Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет87/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Нарық сегменті – алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп күтілетін шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Сегментация – тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын зерттеп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Сегментация әртүрлі болады: географиялық өңір – облыс, аудан, қала көлемі, тығыздық, демографиялық – жас, жыныс, отбасы мөлшері, отбасының өмірлік сүру циклы, айналысатын ісі, кіріс деңгейі, білімі, ұлты, наным-сенімі, тауарға қатысты сегментация – сатып алушылар топтарын олардың білімі, пайдаланушылар ретін- дегі біліктілігі және олардың тауарға реакциялары негізінде топтарға бөлу, тұтыну стиліне қарай сегментация – алға жылжытылатын тауарға деген қажеттілікті өте жақсы болжауға мүмкіндік беретін байланысты тауарларды тұтыну туралы дерек- тер негізінде сатып алушылар топтарын бөлу және/немесе промоакцияларға жау- ап қату, нарықаралық сегментация –географиялық шекаралар шегінен тыс шыға- тын көптеген сипаттамалары бойынша ұқсас тұтынушыларды анықтау.
Сөйтіп географиялық сегментацияны жүргіздік делік. Әзірше бизнесіміз туған ауыл көлемінде дамымақшы. Сегментация мынадай деректер алуға мүмкіндік берді:

      1. әлеуетті өткізу нарығы – өніміңізді сатып ала алатын 2500 үй;

      2. дүкендер мен универсамдар (ауылыңызда бар-жоғы 16 дүкен, олар бұрын- нан 3 наубайханамен және қаладағы бір нан зауытымен бірлесіп жұмыс істеуде);

      3. 4 балабақша (олардың бірі жекеменшік), олар да нанды дүкеннен немесе наубайханадан сатып алады, онда шамамен мектепке дейінгі жастағы 800 бала тәрбиеленеді және 50 шақты мекеме қызметкері бар;

      4. 4 жалпы білім беретін мектеп, онда шамамен 2 200 оқушы білім алады;

      5. күндізгі стационары бар 1 ауылдық аурухана (шамамен 70 адам);

      6. 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі (2 топта шамамен 20 адам);

      7. «Қазпошта» АҚ 1 бөлімшесі;

      8. 2 банк бөлімшесі (Халық Банк және КазкоммерцБанк);

      9. 1 мәдениет үйі және іс-шаралар өткізілетін 1 зал (50 адам);

      10. 2 әкімдік (ауылдық және аудандық) – 100 адам;

      11. үйлену тойлары мен салтанатты шараларды өткізуге арналған 2 тойхана;

      12. басқа да инфрақұрылым.

Қорытынды: мақсатты аудитория – нан-тоқаш өнімдерін әлеуетті тұтынушы 10 000 адам.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет