
|
6
|
Ырымды ұғып ал
|
1
|
|
|
7
|
Ұлттық ойын түрлері
|
1
|
Ойын сабақ
|
Электронды презентация
|
8
|
Бата тілек сөздер
|
1
|
Танымдық сабақ
|
Шешендік сөздер
Алматы «Отау»1992
|
9
|
Төрт түлік жырлары.
Түлік пірлері
|
2
|
Жарыс сабақ
|
Электронды презентация
|
10
|
Эпостық жырлар. Ер Тарғын. Қобыланды батыр. Алпамыс
|
2
|
Танымдық сағат
|
Бес ғасыр жырлайды. Алматы « Жазушы»
|
11
|
Айтыс .Айтыс түрларі
|
2
|
Жарыс сабақ
|
Видео фильм
|
12
|
Ертегілер елінде
|
2
|
Театрландыр.сабақ
|
мультфильмдер
|
13
|
Аңыз әңгімелер.Алдар мен Қожанасыр әңгімелері
|
2
|
Театрландыр.сабақ
|
мультфильмдер
|
14
|
Ұлттық салт - дәстүрлер
|
2
|
Таным сағаты
|
Электронды презентация
|
15
|
« Батыр болсаң жауға найзаң тисін» Қазақ батырлары
|
2
|
Таным сағаты
|
Электронды презентация
|
16
|
« Даналар сөзі- ақылдың көзі»
Қазақ билері
|
2
|
Таным сағаты
|
Электронды презентация
|
17
|
Әйтеке бидің тапқырлығы
(шешендік сөздері)
|
1
|
Таным сағаты
|
|
18
|
« Қазыбектің қаламақ қандығына елшілігі»
|
1
|
Таным сағаты
|
|
19
|
Қазақ хандары. Қазақтың хан сайлауы
|
2
|
Таным сағаты
|
Электронды презентация
|
20
|
Қорқыт атаның өсиет сөздері
|
1
|
Таным сағаты
|
Электронды презентация
|
21
|
Жеті қазына
|
1
|
Таным сағаты
|
|
22
|
Үш арсыз. Үш ғайып. Үш жетім
|
1
|
Таным сағаты
|
|
23
|
Қазақша ай, жыл атаулары. Жыл қайыру.
|
1
|
|
Электронды презентация
|
24
|
Діни мейрамдар. Ораза . Ораза айт. Құрбан айт
|
1
|
|
|
25
|
Жыл бойы өткенді қайталау.
|
1
|
|
|
1- сабақ
Тақырыбы: . Халық ауыз әдебиеті
Мақсаты. Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру.
Ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Слайд, сызбалар
Сабақ барысы I Ұйымдыстыру.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
III Жаңа сабақ
-слайд
Беріп тай, лақты, Алдым тайлақты. Беріп тайлақты Алдым тай ,лақты -Балалар бұл оқығанымыз не? - Жаңылтпаш -Қане, қандай жаңылтпаштар білеміз ( Оқушыларға өздері білетін жаңылтпаштарын айтқызу.) 2- слайд
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. ( қалам)
Бұл не?
Жұмбақ.
Қане бір- бірімізге жұмбақтар жасырайық( оқушылар
жұмбақтар жасырып шешеді)
3 слайд
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Шешен сөз бастайды.
Бұл мақалдар. « Жалғасын тап » ойыны арқылы мақал – мәтелдерді айтудан жарысып көрелік. ( оқушылар екі- екіден мақалдарды айтып жарысады)
4- Слайд бұл қай еретегі
Оқушылар ертегінің қалай аталатынын табады. Ертегінің мазмұнын әңгімелеп айтады.
Қорытынды: Ауыз әдебиетінің салалары
Ертегі
лер
Төрт түлік жырлары
Жаңылт
паш
тар
Мақал- мәтел
Аңыздар
Бұл жанрлардың белгілі авторлары жоқ , Бірден бірге ауызша тарап бүгінгі күнге дейін жетіп отырған халқымыздың асыл қазыналары
Достарыңызбен бөлісу: |