Ақпараттық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, уақыт өткен сайын адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп келеді. Ақпараттық технологияларды қолдану сандық формаларда көрсетілген түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру бірқатар елдің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Оқушылардың айтылған құзыреттіліктерді меңгеруі – уақыт талабы, ал бұл талап ақпараттық технологиялардың әр түрлі білім беру салаларын кіріктіруге арналған ресурстар мен техникалық құралдар ұсынып, өзге оқу пәндерін оқытудағы жаңа аспапқа айналуынан туындап отыр.
«АКТ» пәніне оқытудың мақсаты оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін, қазіргі ақпараттық технологияларының негізгі білімімен, жұмыс жасау дағдылары және қабылеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы оқушыларға мәлімет беру;
ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;
бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау;
оқушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.
Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту информатика бойынша негізгі мектептің базалық курсын меңгертудің пропедевтикалық міндеттерін шешеді, сөйтіп білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті базаны құрайды.