МАҚСАТТЫ (НЫСАНАЛЫ) АУДИТОРИЯ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Тұтынушылар сұранысын сапалы талдау, нарық қажеттіліктерін анықтау, тауарлар өндірісін ұйымдастыру және бәсекелі баға қалыптастыру өнімнің табысты ілгерілеуіне жеткіліксіз екен. Өз тауашасында тұрақты орынға ие болу үшін кәсіпорын өз өнімдерінің өткізу (сату) нарығын қалыптастыруы керек. Компания табысты бола ма, ол нарықта мықты позицияға ие бола ма, қажеттілікті қанағаттандыра ала ма – бұның барлығы тұтынушыларға байланысты.
Сату нарығын ұйымдастыру сапасынан тұтынушылар алдында компанияның дамуы, оның пайдасы мен өз тауашасындағы орны тікелей байланысты. Мұн- да кәсіпорындардың назарын аудару қажет өте маңызды мәселелер бар. Мыса- лы, түпкі сатып алушымен «кері байланыс». Осындай ақпаратты алу үшін сатып алушылармен кері байланыс каналдардын ұйымдастырмай, өз кемшіліктеріңізге, сондай-ақ тұтынушылар қалауының өзгеруіне дер кезінде мән беру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |