Шағын қалалардан басқа моноқалаларда, қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:
үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдіктеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу ша- ралары бойынша консультациялар алу және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ қызығушылық танытқан үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерді «Еңбек нарығы» ААЖ- да тексеру нәтижелері бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы серти- фикаттарымен (бар болса) МҚҰ/ЕДБ-ға жібереді;
Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кре- дит/микрокредит алу үшін өтініммен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;
ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қа- былдайды.