Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Лекция №4. Тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде



бет38/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Лекция №4. Тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
4.1. Қоғам ұғымы және қызметі
4.2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
4.3. Әлеуметтік инстиуттар



  1. Қоғам-тірі организм сияқты біртұтас күрделі жүйе. Адамның дене мүшелері-жүрегі, миы, аяқ-қолы, сезім мүшелері т.б. оның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Егер солардың бірі кеміс болса, не қызметі нашарласа, адам организмі әлсірейді, тіпті өмір сүруден де қалады. Сол сияқты қоғамның да түрлі құрылымдары, салалары (саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани) бар және олардың әрқайсысы тиісті қызмет атқарады, бүкіл қоғамдық жүйеге, оның бірлігіне, органикалық тұтастығына әсер етеді.

Кез келген қоғамдық ортада адам өмір сүреді: ол қоғамның жігерлі субъектісі, қоғамдық құрылымда оның бірлігінде, институттарда, ұйымдарында әрекет ететін шешуші тұлға.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұйымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.) Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп сапалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасымен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүрумен дамуына материалдық жағдай жасауы, ал екіншісі (идеологияның, саяси құқықтың, имандылық) – адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар өзара байланысты және ол қоғамның дамуына ұйытқы болады.
Қоғамның табиғатпен ерекшеленуінің сипаты неде? Табиғаттың апатты сипаты, стихиялық қасиеті бар. Ал қоғамдық дамудың ортасында сапасы мен еркі билеген адам тұрады. Табиғат қоғамның және адамнан тыс, өзіне тән заңымен өмір сүреді және дамиды. Алайда, адам қоғамы - мәдениетті жасаушы, табиғатты өзгертуші. Бұл - адам және қоғам өз іс-әрекетінде табиғатқа қарсы тұрады деген сөз. Адамның мәденитетті жасаудан басқа, табиғатқа деген қатынасы оны жауап алушы, бағындырушы деген түсінік тудырады. Неге? Себебі табиғат пен қоғам тікелей байланыста, өзара қатынаста болады. Біріншіден, табиғи орта, географиялық және климаттың климаттық ерекшеліктер қоғамның дамуына белгілі дәрежеде әсер етеді. Өзендер мен көлдер, ауа-райы шаруашылыққа, өмірге қандай әсер ететінін күнделікті өмірден білеміз. Су арқылы ортаның ластануы, табиғи байлықтың азая бастауы экологиялық дағдарыс туғызады, адамның өмір сүруіне қауіп төндіреді.
Екінші жағынан, қоғам адамдардың осы табиғи өмір сүру ортасына әсер етеді. Адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы қоршаған табиғи ортаны өзгертеді. Көптеген аймақтардағы батпақты жерлер құрғатылып, ал дағалардың барлығы айналғанын жақсы білеміз. Өзен сулары негізінде гидроэлектростансалар жұмыс істейді. Сонымен қатар шарушылықты дұрыс басқармау нәтижесінде теңіз, көлдердің тартылып, құнарлы жерлер тозып, елсіз бос далаға айналып кеткенінде жақсы білеміз. Бұлардың бәрінің де іс-әрекетінің нәтижесі.
Сонымен қатар, табиғаттан ерекшеленуін айтқанда, оның табиғаттан, табиғи дамудан ажыратылуын емес, сапалық ерекшелігін айтамыз. Қоғам-адамдар арасындағы қалыптасқан өзара іс-әрекеті мен байланыстарының жиынтығы.
Қоғам ежелгі дүниедегі мемлекеттен бұрын пайда болды. Қоғам адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және оның құрамында өздері өмір сүреді. Ол жануарлар дүниесінен өзінің саналығымен және мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді. Күнделікті өмірде қоғам ұғымы жиі айтылып, әртүрлі мағынада қолданылады, ал әлеуметтануда «қоғам» деп мына сипаттамалары бар жиынтықты айтады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет