қалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/ми- крокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасынан 85%-дан аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды. Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойын-
ша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.