Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет166/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Еділбай қойы


Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19-ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан та- раған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Көбіне Қазақстан- ның орталық және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салмағы 100-120 кг (160 кг-ге дейін),
саулығы 65-75 кг (115 кг-ге дейін), қозысы енесінен айырғанда 40-45 кг тарта- ды. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Семіз ісектің сойыс салмағы 40-45 кг, құйрық майы 10-15 кг. Ет түсімі 50-55%. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Қошқарынан 3,5-5 кг, саулығынан 2,3-2,6 кг, қозысынан 0,6-1,0 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 110-115 қозы алынады. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет