«Электрондық Үкімет» веб-порталы
Сіз азамат ретінде немесе кәсіпкердің мемлекеттік қызметін (кәсіпорынды тір- кеу/қайта тіркеу, түрлі анықтамалар алу, есептілікті тапсыру және т.б.) алу рәсімін жеңілдету үшін электрондық Үкімет порталы – www.egov.kz жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде порталда сіз некені тіркеуге өтінішін беруге, балаңызды балабақша кезегіне қоюға, жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарын тапсыруға және көптеген басқа да іс-әрекеттерді орындауға бо- лады.
Бірақ бұл жағдайда бізді порталдың кәсіпкерлерге беретін мүмкіншілігі қы- зықтырады. Егер сіз бизнес ашқыңыз келсе, онда порталда сіз мынадай әрекет- терді жасай аласыз:
Өзіңіздің бизнесіңізді тіркей аласыз;
Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама аласыз;
Қазақстандағы лицензиялау, кедендік қызметтер және тауарлар экспорты/ импорты туралы пайдалы ақпаратты таба аласыздар;
Өз қызметіне электрондық лицензия алуға өтінім беру және т.б.
Бұл ретте сіз мемлекеттік қызметтерді:
компьютер және интернет жүйесіне қосылу болған жағдайда – www.egov.kz мекенжайы бойынша;
EGOV мобильдік қосымшасы арқылы (AppStore/Play market-те тегін);
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алсыз.
Бірақ Портал қолданушысы болмай тұрып алдымен:
Порталда тіркеу процедурасынан өту;
Электрондық қолтаңбаны немесе ЭЦҚ-ны алу.
Егер сіз ЭЦҚ не үшін керек деп сұрасаңыз, жауап өте қарапайым, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жасалатын операциялар заңдылығы үшін керек. ЭЦҚ-ны екі әдіспен алуға болады (қалауыңызша):
ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәлік чипіне жазу. Бұл үшін сізге жеке куәлікті ұсыну арқылы жақын орналасқан ХҚКО жүгіну керек. Одан әрі жеке куәлікке жа- зылған ЭЦҚ-мен жұмыс, арнаулы карт-ридер болған жағдайда мүмкін. Бұл туралы толығырақ сіз «электрондық үкімет» веб-порталынан білесіз.
ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау. Бұл жағдай- да да сізге берілген өтінімді растау үшін ХҚКО-ға жүгіну керек. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген (1-қадам – нұсқаулықпен танысу және бағдарла- малық қамтамасыз етуді орнату, 2-қадам – онлайн-өтінімді беру, 3-қадам – он- лайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу) үш қадамнан тұрады.
ЕСІҢІЗДЕ болсын, сайтта ЭЦҚ-ны орнату жөніндегі нұсқаулықты таба аласыз. Мысалы, сіз ЭЦҚ-ны алдыңыз және орнаттыңыз делік, енді «электрондық үкімет» порталында қадамдық тіркелуді жүргізіп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |