Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында және өңдеу өнер- кәсібінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер- ге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекет- тік гранттар тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.
Грант түрінде қолдау шараларын қаржыландыру бюджет есебінен, мақсат- ты трансферттерді бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне беру арқылы жү- зеге асырылады. Мемлекеттiк гранттар мемлекетпен Бағдарламаның аймақтық үйлестiрушiлерi арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің, соның ішінде жас кәсіпкерлердің, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мү- гедектердің және 50 жастан асқан адамдардың мемлекеттік грант беру өтінішін қарау және іріктеу конкурстары нәтижесінде беріледі. Сонымен қатар конкурсқа
қатысудың міндетті шарты – Бағдарлама шеңберінде сертификаттың, оқыту ком- понентінің болуы.
Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3000000(үшмиллион)теңгеден аспауы керек.
Грант алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін Бағдарламаның шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер құжаттарды толық ұсынған жағдайда қаты- суы мүмкін. Әрбір кәсіпкер грант алу мақсатында бір бизнес-жоба бойынша кон- курстық іріктеудің қатысушысы бола алады.