Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет100/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Курс саясаты
1.Дәрісханалық уақыт-лекция, оқылған материалдарды талдау және әртүрлі жазба жұмыстары мен оқытушы тарапынан берілген тапсырмаларды орындаудан құралады. Негізгі ұғымдарға әр лекция барысында түсініктер беріліп тұрады. Лекция барысында берілген түсініктердің мәні мен маңызын игеру әрбір студенттің міндеті.
2.Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері бойынша бақылау сұрақтары беріледі. Студенттер уақытылы зерттеу жұмыстарын орындап отыруы тиіс. Лекция тақырыптары оқытылған соң әр тарау бойынша коллоквиум өткізіліп тұрады.
Коллоквиум тапсыру студенттердің міндеті.
3.Студенттер әрбәр сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуы қажет. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға жол беріледі.
4.Студенттер әрбәр сабақта негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты өз атына жаздырып үйден дайындалуы қажет.
5.Берілген тапсырмаға сәйкес реферат жұмысын қорғау 10 минут аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Жауап беру барысында кесте, сызба, нормативтік құқықтық актілер, арнайы әдебиеттер және көрнекті құралдар пайдалануға болады.
6.Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуға болады.
7.Лекцияда алған білімдерін бекіту, жетілдіру, материалдық ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарды әр түрде өткізуге болады: сұрақ-жауап; проблемалық; баяндау; пікір-алмасу; дебат түрінде.
8.Берілген тапсырманы уақытылы орындамаған жағдайда студентке қойылатын балл төмендетіледі.
9.Практикалық сабақ интерактивті әдістерді (дебат, кейс және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
10.Семестр бойына студенттер алдын-ала білім деңгейін анықтау үшін семестр ішіндегі екі аралық бақылауды тест түрінде тапсырады.
11.Тыңдаушылардың кітапхана ережесі бойынша ҚМУ кітапханасы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет