Өзін өзі тексеруге және бақылауға арналған сұрақтар: 1. Семиотика ілімінің аймағы.
2. Ұлттық код дегеніміз.
3. Мәдениеттің негізгі рәміздерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі 1. К. Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс.- Астана: 2018.
2. А. Барнард Антропология тарихы мен теориясы - Астана: 2018.
3. С. Г.Тер-Минасова Тіл және мәдениетаралық коммуникация. -Астана: 2018.
4. В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс Тіл біліміне кіріспе.- 10-бас. - Астана: 2018.
Дәріс4. Мәдениет анатомиясы 4.1.Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. 4.2. Мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері. Этикет Дәріс мақсаты: Мәдениет формаларымен таныстыру,қарым қатынас және этикет туралы қысқаша мәлимет беру. Адам өміріндегі қарым-қатынас мәдениетінің мәнін ашу Кілттік сөздер: миф, өнер, дін. мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. Өнер – бұл рухани бейнелеу мен шындылықты меңгерудің ерекше түрі. Адам қабілетін туғызуды және дамытуды мақсат қою арқылы қоршаған ортамен өзін-өзі әсемдік заңы бойынша шығармашылық өзгерту. Екіншіден, өнер -бұл көркемдік, эстетикалық, құндылықтар жинақталған мәдениеттің бірден-бір элементі. Үшіншіден, бұл әлемді сезім арқылы таным формасы. Адам танымының үш әдісін көрсетуге болады: рационалдық (логикалық, абстрактылық, пайымдауға негізделген), сезімдік (эмоцияға, сезімге негізделген); иррационалдық (интуицияға негізделген). Төртіншіден, өнерде адамның шығармашылық қабілеті көрінеді. Бесіншіден, өнер ләззат алумен рахат алу мүмкіндігін беретін көркемдік құндылықтарды адамның меңгере алуы мәселесін қарастырады. Мәдениеттегі діннің ролін әрбір мәдениеттің жүйесін құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Дін –қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама беру өте қиын. Егер «религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіреді. Цицирон шығармаларында «религия» өзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қары қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Мораль (латын сөзінен «moralis» аударғанда «адамгершілік»; «mores» – «мінез»)- адам мінез құлқын раттейтін қоғамдық институт. Мораль – адамгершілік, адамның қоғамға және өзінен басқа кісілерге қатысты мінез-құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт.Мораль қатынасында «сырттан» қамтамасыз етумен байланысты сәттерге ерекше көңіл аударылады. Өмір жағдайында олар өте маңызды. Егер бұған тереңірек үңілсек, адам- бұл жоба, өмірдің шындық түрінде , сол сияқты мәнді-мазмұнды қарым-қатынастың тіршілік ету деңгейінде өз бетімен субъективті жасалады және жүзеге асырылады. (Сартр ).Адам өзін қаншалықты жүзеге асыра алады ,соншалықты тіршілік етеді. Бұндағы өмірдің мәні өзіне қызмет ету. Ежелгі гректердің дәлелдеуінше: «Адам - барлық заттардың өлшемі», «Өзіңді-өзің таны» деп айтқан.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз мінез құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адам ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдарда бір-бірімен қатынасқа келеді.Демек, құқық нормалармен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс. Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болсын, адамдар арасындағы қарым-қатынастардыа тәртіп болуына бағытталады. Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас-белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше.
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет» сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғ. этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.