Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Дәрістік кешені (дәріс трезистері, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)



бет48/102
Дата09.03.2022
өлшемі3,73 Mb.
#134697
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Байланысты:
madeniettanu paninin oku-adistemelik kesheni 2021-2022 zh.zh. (1)

6. Дәрістік кешені (дәріс трезистері, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)


Дәріс 1.Мәдениет морфологиясы
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Теориялық ыңғайларды шолу: Л.Уайт, З.Фрейд, К.Леви-Стросс, Э.Тайлор, О.Шпенглер, А.Тойнби, Л.Гумилев, П.Сорокин, С.Хантингтон және т.б.
3. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері


Дәріс сабағының мақсаты: Мәдениет морфологиясын анықтау. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихын түсіну. Мәдениеттану ғылымының негізгі теориялармен танысу.
Кілттік сөздер: мәдениет, мәдениеттану,морфология, кеңістік мен уақыт, паттерн /мәдени үлгі/
1.Мәдениеттану философиядан бөлiнiп шығып, өзiнiң зерттеу тақырыбына ие болады, «мәдениет археологиясына» көңiл аударады, оның генезисiн, жұмыс iстеуiн және дамуын анықтайды, мәдени мұрагерлiк және тұрақтылық тәсiлдерiн, мәдени даму «кодын» ашады. Ол келесi функцияларды қамтамасыз етедi:
— мәдениеттi, оның ауызша және символдық қабықшада жасырынған базалық негiздерiн сақтау;
— мәдениеттiң, жаңару, инновация институттарының қалыптасуы;
— мәдениет трансляциясы – мәдениеттiң заттану әлемi индивидтiң әлеуметтенуы мен мәдениеттiң даму әлемi ретiнде.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын тарихшысы Э.Тайлордың «Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эволюционист ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ эволюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды: “Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен, өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
2. Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. (Л.Уайттың негiзгi еңбегi осылай аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
— біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
— екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез–құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т.б. қатынастардан тұрады;
— үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
Қазіргі уақытта 500-ден астам анықтама бар. Зерттеушілер жүзден астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды былай топтастырды;
— суреттейтін анықтамалар, олар өзінің негізінде Э.Тайлордың мәдени антропологиясының негізін салушы тұжырымдамасынан шыққан. Мұндай анықтамалардың мәні мынандай: мәдениет – бұл қызметтің, сенімдердің барлық түрлерінің жиынтығы, оған адамның жасаған барлық нәрселері (кітаптар, картиналар және т.б.), табиғатқа және қоғамға бейімдеу жолдарын білу, тіл, дәстүр, этикет жүйесі, этика, дін кіреді;
— тарихи, қазіргі кезеңге адамзат дамуының бұрынғы кезеңдерінен жеткен дәстүрлер мен әлеуметтік мұраның ролін айқындайды, яғни мәдениет тарихи даму нәтижесі болып табылады және барлық жасандыдан, адам қолынан шыққан заттан және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын құралдан, символдан, ұйымнан, жалпы қызметтен, көзқарастардан, сенімнен құралады;
— нормативті, яғни қабылданған ережелер мен нормалардың мәніне көңіл бөлетін. Мәдениет – бұл әлеуметтік ортамен анықталатын, индивидтің өмір салты.
— құндылықтар: Мәдениет – бұл адамдар тобының материалдық және әлеуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет–ғұрыптары, мінез-құлық реакциялары,
— психологиялық, адамның нақты проблемаларды психологиялық деңгейде қалай шешетіндігінен шығады. Мәдениет – адамдардың табиғи орта мен экологиялық қажеттіліктерге ерекше бейімделудің барлық нәтижелерінен жинақталады,
— әлеуметтік – педагогикалық: мәдениет бұл адамның биологиялық мұра (генетикалық) ретінде алатын емес, үйренетін мінез–құлығы (әлеуметтендіру процесінде ие болады);
— құрылымдық, ұйымдастыру немесе модельдеу моменттерінің маңыздылығын белгілеп көрсетеді. Мәдениет – алуан түрде өзара байланысқан нақты белгілер жүйесі, Адамның негізгі қажеттіліктерінің маңына ұйымдастырылған, мәдениеттің материалдық және материалдық емес белгілі мәдениет ядросы (моделі) болатын әлуметтік институттарды құрады;
— идеологиялық; мәдениет – бұл ерекше әрекеттердің көмегімен индивидтен индивидке ауысатын идеялар ағыны;
— символдық: мәдениет – бұл белгілер мен символдарды қолданудан тұратын немесе оған байланысты болатын, әртүрлі феномендер (материалдық заттар, әрекеттер, идеялар, сезімдер) ұйымы.
Мысалы, мәдениет дегеніміз: – барлық адамзат қабылдаған ойлау тәсілі (К. Юнг); – адам баласының қарқынды түрде өз-өзін бостандыққа шығару үдерісі (Э. Кассирер); – адам баласын жануардан ерекшелендіретін нәрсе (В. Ф. Оствальд); – адам баласы жасаған қоршаған ортаның бір бөлігі (М. Херскович); – белгілер жүйесі (Ч. Моррис, Ю. М. Лотман); – материалды және рухани құндылықтар жиынтығы (Т. Эллиот) және т.б. Сөйтіп, мәдениеттің философиялық тұрғыда түсінудің мәні – әртүрлі амал-тәсілдерді пайдалана отырып, оның мәнін жалпы байланыстар мен заңдылықтар тұрғысынан тұтастай ашып-қарастыру.
Зигмунд Фрейд - австралиялық невропатолог, психиатр және психолог, психикалық талдау (психоанализ) мен фрейдизмнің негізін қалаушы. Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, творчестволық процестерді түсіндіруде, тіпті бүкіл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Психикалық талдауды этнография, тарих, дін және мәдениеттің ұлы қайраткерлерінің ғұмырнамаларын жазуда кеңінен қолдана отырып, Фрейд пен оның ізбасарлары мәдениет — «жеке адам психикасының қоғамдық экрандағы көрінісі» деп қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет