Әрі қарай, екінші нұсқа, егер сізге рұқсат керек болса, қызметтің лицензияла- натын түрлері үшін 1-5 қадамдарда көрсетілген сәйкес мысалдарға сүйеніңіз.
Үшінші нұсқа, егер сізге мемлекеттік органды хабардар ету керек болса, онда мына мысалға жүгініңіз:
Хабарламаны egov.kz арқылы меморганға енгізуге болмайды, өйткені онда он- дай мүмкіндік жоқ (әзірше).
Яғни, жауапты меморганға тікелей жүгінуге немесе тапсырыс хатпен хабарлама жолдауға болады (хабарламаны енгізу мерзімі мен күнін ескеру маңызды).
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жү- зеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» атауымен НҚА қолда- намыз.
Біз, мысалы, наубайхана үшін хабарламаны жазамыз, НҚА-да көрсетілген үлгі- де №13, 31 хабарламаларын қолданамыз:
МАҢЫЗДЫ!
Есте САҚТАҢЫЗ, әдетте, сіздің бизнесіңізді тіркеген сәттен бастап сізге 10 күн ішінде хабарлама енгізу қажет.
Хабарламаны енгізген сәттен бастап, сіз мемлекеттік мекемеден қызмет көр- сетудің бекітілген мерзімінде жауап күтесіз – Мемлекеттік орган «Жеке және заң- ды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚРЗ сәйкес нормаларға жүгінуі мүмкін (2007 жылғы 12 қаңтардағы №221)
Достарыңызбен бөлісу: |