Жылыжайдың бір бөлігін қиярдан босатып, тұқым алуға қалдырылған көшеттер отырғызылады.
Қалған қиярдың шіріген жапырақтарын жұлып, жаңа өсіп келе жатқан жапы- рақтарын қалдырады.
Қиярды қоректендіру мен суаруды жалғастырады.
Қызанақтың өгей бұтақтарын бұтайды.
Ашық топырақта қымыздық, рауғаш, пияз-батун, шнитт-пияз отырғызады.
Үрмебұршақтың жоғары өскен жапырақтарын алып тастайды.
Жүйекті құрғақ ауа райында суарады.
Жүйектерді үнемі арамшөптерден тазартып отырады.
Айдың соңына қарай ерте егілген картоп, қырыққабыт, сәбіз, қызылша, пияз дақылдарының өнімі жиналады.
Көкөніс өнімдерін консервілеуге қажетті жабдықтар мен құтылар дайында- лады.
Тыңайтқыш себу жалғастырылады.
Өткен жылдан қалған тыңайтқыштарды үнемі қозғап, ылғалдандырып оты- рады.
Достарыңызбен бөлісу: |