Заңды және жеке тұлғалар ҚР Салық кодексімен айқындалатын мерзімдерде және талаптарда салық есебін ұсынады. Салық төлеуші салық есебін ұсынғаннан кейін, мемлекеттік кіріс органдары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуінің толықтығын және уақытылығын қамтамасыз ету үшін камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау – салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақы- лаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (неме- се) осы Кодекстің 587-бабына сәйкес салық есептілігін ұсыну және (немесе) са- лық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру. Камералдық бақылау процесі қолмен және автоматтандырылған тәсілмен орындалуы мүмкін. Салық есебін электронды түрде ұсыну автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосу кезінде салық төлеу- ші ұсынған мәліметтер бойынша деректерді барынша нақты және жеке-жеке салы- стыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.