Залалсыздық нүктесін есептеу үшін әмбебап формула: P × X = FC + VC (X) және өткізуден (сатудан) түскен түсімнің компанияның нақты шығыстарына теңдігін біл- діреді.
Залалсыздық нүктесін есептеу үшін негізгі көрсеткіштердің сипаттамасы:
Формула-дағыкөрсеткіш
Сипаттамасы
P
сатып алушыға тауарды сатудағы нақты бағасы өнімді сатудың орташа бағасы бола алады (тауарлар тобына залалсыздық нүктесі есептеліп жатқан жағдайда)
X
сатудың залалсыздық шегіне жету үшін өндірілуі тиіс өнім бірліктерінің саны; өзгеше айтқанда, бұл заттай көріністегі өндіріс көлемі (дана, литр, кг және т.б.)
FC
тұрақты шығыстар – компанияның тауардың қандай көлемін өндіргенге қара- мастан көтеретін шығыстары, мұндай шығыстар өндіріс көлемі өзгерген кезде өзгермейді; бұл компанияның қандай жағдайда да көтеретін шығыстары (тіпті сатудың нөлдік көлемінде); оларға қызметкерге жұмсалатын шығыстар (еңбе- кақы бөлігі), орынжайларды жалға алу және компанияның кез келген ұйымда- стырушылық шығыстары; жобаның дамуына болжанып отырған жарнамалық бюджет, сақтандыру, салықтар және т.б. жатады.
VC(X)
ауыспалы шығыстар – компанияның тауардың 1 бірлігін өндіру үшін көтеруге қажетті шығыстары. Ауыспалы шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты және сату көлемі өзгерген кезде өзгереді; бұл шикізатқа және өнімнің қапта- масына жұмсалған шығыстар, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарға (электр қуаты) қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар, тауарды сатып алуға (дүкендер үшін) жұмсалатын шығыстар, көлік шығыстары, келісімді жалақы және сатудан түскен %, жұмыскерлерге сыйақылар, сатуды ынталандыру бойынша акциялар және т.б. бола алады.