Бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі75,26 Kb.
#151082
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
181 Жаратылыстану 1-4 каз


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы «10» мамырдағы
№ 199 бұйрығына 7-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 181-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған
«Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы


№ 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17669 тіркелген).
2. Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
3. Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты – әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негізін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
4. Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
1) зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыру;
2) техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты бағдары болады.
2-тарау. «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет