9
Студенттер практикасына басшылық ету үшін университет кафедрасынан
практика
жетекшісі тағайындалады, практиканың алғашқы кезеңінде туындаған
барлық сұрақтарын ең бірінші осы жетекшімен бірлесе отыра шешіп, сонымен
қатар кафедра жетекшісі мен жетекші маманмен кеңесе алады.
Практика жетекшісі студенттердің ӛндірістік практикаларының қай түрі
болмасын алдымен ұйымдастырушылық жиналысын ӛткізеді, онда практиканың
бағдарламасымен, ұйым формаларымен, аралық және қорытынды бақылаумен,
есептің
құрылымы және мазмұнымен, практика бойынша күнделік жүргізу
тәртібімен таныстырып, әдістемелік материалдар мен құжаттамаларды таратады.
Сонымен қатар студенттермен еңбек қорғау жӛнінде арнайы жорналда белгі
салып, инструктаж жүргізіледі, онсыз практикадан ӛту орнына жіберуге рұқсат
етілмейді.
Практикаға жолданған студент оның сапалы ӛтуін қамтамасыз ету үшін
міндетті:
- практика басталмас бұрын кафедрада жеке тапсырмалар кӛрсетілген
практика бағдарламасын, күнделікті жүргізу ережесін, жеке тапсырманы
орындау әдістемесін, кәсіпорынға
арналған жолдамасын, кәсіпорыннан
практика жетекшісіне сауалнама алып, техника қауіпсіздігі инструктаждан ӛтіп,
жорналда қол қою қажет;
- ӛзінің міндеттерін білу;
- практика бағдарламасын оқу, жеке тапсырмасын және кафедрадағы
түсініксіз сұрақтарды анықтау;
- практикадан ӛту орнына уақытында бару;
- ӛндіріс орнының жетекшісіне барып, жеке тапсырма және бағдарламамен
танысып, практика ӛту үшін
нұсқау алып, уақытпен және кеңес алу орнымен
келісу;
- ӛндіріс орнында ішкі тәртіп ережелерін орындау;
- ӛндірістік практикадан ӛту кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі
және ӛндірістік санитарияны ережелерін сақтау;
- кәсіпорындағы ішкі еңбек
тәртібінің ережелерін сақтау;
- жүйелі түрде күнделік жүргізу, университеттегі практика жетекшісі мен
ӛндіріс орнынан практика жетекшісіне аптасына бір рет қолдарын қойдыртуға
апару;
- күнделікке кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге келгендігі және практика
аяқталған соң кеткендігін белгілеу;
- қорытындылау аптасында практика бойынша есеп құру;
- практика аяқталуға қалғанда кәсіпорыннан уақытша қолдануға алған
әдебиеттер мен басқа
заттарды, рұқсатнаманы тапсыру;
- практика аяқталып, университетке оралған соң, 2 күн ішінде практика
жетекшісіне барлық тапсырмаларды орындағандығы туралы жазбаша есеп,
және кәсіпорындағы практика жетекшісінен мінездеме және сауалнамалары бар
күнделікті тапсыру;
- қойылған уақытта практика бойынша есепті қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: