«Ұйымдастыру және басқару жоспары» бөлімі бизнес-жоспардың негізгі бөлім- дерінің бірі. Ол мынадай тармақтардан тұрады:
Фирма/компанияның ұйымдастырушылық құрылымы;
Басқару жүйесі (кім басшы);
Еңбек ресурстарын басқару (еңбекақы төлеу қоры).
Бизнес-жоспардың осы бөлігінде жобаны басқару тұжырымдамасы мен құрылымы сипатталады (немесе кәсіпорынның құрылымы бойынша ұйымдасты- рушылық кесте), сонымен қатар басқару тобының құрамына мінездеме беріледі.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын сипаттау үшін мыналар болу керек:
Кәсіпорынның жарғысы;
Директорлар (меншік иелері) кеңесі туралы ереже;
жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпорынның негізгі бөлімшелерінің тізбесі, олардың атқаратын қызметі;
бөлімшелердің арасындағы өзара әрекет;
басқару тобындағы міндеттемелерді бөлу, лауазымдық нұсқаулықтар;
басқару тобы мүшелерінің толықтай сипаттамасы,, тегі, аты-жөні, осы басқа- рушының еңбек ақысының негізіне алынған біліктілігі, кәсіпорынның жетістіктері- не қосқан үлесі, тәжірибесі, қағидалар.
Бөлімде меншік құқықтары және пайданы бөлу нақты белгіленген, құрылым (кәсіпорын) жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылған құқықтық (заңды) ны- санының сипаттамасы да берілуі мүмкін.
Мысал,ұйымдастырушылыққұрылым