Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата05.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#195155
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

ере түсті
де, тоқтады. 
Әлдене дегісі келгендей аузы әнтек ашылып, ыржиып 
сөлекет күлімсіреп тұр.
Тәңірберген қатты жүріп кетті. Шамын сөндіріп, 
есік-терезесін тас қып бекітіп алған аласа үйлер қараңғы 
көшенің екі бетінде мүлгіп, үнсіз қарауытады. Көшеде 
тірі жан жоқ. «Сорлы бала» деді Тәңірберген ішінен. 
Көңілі қатты толқып кеткені сонша, мырза өзі тоқтаған 
үйге қалай жеткенін де байқамады. Үйге тақай бергенде 
көлдің арғы бетінде бекініп жатқан әскер шебінің ұзына 
бойында ұйқы-тұйқы атыс боп кетті. Шабалаңдап иттер 
үрді. Қораның түп жағында таң асырып қаңтарып 
қойған ат оқыранды. Мырза атысқа құлағын caп үй 


812
алдында іркіліп тұр. Ойлы көзін көкке тігіп қалған-
ды. Кенет қара түнек аспанның алыс бір түкпірінен 
жұлдыз ақты. Соңынан от саулап ағып барды да, сөнген 
шырақтай қап-қараңғы тұңғиыққа жым-жылас батып 
кетті. «Кім де болса бір жанның демі үзілді. Бір шырақ 
сөнді» деп түйген Тәңірберген тағы бір жанашырымен 
қоштасқандай жүрегі сыздап тұр.
* * *
Ақтар келесі күні қалаға кірді. Онда да түске тарта 
атыс үдеп, екі жақ оқты қардай боратып жатқан бір 
кезде атаман Дутовтың атты әскері қаланы қыр жақтан 
айналып өтті. Енді кідірсе, қоршауда қалатын қауіп 
төнгесін қызылдар қаланы тастап, тез-тез шегіне бастап 
еді. Қала халқы есік, терезелерін тарс жауып, үйлеріне 
тығылып алған. Тәңірберген де бұл арадан тезірек 
кеткісі кеп, ат-көлігін әзірлеп қойған-ды. Ол тек жүрер 
алдында інісімен тағы да бір тілдескісі кеп, жіпсіз 
байланып отырғанда, атаман Дутовтың атты әскері 
қалаға кірді. Іле-шала үсті-басы шаң-шаң жаяу әскерлер 
топырлап кіре бастады. Ұзын мойын зеңбіректер мен 
оқ-дәрі тиеген ат арбаларда есеп жоқ.
Тәңірберген әскер аяғы басылғасын болмаса дәл 
қазіргідей қала іші сапырылысып жатқанда жолға 
шығу қауіпті екенін білді. Бірер күн аңысын аңдамақ 
боп отырғанда генерал Чернов аяқ жетер жердің 
бәрінен байлар мен би, болыстарды жинап жатыр 
деген хабар тиді. Осы қаланың қалталы көпестері 
де генерал тоқтаған үйдің кең қорасына жиналып 
жатты. Тәңірберген әдепкіде барғысы келсе де, кейін 
ол ойдан тез айныған-ды. Чернов қант салған шайды 
күміс қасықпен былғап отырып, үнсіз жиынға көз 


813
салды. Қара киімді қала азаматтары сұр шапан, сұр 
шекпен киген қазақ байларынан іргесін аулақ caп, өз 
алдарына оқшауланып отырыпты. Генералдың көзі 
қара мақпал тақия киген татар байына түсті. Орыс 
генералының осы жолы анау-мынау емес, бір ауыр 
салмақ салғалы отырғанын байқаған Темірке салған 
жерден терісі тарылып, бүрісіп-тырысып алған-ды. 
Өзінен генералдың көзін айырмай қойғаны да ұнамады. 
«И-и, Алла, мені бұған айтып қойған, инді». Қолбасы 
қысқа сөйледі: жергілікті халық әскерді азық-түлікпен 
жабдықтау керек. Киім керек. Ат керек. Акша керек деп 
еді, енді татар байы бұрынғыдан бетер тобы кішірейіп, 
бір уыс боп бүрісе түсті. «И-и, айттым, вит. Айттым. 
Айттым». Қасындағы кісілерге күңкілдеп:
– Есіттің бе? Осы күні кісі қарны тойып ас ішпей 
жүргенде, сонша әскерге... иоқ, иоқ, ондай байлық 
миндә иоқ, әлі – деп, азар да безер боп қолын сілкіледі.
Жиналған кісілер қипалақтап, бір-біріне қиналған 
қабақ астынан көз тастады. Бір пәтуаға келе алмай, көп 
жиын әрі толқып, бері толқып отырды да, ақыр аяғында 
қолдан келген көмекті аямаспыз деді. Генерал Чернов 
мына жұрттың ықылассыз түрін байқаса да, бірақ әлі 
де болса аңысын аңдап көргісі келді. Ертеден бері 
қолбасының ту сыртында қыбыр етпей тұрған штаб 
офицері бір аттап ілгері басты. Черновтың құлағына 
еңкейіп сыбырлап еді, Чернов құптап басын изеді де, 
жиынға қайта көз тастады.
– Аралға дейінгі жер бізге қиын соққалы тұр. 
Алдымызда Улу-кум, Киши-кум жатыр. Оның арғы жағы 
елсіз, сусыз шөл дала. Бізге жол көрсететін сенімді кісі 
керек.
Темірке басын көтеріп алды:
– Ондай кісі бар!


814
– Ол кім?
Темірке қасында отырған Ебейсінді тақымынан 
түртті:
– Менен гөрі оны сен жақсы білесің, әлі.
– Жоқ, білмеймін.
– Білесін. Білесің, вит. Екеуің бір ауылдансың, әлі.
– Жоқ, білмеймін.
Темірке мына жігіттің бөккен балшықтай бітеуленіп 
ала қойған бетін көргенде жағасын ұстағандай шошып 
кетті.
– И-и, Алла... Аллақайым, менің аузым жеңіл, жеңіл 
инді. Әйтпесе, Тәңірберген мырзаны осында отырған 
кісілердің бәрі, бәрі біледі, вит.
– Как... Как вы сқазали? Тан... Танир?..
– Тақсыр, Тәңірберген.
Генерал Чернов әлденеге түсі бұзылып, тақиялы 
татарға сенімсіздене қарады:
– Ол кім өзі?
– Тақсыр, ол бик жақсы, матур жігіт. Бай. Мырза.
– Арал өңірінен бе? – деді генерал.
– Иә, иә. Сіз де білетін болдыңыз ғой?
– Білем. Жақсы білем. Ол қайда?
– Қалада.
– Бұнда неге келмеді?
– Тақсыр, оған хабар тимеген. Хабар тисе ол бұнда 
бәрімізден бұрын келер еді. Я, ол сондай тамаша, матур 
жігіт.
Генерал Чернов қасында тұрған офицерге бұрылды.
– Есіңде ме, ол анада қызылдардың бізге жіберген 
жансызы.
– Иә, білем.
– Ұстаңдар! Тез. Айырылып қалмаңдар!


815
* * *
Еламан Кенжекейге үйленгесін, іле-шала бұларға 
Сүйеу қарт келген-ді. Қолы ашық қарт жалғыз нарын 
жетелеп әкеп, желіге байлап жатып: «Үйің толған 
шиеттей жас бала» деді. «Жаз айында ақсыз отыра 
алмайды» деді. «Нар буаз. Алдағы жылдың басында 
боталайды. Балаларыңа ағарған болады» деп еді.
Сол нар биыл боталап, балалардың аузы аққа тиіп 
қарық болды. Тек бұларға жалғыз түйені жағада ұстау 
қиынға соқты. Өзінің бұрынғы оты, суы мол дағдылы 
өрісін аңсап, ұзап кете берді. Тақа тынышы кеткесін 
Кенжекей кейінгі кезде аяғын тұсап жіберетін болды. 
Соның өзінде қарғып жайылған нарды ол бүгін Бел-
Аранның сыртындағы қара бұйраттан алып қайтты.
Тез оралам ғой деп балаларды көршілерге де 
тапсырмай кетіп еді. Естияр баласы Өтеш. Оған сенім 
шамалы. Күн санап осы баладан көңілі қалып жүр. 
Әкесі түзде жүргенде жалғызілікті анасына қолғабыс 
берудің орнына, осы шірік неменің өскен сайын пиғылы 
бұзылып барады. Кенжекейдің көзі тайса болғаны 
қасындағы кішкентай інілерін жылатады. Ала-бөле 
күндес қатыннан қалған кішкентай Әбілді көбірек 
зәбірлейтін. Сотқар бала осы жолы да Әбілді жылатып 
қойған екен. Кенжекей бауырына басып айналып-
толғанып көріп еді, бала жұбанбады.
– Ай, Өтешжан-ай, саған не болды. Кішкентай 
балаға неге тидің?
– Мен тиген жоқпын, өзі жылауық.
– Сен... сен тидін, асы-ғым...
Өтеш өрешеге арқасын беріп міз бақпай безеріп 
алған. Інісінен тартып алған асықты оңайлықпен беретін 


816
түрі жоқ. зәті жуас Кенжекей, сірә да, бала ұрмайтын. 
Оның үстіне Өтештің жолы бөлек. Әжесі сүт кенжем 
деп, жөргегінен бауырына басқан бала болған соң осы 
күнге дейін бұған ерекше бір ықыласпен, қайнысындай 
қастерлеп қарайтын-ды. Осы жолы сіркесі су көтермей 
шаршап келгесін бе, әйтеуір түйілген қабақ астынан 
тап бір Төлеуше жаулық ниетін жасырмай тұнжырап 
қараған баланы жағынан тартып жіберді:
– Бер!.. Бер, баланың асығын.
Өтеш жыламады. Қаны қашып құп-қу боп кеткен 
бетінің шапалақ тиген жері ғана ду етті. Және осы 
тұқымның еркектерінде болатын көкбет өжеттікпен 
анасына кірпік қақпай тура қарап тұрды да, қынаға 
бояған қызыл қоңыр сақаны ышқырынан алды.
– Сен... сен өз балаңнан гөрі өгей баланы жақсы 
көресің.
– Өшір үніңді. Ол сенің інің... бірге туған бауырың...
– Тапқан екенсің. Сен ұмытқанмен, менің есімде... 
Оның шешесі өзіңді үй айналдыра сүйрет...
Кенжекей не болғанын білмей қалшылдап кетті.
– Шық! Шық үйден! – деп айқайлап, тапжылмай 
тұрған балаға дәл бір түтіп жейтіндей жетіп барып, 
жерді теуіп-теуіп қап, – жоғал, хайуан! – деді. Баласын 
үйден қуып шыққасын да долы жас көзіне құйылып, 
дір-дір етіп тұр. «Доңыз! Доңыз...» деді ішінен. Осы 
баласы құрғырдың бар мінезі Төлеуге ұқсаған. Өскен 
сайын сол тұқымның іштар қызғаншақтығы мен қыңыр 
кеждігі жеңіп барады. Әлден түрі мынау. Былайырақ 
барғасын бұлар да Қалау мен Төлеушілеп бір оттың 
басына сыйыспай, қысқа күнде қырық төбелесіп 
жүрмесе қайтсін. Соңыра ер жеткесін осы мінезін 
Еламанға да істеп, тәтті тірліктің шырқын бұзып 
жүрмесе жарар еді-ау. «Құдай-ау, енді қайттім? Қандай 


817
амал бар бұл шіркінге?» деп ойлап, оңаша үйде жаны 
күйзеліп отырған.
Кішкентай қыз қыңқылдап кеп етегіне оралды. 
Балаларының ең кішісі осы. Бұл күнде бұ да төртте. 
Құдай қарасқанда осы қызы ауру-сырқаусыз, қол-аяғы 
балғадай боп өсіп келеді. Тек Әшімжан жүдеу. Қолға 
алғаннан бері, әйтеуір, ілесінен айықты. Соңғы кезде 
тілі дұрысталып, аяғына басып кетсе де, сорлы бала 
етке шықпай-ақ қойды. Өзі аумаған әкесі болатын. 
Үлкен ала көзі, қоңқақ мұрны, кез иегі құйып қойғандай. 
Аяғы алысқа түсіп кеткен күйеуін сағынғанда Кенжекей 
әрқашан істеп жатқан шаруасын қоя сап, осы баланың 
әкесіне қатты ұқсайтын бет әлпетіне телміріп қарап 
қалады. Кейде ол өз бетінше ойнап жүрген Әшімді 
жүгіріп барып, құшырланып бауырына қысқысы кеп 
кетсе де, қалған балалардан бата алмайды.
Еламаннан көптен хабар жоқ. Шалқарға барып 
қайтқан кісілер көре алмадық деп, бұның қосүрей көңілін 
қорқыныш билеп жүрген-ді. Осыдан бір ай бұрын ауру 
әкесіне Ақбала келіпті деп естіді. Осы хабар құлағына 
тиген бойда Қарақатын істеп жатқан шаруасын тастай 
caп, алау-далау боп жүгіріп келді.
– Ойбай-ау, не есіткенің бар?
Кенжекейдің дыбысы шықпай қалды. Қарақатын 
оның қуарып кеткен өңіне қарады да, қасына тізе бүкті.
– Естіп пе едің?
Кенжекей әлі құрып, буын-буыны дірілдеп қоя 
берген бойын қасындағы қазандыққа сүйеді. «Көптен 
бері хабар болмай кетіп еді. Сорлап қалған шығармыз»
деген суық ой жүрегін мұздатып барады.
– Сақ бол, ана сайқал төркініне кепті ғой, – деді 
Қарақатын.
– Кім?


818
– Ақбаланы айтам. Ал көре қал, бұнысы тегін емес.
– Әкесі сырқат деген.
– Соған сенесің бе? Сол қызыл көзге қағынды келетін 
бе еді? Жұртқа зәрін жайып, жыландай ысқырады 
да отырады. Қызы да жөргегінен ұшынған. Осыдан 
көрерсің де білерсің, мені әулие дерсің. Ол жүзіқараның 
Еламаннан дәмесі бар.
– Құдай-ай, қойшы.
– Сен аңқаусың.
– Жоқты соқпа.
– Сен ашық ауызсың. Жұрттың бәрін өзіңдей көресің.
– Алла разы болсын... қойыңызшы.
– Өй, мынаның есі дұрыс па? Қойы не, а?
– Бірді бірге шатпасаң тыныш жүре алмайсың ба?
– Ойбай-ай, енді не дейін. Мына шірік мені масқара 
қылды-ау! Мен сорлы омырауымды ашып аңқылдап 
келсем... Күні кеше Төлеу шашыңнан сүйреп...
– Шық! Жоғал! Ой, жексұрын!
– Өзің жексұрын. Жер басқан жанның азы мен 
тозысың. Ертең қойныңдағы байыңды тартып алады. 
Сонда көрермін сенің әуселеңді...
Қарақатын ауылды басына көтеріп бат-бұттап сөйлеп 
барады. Кенжекей ауыл-үйден қысылды. Үй ішінде 
үрпиісіп қалған балалардың бары-жоғын да сезбей, 
шынтағымен ошаққа сүйеніп отырып қалды. Осы бір 
қаңку сөз құлағын сарсылтқалы қашан. Балалары жатқан 
төсектің шет жағына кисайған Кенжекей қараңғы үйде 
көз ілмей жатыр еді; көңілін күдікке бергісі келмесе де, 
әлгі қара пәленің лаңы қайта-қайта есіне түсе берді.
Төлеу жер-суын тастап, жағаға көшіп келетін жылы 
Ақбаланы көргені бар. Құдық басында кездескен-ді. 
Ақбаланың ажары сынық екен. Өздері сияқты шолақ 
дүниенің зарын тартып, жілігі шағылып жүрмесе де, 


819
аппақ сұлу жүзінен ішінен азып жүдеп жүрген көңілін 
сезіп еді-ау. Жаңағы қара пәле мың жерден кірлемек 
болса да, құдай біледі, ардан аттап жүрмеген шығар. 
Иә, ол байғұста не сын бар. Етінің қызуы, бетінің 
қызылы тарқамай жатып екі үйдің босағасын көрді. 
Беті ашылды. Базары қайтты. Бай мен баладан бірдей 
айырылды. Иә, ол бейбаққа да оңай боп жүр дейсің бе?
Қарақатын қанша айдап салса да, бұның өзінің арғы 
жағында Ақбалаға құттай да қызғаныш жоқ. Қайта 
оны есіне алған сайын бағы ашылмаған байқұстың 
басындағы мүшкіл халді осы түн ол соншалық бар жан-
тәнімен сергек сезді. Қасында ұйқылы көзімен кеудесін 
сипалап жатқан кішкентай Әшімге де бұрынғыдан гөрі 
басқа көңілмен қарады.
Кенжекей күндегіден ерте тұрды. Балаларын 
көршісіне тапсырды да, алдына Әшімді алып, ертеңгі 
салқынмен жүріп кетті. Ботасы ауылда қалған түйе ілгері 
жүрген сайын қайта-қайта артына жалтақтап, аңырап 
боздап келеді. Ыстық тез түсті. Тас төбеге келген күн 
шақырайып тесіп барады. Түйе үстінде итіңдеп зықы 
кеткен бала әрі-берідесін қыңқылдап жылай бастады. 
Түс ауа бергенде бұлар жазық далада бір өзі жалғыз 
шошайып тұрған Жетімқараға жетті. Осы шоқының 
етегінде қоңыр үзікті кедей ауыл отыр екен. Сыртта тірі 
жан көрінбеді. Күндізгі ыстық аптаптан ауыл адамының 
бәрі ішке тығылған сияқты.
Кенжекей түйе басын шеткі үйге тіреді. Қозылар 
көгендеулі жатқан желі басына түйені шөгере бергенде 
іштен бір әйел шықты. Кенжекей оны бірден таныды.
– Ақбала! – деп дауыстап, түйеден қолына ұстай 
түскен кенеп дорбадағы қақпыш балықты сатырлатып 
сүріне қабына жүгірді.
Ақбала өзі танымаса да, бірақ бұны ол танып, атын 


820
атап жатқасын іркіліп тосып тұр.
– Ақбала апаң ғой. Бар. Бара ғой, айналайын.
Ақбала дір ете қалды. Бейтаныс келіншектің 
жанында томпаңдап келе жатқан қоңқақ мұрын қара 
балаға қарады.
– Амансың ба, құрбым.
Ақбала қасында ыржиып тұрған ақжарқын 
келіншекті көрді. Оның не дегенін есітпесе де, тіл 
қататын орай өзінен екенін біліп, болар-болмас бірдеңе 
деді.
– Танып тұрған шығарсың, – деді Кенжекей өзінің 
шалғайынан тас қып ұстап алған баланы иегімен 
нұсқап. Ақбала басын изеді. Бір түрлі сөлекет күлкі бет 
ажарын бұзып, біліне түседі де сөне қалады. Кенжекей 
«апаңа бар» деп қайта-қайта итермелесе де, аяғын 
баспай қойған ұялшақ қара баладан көзін айырған 
жоқ. Әшім онан сайын қысылып, Кенжекейге тығыла 
түсті. Бұрын-соңды бірде-бір әйелдің өзіне дәл мына 
келіншекше мейірімді, мұңды көзбен мұншалық жаны 
үзіле қарағанын көрген емес-ті.
Әшімге тілін алғыза алмаған соң енді Кенжекей де 
сағы сынып: «Ай, шырағым-ай, шыққан жатырыңды 
жатырқап, балалығың ұстап тұр ғой, не қылса да» деді 
ішінен.
* * *
Бұл күні Сүйеу қарттың үйі кешкі асты қызыл 
іңірде ішкен еді. Көлік соғып шаршаған бала дастархан 
басында үлкендермен бірге ас ішіп отырып ұйықтап 
кетті. Ақбала қонақ келіншек пен балаға төсекті бірге 
салып еді. Кенжекей жатар кезде ұйықтап жатқан баланы 
көтеріп апарды да, Ақбаланың төсегіне салды. Ақбала 


821
көрсе де, көрмеген сыңай танытып, күйбеңдеп, үй 
шаруасын істей берді. Бұнда келгелі дағдыға айналған 
әдет бойынша кешкі астан кейін ауру әкенің жайын 
істеп, насыбай салған мүйіз шақшаны жастығының 
жанына қойды. Онан таң атқанша әлденеше оянатын 
әкесіне шөлдегенде ішетін сусын әзірледі. Сосын
жалпылдақ шамды есік жақтағы шелектің үстіне қойып 
жатып, қонақ келіншекке көз қиығын тастап еді, ол 
әлгінде іргеге бетін беріп жатқан күйінен қозғалмапты. 
Ақбала шам жарығын басып қойды. Бір шөкім бетін 
құйттай алақанына caп, тырп етпей тып-тыныш ұйықтап 
жатқан баланың жанындағы бос орынға қисайды. 
Әшім оянбады. Кенжекейге істейтін күндегі әдет пе, 
ұйқылы күйде Ақбаланың омырауын сипалап, кеудесіне 
тұмсығын тығып тып-тыныш бола қалды. «Құлыным-ай. 
Тірі жетім сорлы балапаным-ай!». Ағыл-тегіл жылаған 
әйел баланы күнсіген айдарын иіскеп, құшағына тас 
қып қысты да, таң атқанша көз ілмей қыбырсыз жатты. 
Бұрын ол қатты ұйықтап жатып та сырқат әкенін сәл 
қозғалғанын сезетін. Бүгін бауырындағы баласынан 
басқа тірі бір жанды ойламады. Күндегі әдетпен сусын 
ішкісі кеп оянған әке де, өзінен қол созым жерде 
жатқан қонақ келіншек те есінен тарс шығып кетіп еді. 
Жазғы таңның қылаң берген алғашқы сәулесі шапақ 
шашып, түндігі түсірулі абажадай үй іші бозамық тарта 
бастағанда, Кенжекей қозғалды. Балықшылар аулының 
ерте тұратын жайы Ақбалаға белгілі. Қонақ келіншектің 
күндегі дағдылы уақытта оянатынын білген Ақбала 
ұйықтап жатқан баланың қасынан тұрып кетті. Сыртқа 
шығып шай қояйын деп жатыр еді, Кенжекей жанына 
кеп қолынан ісін алды.
– Қатып қаппын. Әшімжанның оянатын түрі жоқ. 
Маған бер, отты мен тұтата қояйын.


822
Ақбала «қайтесің, өзім де үлгірем ғой» десе де, 
Кенжекей екі елі қасынан қалмай, ішке кірсе кіріп, 
шықса бірге шығып жүр. Осы шақта сонша жерден 
сабылып өзін іздеп келген аңқылдаған бишара әйел 
көрген-білгенін айтып салдырлап сөйлеп жатқанда, 
бұл өзінің жұмған аузын ашпағанына қысылады. Оның 
ықылас-пейіліне орай бұның тым құрыса осы тұста 
жүрегін жайып тастайтын реті еді. «Не қылса да кісінің 
өзіне де күші жетпейтін бір кезі болатыны ғой» деп 
ойлады Ақбала.
Көңілдері жараса қоймағанын байқады ма, Кенжекей 
үйде қалған балаларын сылтауратып, алдын кештете 
аулына қайтты. Ақбала ұзатып салды. Ботасына 
қайтқан түйе қамшы салғызбай желе жөнелді. Ақбала 
түйе үстінде селкілдеп бара жатқан келіншекті көзден 
таса болғанша ұзатып салды. Артып кеткен ажар-көркі 
болмаса да, қара торы, екі беті бұлтиған дөп-дөңгелек 
зерең жүзді. Дәнге тойған бұлдырық тәрізді тұла бойы 
да тығыншықтай екен.
Ақбала мырс етті. «Кұдай біледі, күйеужанды 
болар» деп ойлады. Иә, түрі айтып тұр. Күйеуінің 
көлеңкесі сияқтанып, отырса да, тұрса да асты-үстіне 
түсіп өбектеп бітетін шығар.
Ақбала тағы да мырс етті. Сыртта самауырға су 
құйып, от тұтатып, ішке кіргенде де әлгі ащы мысқыл 
әдемі бетінен жуық арада айықпай, ажарын мұздатып 
тұрып алды. Кешке бауырындағы баласын құшақтап 
жатып та ол түннің бір уағына дейін өзінің ит-
ыржыңмен өткен өмірін ойлады. Онан Еламан екеуінің 
арасын ойлауы мұң екен, бүгін тағы да көзінен ұйқы 
қашып, май шамның әлсіз жарығы сығырайған үйдің оң 
жақтағы жамау түскен үзігіне қадалып алды.
Ой, дүние-ай, о да бір дәурен екен-ау! Ақбалаға 


823
үйленердің алдында бір жыл бойы жылқышы жігіт 
келуін жиілетпеді ме? Әсіресе, ел қораға кіргесін 
ай сайын, апта сайын ат сабылтып келіп тұратынды 
шығарды. Қақаған қаңтар айында бай ауылдың 
жылқысын ұры-қарыдан күзеткен жігіт күндіз-түні 
аттан түспейді. Суық қапқан бойы сықырлап, кіріп келе 
жатқан жылқышы жігітті көрген сайын бұл жиырыла 
қалатын. Әлі есінде; әке-шешесі ауыз ашуға отырған 
кезде Ақбала үй сыртындағы ақ шоқалақтың тасасында 
тосып тұрған Тәңірбергенге кездесті. Осы күннің 
ертеңіне де сол қуаныш қыз жүрегінде шоқтай маздап 
тұрғанда жылқышы жігіт келді. Тәңірберген маңайынан 
жүре алмайтын үйге бұл ешкімнен именбестен емін-
еркін кеп, атын қамыс қораның ығына байлап жатты. 
Қалың киім киген бойы қорбаңдап, ат шылбырын 
белдеуге байлады. Бетіндегі боз қырауды алақанымен 
бір сипап тастап, сарытабан қарды сықыр-сықыр басып 
келе жатқанын көрді де, бұл шапанын жамылып, көрші 
үйге кетіп қалды. Бірақ қатал әке дереу шақырып алды. 
Ақбала дастархан басына амалсыз келді. Бір қырын 
отырып шай құйды.
Еламан ұялшақ. Қашан кете-кеткенше қыз жаққа 
қарауға жүзі шыдамай, көзін қашырта береді. Үстіне 
Ақбала кірсе болды, екі беті дуылдап қоя беретін. 
Көңілі жүйрік қарт қызына атып жіберердей шаншыла 
қарайды. Басқа кезде қорықса да, бұл дәл осы тұста 
қаһарлы әке ашуынан қорықпайтын. Қайта осындайда 
қыздың бойында да әлдебір егес оты өршеленіп кететін. 
Шіркін, жастық не істетпеді!
Қанша келіп жүргенде оған бір рет те рай бермепті. 
Сонысы жөнсіздік пе, тәкаппарлық па? Қайткен күнде де 
шамадан тыс шектен асып кетсе, сірә тегі, тәкаппарлық 
та қаталдықпен парапар ма қалай?


824
Ақбала көз қиығын құшағындағы баласына тастады. 
Ақбалаға бірден бауыр басып кетті. Сорлы бала шыққан 
жерін сезетін шығар-ау.
Алғашқы күні осы баланың кімге ұқсағанын ойлаған 
жоқ-ты. Оған мұршасы да болмаған. Бейтаныс әйелдің 
жанында томпаңдап келе жатқан қара балаға көзі 
түсуі-ақ мұң екен, өзінің ана жатырын жарып шыққан 
тұла бойы тұңғышы, тірі жетімегі, бір жапырақ бауыр 
еті осы бала екенін бір дегеннен бар жанымен сезе 
қойып еді. Кейін мауқын басқан соң, оңаша үйде ойнап 
отырған Әшімге анықтап қарады. Қайталап қараған 
сайын осы баласының тұла бойындағы бар бітімі мен 
бет әлпетінен Еламаннан аумайтын ұқсастық табатын. 
Әсіресе, Әшімжанның үлкен ала көзі мен кез иегі, 
қоңқақ мұрны... құйып қойған әкесі. Мінезі де бұйығы, 
тұйық. Туғанда да осы бала үш айға дейін бір түрлі 
болды, емізетін мезгілінен асып кетсе де, бала боп 
мазасызданып жылаған емес. Қашан қол-аяғын шешіп, 
құндағынан босатып алғанша оянбайтын. Жарығымның 
сол мінезі өскесін де өзгермепті. Қазір нағыз қолда 
тұрмай зырлап жүретін кезі ғой. Өзімен бірге ойнайтын 
бала да іздемейді. Іші пысып жалғызсырайтын емес. 
Үш мезгіл ас берсең болғаны. Үй ішіндегі кісілерге ала 
көзінің астынан бір қарап қояды да, ертеден қара кешке 
дейін өзімен-өзі ойнап отыра береді. «Құдай біледі, 
жасында әкесі де дәл осындай болған шығар-ау» деп 
ойлап, Ақбала ақырын күлді.
* * *
Кенжекей үйіне ел орынға отыра жетті. Не көрінгенін 
қайдам, жол бойы басына қай-қайдағы ойлар келіп, әлек-
шәлегі шыққаны. Әуелі Ақбаланы есіне алды. Сосын бір 


825
күн, бір түн бірге болғанда екі әйел Еламанды аузына 
алмағандарына таң қалды. Ақбаланың неге бүйткені 
белгілі. Ақбаланың орнында болса, кім біледі, бұ да 
сүйткен болар ма еді. Бұл тек Ақбаланың әке-шешесіне 
қайран. Апырай, керек десе сорлының бұл дүниеде бар-
жоғын да білгісі келмегендей, екі күн бойы ауыз ұшына 
алмағандары қалай? Сондай-ақ оның жазығы қанша?
Қарақатын Кенжекей келгенше шыдамай, жолына 
қарап отыр екен. 
– Осы жұрт Ақбала мен Еламанды қайта табысыпты 
деп жүр ғой. Сол не сөз, онан не білгенің бар? – деп, 
Қарақатын бұған дүрсе қоя берді. 
Кенжекей бұған басында көңіл бөлсе де, кейінірек 
керең болған кісідей құлақ аспай қойған-ды. Соның 
арқасында болар, ақыры ауыл арасындағы сүйретпе 
бықсық сөз де сөнді. Сүйтіп жүргенде бір күні Еламаннан 
хабар келді. Қалаға барған біреуден амандығын айтып, 
азын-аулақ шай, шекер беріп жіберіпті. Барам деген сөз 
аузынан шықпаса да, осы күннен бастап «келіп қалар» 
деген үміт Кенжекейдің кеудесінде шоқтай маздады да 
тұрды. Үй сыртынан дыбыс шықса, елден бұрын бұл елең 
етіп, тап бір жігітін күткен қалыңдықтай жүрегі лүпілдеп 
қатты-қатты соғып кетеді.
Күндіз жұмыста. Кешке үйге келе сала балаларға 
тамағын беріп, қызыл іңірден жатқызып тастайды. Сосын 
кебеже түбінде жатқан сүт тайлақтың жүнін бір етек қып 
алдына салып алады да, түннің бір уағына дейін түтеді. 
Кейін қолы қалт еткенде Еламанға шекпен тігіп бермек 
ойы бар.
Күйеуге шыққалы қатты өзгерді. Оны өзі де сезеді. 
Төлеуден кейін еркек атаулыдан көңілі қалғаны сонша, 
ендігі қалған жерде өмірбақи күйеуге шықпаспын деп 
ойлап еді. құдайға шүкір, қойны құр емес, баурында үпірлі-


826
шүпірлі балалар, ендігі қалған жерде өйтіп-бүйтіп сол 
қарақтарын адам қып өсіріп, аяғына мінгізіп, жеткізсем 
деп ойлайтын. Қалай болғанын қайдам, құдайдың 
жазғаны солай болды ма, әлде, кім білсін, қайын-сіңлісі 
пақырдың осы кісіге деген ыстық ықыласы әсер етті ме 
екен. Асылы, нәсілі ұрғашы болғасын, ұрса-соқса да төмен 
етекті, бәр бір от басына айбар болатын бір азаматсыз 
күні жоқ екеніне өзінің де көзін жеткізген сияқты еді. 
Қара қатынның сөзі әсер етті ме, бір жолы қараптан-қарап 
отырып көңілін күдік жайлап, «қате істедім бе? Сорлы 
басыма пәле тілеп алмасам қайтсін» деп ойлады. Осының 
алдында ғана көкірегінде гүлдеп келе жатқан қуаныш 
кенет қара суық ұрғандай, өз-өзінен жүдеп, балық сойып 
жатқан қатындардың арасында қолынан пышағы түсіп 
отырып қалды. Соны басқадан бұрын мосқал әйел байқап, 
құлағына еңкейіп:
– Кенжекей, бір жерің ауырып...
– Жо-жоқ...
– Шаршаған шығарсың?
– Әй, құрысыншы.. Құрып қалсыншы, осы ит өмір, – 
деген де, Кенжекей орнынан тұрып кетті. Аң-таң болған 
қатындарға назар салмастан, пышақты лақтырып тастады 
да, сол күні үйге ерте қайтып кеткен еді. былай шыққасын 
жылап, көзін бір сығып алды. «Бұрынғы күнімді көріп 
жүре бергенім дұрыс еді» деп ойлады.
Ертеңіне ол күндегіден кештеу оянды. Апыл-ғұпыл 
асығыс киінді. Аяғына сүрініп жүріп балаларына асығыс-
үсігіс ас даярлап жатқан үстіне сарт-сұрт етіп Еламан 
кіріп келді. Кенжекей істеп жатқан шаруасын тастай сап, 
балаларынан бұрын жүгіріп барса да, Еламанның бір жақ 
бетінде ырсиған ат тұяғындай тыртыққа көзі түсті де, 
қолын көкірегіне қысып қалшиып тұрып қалды.


827
Еламан балаларды бетінен сүйді де, кішкентай қыз 
баланы қолына көтеріп алды:
– Өзің өсіп қапсың ғой. Ал, қалайсыңдар?
Әлі де есін жия алмай тұрған Кенжекейдің екі көзі 
әлгі әлі жазыла қоймаған тыртықта.
– Әшімжан қайда? – деді Еламан.
– Атасында ғой, Әшімжанның әкесі-ау...
Еламан әйелінің үрейлі кескінін енді байқады.
– Жә, қайтесің. Бас аман болғасын басқасына салауат
Кенжекей алқымына жас тығылып тұрғасын ба, үні 
бітіп дір-дір етеді.
– Шайың әзір ме? – деді Еламан.
– Қазір... қазір...
– Кенжеш... осы Ахаң сорлы шынымен-ақ хабар-
ошарсыз кетті ме?
– Иә, ол байғұс... сүйтті ғой.
– Алда, пақыр-ай!
Осы екі арада көршілер жиналып қалды. Теңізден 
кеш қайтқан балықшылар да бірінен кейін бірі үзік-
созық келіп жатыр. Жұрттың соңын ала Дос келді. 
Еламан оған әр кездегідей ілтипат білдіріп, орнынан 
тұрып амандасты да, өзінің жоғарғы жағына отырғызды. 
Көрші келіншектер қолғабыс берген Кенжекей лезде 
шай-су әзірлеп, дастархан жайды.
– Еламан шырағым, біздей емес, көзің ашық. Есіткен-
білгеніңді айта отыр. Мына соғыс қашан бітетін? – деді 
үлкендер.
– Жуық арада бір жағына шықса керек.
– Апырай-ә, мынау бір жақсылық екен.
– Шалқарды жау алды деп жатыр ғой, сол рас па?
– Рас, ақтар қазір Аралға қарай беттеп келеді.
– Көп пе?
– Жетерлік.


828
Шай ішіп болған жұрт көтеріліп сыртқа шықты. Кеш 
бойы жұмған аузын ашпаған Дос Еламанға қатарласып, 
тіл қататын ыңғай білдіріп еді, бірақ Еламан:
– Мөңкенің басына баралық, – деді.
Дос үндемеді. Еламан қарт балықшыға құранды өзі 
оқитын. Оған бағыштаған дұғаға бар ықыласын caп, 
жан-тәнімен беріліп кеткенде, егіліп жылап отырғанын 
сезбей қалатын-ды. Осы жолы да дұға соңында бетін 
сипағанда саусағының ұшы жылып аққан жасқа тиді де, 
көзінің тұсына келе берген қолы кілт іркіліп, алақанымен 
бетін басып отырып қалды. Тақымдасып қатар отырған 
Дос оған көлденеңнен көз қиығын тастады. Жұбатқысы 
кеп еді, бірақ осындайда сөзге шорқақ жігіт жұмған 
аузын ашпады. Сонан тек үйге қайтып келе жатқанда, 
Дос:
– Кәне, жөніңді ұқтыршы? Қандай шаруамен жүрсің? 
– деп еді.
Еламан көп ішінде шешілмесе де, жеке қалғасын 
Достан жасырмады; өздеріне қарағанда ақтардың күші 
басым екенін айтты. Бірақ олар тойтарыс алатын жер 
таяу деді. Қазір қызылдар да, ақтар да Арал түбінде 
болатын алдағы қырғын шайқасқа қатты әзірленіп 
жатқанын айтты. Ақтар Тәңірберген секілді шонжар 
байларға арқа сүйейді. Ал қызылдар жағы жер-жерге 
кісілерін жіберіп, ел ішінен ат жинап, азық-түлік 
алдырып жатқанын айта кеп, ақыр соңында:
– Көз тігіп келгенім Тәңірбергеннің жылқылары еді, 
бірақ жамандықты жер түбінен ойлайтын сұм емес пе, 
жылқыларын жасырып тастапты, – деді.
– Қап, не қыласың. Қолға түссе, оныкі ақұйек адал 
мал болар еді ғой.
– Ол сұмның жылқылары түлкі боп кетпесе, Кәлен 
ағам табар.


829
– Кім?... Кім?..
– Айтпақшы, шүйінші. Кәлен Сібірден қашып келді.
– Алда, байғұс-ай!.. Еңіреген ер-ай!
– Апырай де! Жанымыз сірідей берік екен ғой. 
Тепкілесе де өлмейтін темір өзек екенбіз ғой, – деді 
Еламан күліп.
Діншіл Дос оның сөзін асылық көріп, ішінен ұнатпай 
қалды.
***
Еламан қолына ұстап келген ноқтаны үй іргесінде 
жатқан ертоқымның үстіне тастай салды да, есік 
алдында ойнап жүрген кішкентай қызын жерден 
көтеріп ап ішке кірді. Бұл кезде кісі-қаралар кетіп, үй 
іші оңашарып қалған еді. Азғантай дүниені Кенжекей 
кәпелімде қағып-сілкіп,үй ішін тап-тұйнақтай ғып 
жайнатып қойған екен. Балалардың да үсті мұнтаздай. 
Кенжекейдің өзі де қай заманнан сандық түбінде жатқан 
ақ шыт көйлек пен түгі қырқылған мақпал қамзол киіп 
сәндене қапты. Айлығының есебіне жазғызып алған 
жас балықты былқытып асып, қазан маңында жүгіріп 
жүр екен.
Еламан:
– Қолғабыс берейін, – деп қасына барып еді.
Кенжекей:
– Жоқ, жоқ, саған түк істетпеймін. Бүгін 
балаларыңның қасында бол, дем ал, – деп, Еламанды 
итермелеп балалардың қасына зорлап отырғызды.
Еламан әйелінің ырқына көнгенсіп, күліп отыра 
берді де, аңдаусызда оны бауырына тартып құшақтап 
еді, Кенжекейдің бүйректей беті ду етті. Басынан 
сыпырылып түсіп бара жатқан жаулықты тез жөндеп, 
Еламанның құшағынан сытылып шыға берді.


830
– Саған не болды? Балалардан ұялмайсың ба?
Еламан асқа дейін балаларды ойнатты. Кішкентай 
екі баланы арқасына мінгізіп, төсек жайған төр 
алдында тізесімен жорғалап жүреді де, ара-арасында 
түйе боп бақырып жатып алады. Балаларды ойнатудан 
гөрі балалардың сылтауымен өзі ойнап қалғысы келген 
сияқты.
Кенжекей асты түсіргесін де күйеуі мен балала-
рының ойынын бұзғысы келмей, қазан жанында 
күлімсіреп отыр. Осы бір иманы бетіне шығып тұрған 
ірі денелі жігітке жар боп қосылғанына шүкіршілік қып, 
«е, құдай, осы қызығыңнан айыра көрме» деп тіледі де:
– Әй, осы үйдің үлкен баласы... ас дайын, ал келіңдер, 
– деді Кенжекей күліп.
Ас-су ішкесін Еламан сыртқа шығып кетті де, 
Кенжекей балаларын бүгін күндегіден ертерек 
жатқызып, ұйықтатып тастады. Өздерінің төсегін де 
қызыл іңірден салды. Бірақ күндегі дағдысына бағып, 
көрпенің астына кіріп жата қалған жоқ. Осы кеш ол 
құдды жігітін күткен жас қыздай-ақ некелі төсектің ыстық 
бір сәтін күтіп, тұла бойында тоқтата алмаған тәтті діріл 
бар.
Еламан бір кісімен үй сыртында ұзақ сөйлесті. Сөздері 
естілмесе де, күңгір-күңгір дауыстары құлаққа келеді. 
Жуық арада сөздерінің бітпейтін сыңайын байқағасын 
Еламанның ескі көйлегін жамап-жасқағалы қолын 
созып ұмтыла берді де, бір шалғайы түріліп кеткен шыт 
көйлектің етегі астынан өзінің тығыншықтай балтырын 
көзі шалып қалды. Күн тимеген жас тәні атластай аппақ 
екен. Кенжекей сықылықтап күлді де, аяқ жағындағы 
көрпенің астына кіріп жата қалды. Осы кезде Еламан да 
үйге қарай беттеп келе жатыр еді. Кенжекей төсектен атып 
тұрды. Неге бүйткенін өзі де білген жоқ. Қарақатынның 


831
қаңқу сөзі есіне түсті де, ішке кіре берген Еламаннан бетін 
қашыртып, сырт айналып кетті.
– Кенжеш, – деді Еламан, – жай ма?
– Қайтесін. Сен білмей-ақ қой,
– Біреу бірдеңе деді ме?
– Жоқ, білмеймін, осы бақытымды өзіме көп көрем.
– Кел, қасыма отыршы. Ар жағыңда айта алмай тұрған 
бірдеңе бар ғой?
Кенжекей оған сыртын беріп қырындай түсті.
– Кейбіреулер айтады...
– Иә, Кенжеш...
– Жұрт сені... 
– Иә, жұрт не дейді?
– Сені Ақбалаға телиді. Өз басым оған сенбеймін. Тіпті 
шын бола қалған күнде де, бағы жанбағаны болмаса... ол 
байғұс өзіміз көріп жүрген қай қатыннан кем. 
– Ақылың бар ғой, қаңқу сөзге құлақ асып қайтесің?
– Қайтейін, көп болса, екі қатынның бірі болармын. 
Мына қарақтарымның қолы аузына жеткенше жетімдік 
көрмей, сенің панаңда өссе деп едім. Өз басым... шынын 
айтайын, қараңды алыстан көріп жүргенге де ырзамын.
– Кенжеш... Құдай куә...
– Қарғанбашы. Саған сенем ғой.
– Жұрт не демейді. Жұрттың аузына қақпақ бола 
алмайсың.
Кенжекей көзінен мөлт еткен жасты Еламанға 
көрсеткісі келмей бетін бұра берді.
– Маған не боп отыр осы, – деді.
Еламан Кенжекейдің күн санап толығып келе жатқан 
тығыншықтай денесін құшақтап, бауырына қысқысы кеп 
кетсе де, өзін тежеп қалды.
– Кенжеш... Сүйекеңе барып көңілін сұрап қайтсақ 
қайтеді?


832
– Дұрыс, барайық.
– Балаларды қайтеміз?
– Оған қысылма. Көршілер қарайды.
Бұлар ертеңіне елең-алаңда оянды. Тұрған бойда 
тез-тез жиналды да, жүріп кетті. Ыссыға қалмай, ертеңгі 
салқынмен едәуір жүріп жол өндіріп тастады. Еламан 
Кенжекей мінген жазылы түйенің басын жетелеп, бұлаң 
құйрықпен отырған-ды. Соның өзінде бір жылжып кеткен 
тұяқ жол қоймады. Түс ауа бергенде жуық арада жаңа 
жұртқа аударып қонған Сүйеу қарттың аулына жетті. 
Ақбала әкесінің беті бермен қарағасын, бұлар келерден 
бірер күн бұрын қайтып кеткен екен. Кенжекей іште кісі-
қара болғасын сыртта қалды да, Еламан үйге беттеді. 
Сүйеу қарт тәуір болғалы қасынан кісі-қара арылмайтын. 
Бүгін де дүние-жиһазы аз абажадай үйдің іші қауқылдаған 
көп кісіге толып отыр екен.
– Ау, мынау өзіміздің Еламан ғой. Кел! Кел, жоғары 
шық!
– Ал, шырағым, дені-қарның сау ма? Аман-есен жүрсің 
бе?
– Шүкір.
– Ал, сапар оң болсын.
– Әумин. Сүйекеңнің көңілін сұрағалы...
– Е-е, дегендей, бетің дұрыс. Үлкендерді ұмытпағаның 
жөн.
– Сүйекең тәуір. Құдай қуат беріп, шүкір, беті бермен 
қарады. Ал өз жөніңді айтшы. Жағадағы ауылдан шықтың 
ба?
– Иә.
– Жалғызсың ба?
– Жоқ, қасымда жолдасым бар.
Сүйеу қарт бұлардың әңгімесіне араласпай, үлкен 
үйдің оң жағына салған төсекте ақ көйлек, ақ дамбал, тіп-


833
тік боп қазықтай шаншылып отырған-ды. Тек осы тұста 
жүзін Еламанға шұғыл бұрып:
– Жолдасым!? – деп, жұлып алғандай шаңқ етті. Ақ 
кірпік астынан шаншылған қып-қызыл көз өңменінен өтіп 
барады. Еламан аңдаусызда сөзден ұсталғанын білсе де, 
сыр бермей:
– Иә, жолдасым, деді.
– Ол сонда қай жолдас? Кім деген жолдасың?
– Келіншегім ғой.
Сүйеу қарт мырс етті де, көзін тайдырып әкетті. Ол 
жаққа енді назар салмады. Көйлек жағасынан қылқиып 
шыққан ырғайдай мойнын қыжырта бұрып, ашық есіктен 
сыртқа қарап, осы ауылдың бет алдындағы сонау шалғайда 
сағым арасында мұнартқан жаман боташқа қарап отырды 
да, тағы да мырс етті. Сосын қасында отырған қарияға 
бұрылып:
– Жолдасым дей ме, әй? – деп, мырс-мырс күлді де, 
қасында таспиық тартып отырған шалды құйрыққа түртіп 
қалды. – Әй! Әй, сен де үйдегі пұшық кемпіріңді жолдас 
деуші ме ең? Ендігі жерді бәріміз де кемпірімізді жолдас 
дейміз бе? А? А? 
Үй іші жым-жырт. Жұрттың бәрі басы баурына 
жығылып жапырлап қалған. Тек ақшұнақ шал анда-санда 
бір мырс етіп осқырынып қояды.
Ішке Әшім кірді. Үнсіз үйде иығының басы жығылып, 
тым-тырыс боп тымырайып отырған кісілерге жалтақтап 
үркектей қарады да, төрде отырған әкесіне барды. 
– Еламан шырағым, мына бала анада көргенде шынжау, 
шарғылау еді. Өзі өсіп қалған ба, қалай? – деді қария үй 
ішіндегі үнсіздікті сейілткісі келгендей сөз қайырып.
– Балаң өсіп қапты. Бала айналайын малдың төліндей 
аяғына мініп кетсе тез өседі ғой. Бұл жаманды енді 


834
оқытатын шығарсын? – деді көп ішінен тағы біреу сөзге 
араласып.
– Құдай қаласа, келесі жылы қаладағы оқуға берем, – 
деді Еламан.
Сүйеу қарт бас бармағындағы көк бұйра насыбайды 
жағы қуарған сұп-сұр бетте жотасы шығып тұратын 
қырғыштай мұрынның екі танауына кезек апарып, 
күсілдетіп ішіне қатты-қатты тартып қалды. Сосын 
Еламанға шаншыла қарап:
– Ал! Ал, оқуға бердің! Ал, балаң орыс болды. Ал, 
шашын бір қарыс қойды. Тар шалбар киді. Түрегеліп сиді. 
Сонда ол саған иман әпере ме? О несі?.. О несі, әй?
Үй толы кісі тағы да тым-тырыс бола қап, бір-біріне 
көзінің астымен қараса, үн-түнсіз бір-бірлеп кете бастады. 
Үнсіз үйде ұзақ отыра алмаған Еламан да әлгілердің соңын 
ала тысқа шықты. Тек қазықтай шаншылған қырсық шал 
қыбыр еткен жоқ. Кемпір де үнсіз. Шалына байқатпай 
көзінің астымен бір қарап қояды. Сонан бір кезде Сүйеу 
қарт осқырынып:
– Әй, жолдасым, – деді кемпіріне, – іш дәрет алатын 
су әкел.
– Ай, сорлы-ай! Пайғамбар жасынан ассаң да осы бір 
ит мінезге әлің келмей қартайдың-ау сен де.
Сүйеу үндемеді. Кемпір сөзін қайта жалғап:
– Еламанға сонша неге қадалдың? Не жазығы бар еді 
оның?Ұят істедің ғой, – деп еді.
– Жоқ-ау, оқуға берем дейді. Ал, бер, бер! – деді Сүйеу.
– Оқыса қайтеді. Оқысын. заманы солай.
– Әй, қақпас, отыр! Отыр жөніңе! Көрдің бе, тілі сала 
құлаш.
– Сенің де арғы жағың белгілі.
– Е, менің арғы жағымнан не көрдің?
– Бізде де көз бар. Сенің шымбайыңа батып отырған 
оқу емес, басқа.


835
– Не дейді, әй? Не деп оттайды, әй!? А?
– Кісіден көретін не бар... Дәм-тұзы жараспағасын...
– Оттапсың! Ақылыңды басыңа шайнап жақ. Шық! 
Шық үйден!
– Жә, қойдым. Сен сорлы қай қылығыңды мойындап 
едің, – деді де, кемпір астында жатқан тулақты ұстай 
түрегелді.
Сүйеу бармағындағы насыбайды есіктен шығып бара 
жатқан кемпірдің соңынан шашып жіберді. Бет терісі 
жыбырлап, көзінің алды тартып-тартып қалды. Сосын 
шапанын бүркеніп іргеге қарап жатып қалды. Сонан кешке 
өрістен мал келгенде оянды. Әлгіндегі ашудың зәрі сынса 
да, бірақ үй ішіне рай бермей, біразға дейін мойнын сырт 
салып қыжыртып отыр. Еламанның қарсы болғанына 
қарамай, қолындағы азғантай қойдан қалған биылғы төлдің 
соңғы қозысын сойғызды да тастады. Қазан көтерілді. Сол 
күннің ертеңіне Еламан жолға жиналды.
– Ал, ата, мен жүрем. Көріскенше күн жақсы.
– Жүрем де?
– Иә, ата.
– Ым... Көріскенше дейсің, ә?.. Сендермен көрісетін 
атаңда күш қалды ма? Бері... бері келші, балам!
Қарсы алдына кеп тізесін бүгіп отырған Еламанның 
қос қолын уысына қысып отырды да, көңілі босап бара 
жатқасын бойын тез билеп, жиып ала қойды. Кезерген 
ернін Еламанның маңдайына тиер-тиместе тартып алды. 
Сүйеу қарттың ішкі тынысынан ақырған көк насыбайдың 
ащы исі бұрқ етіп еді.
Еламан: «Алла қуат берсе аяғыңызға мініп кетерсіз» – 
дегісі кеп еді, оған бірақ мына ақ кірпік, қызыл көз қазақы 
шалдың мінезін білгесін үндемеді. Кім біледі, ол өзі 
сияқты Еламанға да сондайы жоқтығы үшін құлап түскен 
болар-ау!


836


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет