Мал сою пункттеріне қойылатын ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптар
Құрылыс нысанын салу үшін учаскені дөң, тегіс, құрғақ әрі жауын-шашын бас- пайтын және жел тармақтары ескеріле отырып қорғалған жерден таңдайды.
Жаңа өндіріс объектілерінің құрылысы үшін учаскені бұрынғы мал қыстауы, мал қорымы, көң сақтағыштары мен ет өңдеу кәсіпорындарының жерінде таңдауға жол берілмейді.
Мал сою пунктін өндіріс объектісінің қоршау сызығында орналастырылатын өндіріс объектілеріне (құс шаруашылықтарынан басқа) салады, оның құрамына мыналар кіреді:
мал сою бөлмесі мен мал сою бөлімі;
теріні тұздау мен уақытша сақтау бөлмесі;
ет пен субөнімдерді уақытша сақтау үшін мұздатқыш камералар;
автоклав не мал өлекселерін жағу пеші бар кәдеге жарату бөлмесі;
душ бөлмесі;
қызмет көрсетуші персонал үшін қосалқы үй-жай;
есептік нөмір.
Ветеринарлық-санитарлық талаптар «Жануарлардан алынатын өнім мен шикі- затты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзе- ге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринарлық (ветеринарлық-сани- тариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 бұйрығымен реттеледі.