Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата05.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#195155
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

екіНШі БӨЛім
Еламан кір-кір шинельдің жағасын көтеріп алған. Еш 
жерге тоқтамай құйғытып келе жатқан пойыздың орта 
тұсындағы қызыл вагоннан мойнын созып, ілгергі жаққа 
көзін қадап алған. Көп ұзамай Ұлпан стансасының үйлері 
көрінді. Ар жағында Шалқар тиіп тұр. Пойыз Ұлпанға 
тоқтамайтын сияқты еді. Еламан да тоқтамағанын 
тілеп тұрған; стансаға қатарласып келе бергенде, қатты 
келе жатқан пойыз кенет табанын тірегендей салдыр-
күлдір тоқтай қалды. Қашан жүретінін ешкім білмеді. 
Кейінгі жақтан тағы екі пойыз келіп, екеуі де тоқтамай 
тура Шалқарға тартты. Киімі жұқа Еламан кешке са-
лым тоңып бүрсеңдеп жүр еді, жол бойында істейтін 
бір мұртты қазақ кездесіп, үйіне ертіп апарды. Ела-


439
ман жуық арада жылына алмады. Ыссы астан кейін үй 
иесімен әңгімелесіп отырып қалай ұйықтап кеткенін 
өзі де сезбеді. Ертеңіне кештеу оянды. Үй иесі пойызға 
отырғызып жібергісі кеп еді, бірақ Еламан көнбеді.
– Жаяу кетпексің бе? Қиындық көресің ғой.
– Қайтер дейсің? 
Асқа тойды. Ұйқысы қанды. Тынығып, әл жинағасын 
ендігі қалған жолдың қиындығы қаперіне кіріп шыққан 
жоқ. Қолына ыңғайлы таяқ тауып алды да жолға шықты. 
Көп ұзамай ілгері жақтан разъездің төбесі көрінді. Бір 
кезде кейінгі жақтан пойыз қуып жетіп, жалғыз жаяудың 
тұсынан сыпыртып өте шықты.
Жалғыз адамға ой да үйір. Қыста қалың түскен қар 
көктем кіргесімен шұғыл еріген екен. Миы шыққан 
жерді шылқылдатып кешіп келе жатқан Еламан бастан 
кешкен кешегі күндерді есіне алды. Түрік жерінің тау-
лы, тасты, қарлы, боранды қысы бұларды қатты қинап 
еді. Соған қарамастан орыс әскері қайта-қайта шабуылға 
шығып, үш жүз шақырымдай ілгерілеп, Эрзрум қамалын 
алды. Онан қыстың көзі қырауда Сарықамыс пен Тра-
пезунд портын басып алмақ болған орыс әскері өлгені, 
қырылғанына қараған жоқ. Неғұрлым түрік жеріне 
ілгерілеп кірген сайын соғұрлым кейінгі жақпен қатынас 
қиындады. Солдаттар ашықты. Оқ-дәрі жеткізілмеді. 
Соған қарамастан орыс генералдары жұмысшы бата-
льонын – мың-мыңдаған қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен 
жігіттерін қарлы боранда шабуылдап бара жатқан орыс 
әскерінің соңынан темір жол тартыңдар деп далаға ай-
дап шығарып еді, оған бірақ рельс болмады. Бір ай бойы 
Вологда-Архангельск темір жолының рельсін сыдырып 
сөгіп әкелуін күтті.
Қыс қатайып, аштық пен суыққа ұшыраған жұмысшы 
батальоны жаппай қырыла бастады. Тірілердің де 


440
қауқары шамалы. Әсіресе, Рай қатты әлсіреді. Жас жігіт 
аштықтан бұрын суыққа шыдамай, қалшылдап ұшып 
бара жатқасын Еламан үстіндегі жылы киімін шешіп 
титығы құрып әлсіреген інісі қара құрттай кісілердің 
арасында қалшылдап күрекке сүйеніп тұр еді. Кейінгі 
жақтан бұларға көмекке жіберген бір эскадрон атты 
әскер келді. Шегір көз бір солдат анадай жерде күрекке 
сүйеніп тұрған Райды көрді де аттан түсе сала көрген 
соң жыны қаптап шыға келді.
– Ах, ты, сволочь...
Әй-шәйге қарамай қамшымен қақ бастан тартып 
жіберді. Онсыз да аяғына шаққа тұрған жігіт, қарсыласуға 
дәрмен жоқ, қолымен басын қорғап бұға берді. Шегір 
көз солдат кіжініп қайта ұмтыла бергенде, қайдан caп 
ете қалғаны белгісіз, Еламан солдаттың қолынан ұстай 
алды. Солдат бір-ер жұлқып еді, бірақ ұзын бойлы
иықты ірі қазақ тырп еткізбеді.
– Жібер! – деді солдат. 
– Ұрма баланы, – деді Еламан. 
Сүйткенше болмады тағы бір солдат жетіп келді. 
Еламан қорықса да, бірақ ығыса қойған жоқ-ты. Көз 
оты жарқ еткенін бір-ақ білді. Есін жиям дегенше 
жұдырықтар сартылдап ала жөнелді. Мұрны қанады. 
Аяғына әзер тұр. Есіл-дерті шегір көздің жағасынан ала 
кеткісі кеп қанша ұмтылса да, қолы жетпей жүр еді. Бір 
гүжілдеген жуан дауыс:
– Тоқтатыңдар! – деді ақырып.
Бұлар құлақ аса қоймап еді; желкесі күжірейген біреу 
екеуінің арасына кимелеп кірді де, көкіректерінен тіреп 
тұра қалды. Шегір көз солдат оған да жұдырығын ала 
ұмтыла беріп еді, бірақ анау бұрынырақ қимылдап, шегір 
көзді иектің астын ала бір нұқып қалпақтай ұшырды.
– Ну-у, как, получил? Енді қараңды батыр!


441
Еламан мұрнының қанын шала-пұла сүр тіп, әлгі 
дауысқа назар аударып еді, шойыннан құйғандай сом 
денелі, шүңірек көз, орақ тұмсық солдат бұған қолын со-
зып тұр екен.
– Сірә, жерлес болармыз, – деді ол.
– Қа-лай?
– Қазақ емессің бе?
– Қазақпын...
– Мен де со жақтанмын. Үй-ішім Шалқар қаласында 
тұрады. Мюлгаузен.
Еламан жас балаша аузын ашып қапты. Мюлгаузен 
күректей қолымен қарды көсіп алды да, Еламанның 
мұрны мен бетін уқалап-уқалап жіберді.
– Қайратты жігіт көрінесің. Тек төбелеске шорқақ 
екенсін. Бұл арада біраз болатын түріміз бар. Қаға 
берісте төбелесті үйретермін. Жоқ, сен күлме! Әне, 
біздің командиріміз келе жатыр.
– Қайсы?
– Ана алдыңғы қара атты. Ротмистр Рошаль.
– Бізге жақтасқаның үшін... – дей түсті де, Еламан 
тоқтап қалды. «Саған ұрыспай ма?» деген сөздің орыс-
шасы аузына түспей, мүдіріп тұрғанын байқап: «Тәуекел, 
көрерміз. Сен тек әлгі шегір көз сайтаннан сақ бол», – 
деп ескертті Мюлгаузен.
Патша тақтан құлағасын орыс әскері түрік жерін 
тастап, Қара теңіздің жағасындағы Трапезунд порты-
на ағылды. Бас еркі өзіне тиген жұмысшы батальоны 
да күн-түн қатып Трапезундқа жетті. Мұнда келгесін 
Еламан Мюлгаузенмен бір-ақ рет кездесті. Ертеңіне 
Мюлгаузендерді кемеге отырғызып, елге жөнелтіп 
жіберді. Айрылысар жерде Мюлгаузен бұған «Шалқарға 
кел, жұмыс тауып берем, депода бірге істейміз» деп 
шақырып кеткен-ді.
Еламан сол уәденің ізімен бірден досын іздеп еді...


442
* * *
Еламан бірден депоға барды. Түйе қорадай аңырайған 
зәулім депо іші толған паровоз. Кісі-қара көп, абыр-са-
быр.
Мюлгаузенді кімнен сұрарын білмей алақтап жан-
жағына қарап келе жатқан. Ыстық буды бұрқыратып, 
ентігіп тұрған күйелеш, күйелеш паровоз дәл құлағының 
түбінен шыңғырып жіберді.
– Ә, қорқыттым ба? Ха-ха-а!
Біреу ту жоғарыдан, паровоздың тере зесінен мойнын 
созып қарқ-қарқ күліп тұр. Еламан есін жиям дегенше ол 
жерге түсті. 
– Петь-ка!..
– Ладно, нежности потом. Әй, Яша, – деді Мюлгау-
зен машиниске айқайлап. – Давай, укати свою тележку!
Еламан онан бұнда кім боп істейсің деп сұрағысы 
кеп еді; бірақ біреу «митинг»! деп айқайлады. Оны 
қалғандары қағып алыл, «митинг!», «митинг!» деп бір-
біріне жеткізіп жатты. Онан паровоздар айқайлап, депо 
іші қапелімде азан-қазан болды да кетті. Кіл қабағын 
қарс жауып алған түсі суық кісілер жұмысты тастай-та-
стай сала әлдебір жаққа асығыс-үсігіс жүгіріп барады.
– Бұл не? Тағы да митинг пе? – деді Мюлгау-
зен қасынан өтіп бара жатқан көзілдірікті қартаң 
жұмысшыны сәл бөгеп.
– Иә, митинг...
– Бізге митинг емес, мылтық керек.
– Менімше, екеуі де керек.
– Әй, сендерді қойшы. Сөзден басқа бітірерің жоқ.
– Сен... бармайсың ба?
– Жоқ.
Сүйдеді де, Мюлгаузен Еламанға:


443
– Жүр, кеттік, – деді.
Сыртқа шыққан бойда Еламанның ұсқынына одырая 
қарап тұра қалды. Үстінде алқам-салқам ескі шинель. 
Аяғында жұлығынан шұлғауы шыққан сарала балшық 
етік. Арқасында қозы қарнындай томпайған жолдорба.
– Майданнан келгенде мен де дәл сендей едім. 
Қарындасым көйлегімнің битін қарап тауыса алмағасын, 
ақырында отқа жағып жіберді.
Еламан ауылға тартып кетпей, ә деген нен депоға ба-
рып досын тауып алғанына қуан ды. Мюлгаузен тегін 
орыс емес сияқты. Жұрт қа әмірін жүргізіп, айтқанын 
істетіп, төңі ре гіндегілерді ұршықтай үйіріп билеп–
төстеп жүр екен. Осындай кісіге жанасып, өзіне бұл 
жақтан дос тапқанына мәз. Ендігі жерге – не ойласа 
соның бәрі оп-оңай орындала қалатындай сезді.
– Бұл қалада танысың бар ма? – деді Мюлгаузен.
– Жоқ.
– Онда біздің үйге жатарсын. Ал, кеттік!
Өмірі орыс үйіне жатып көрмеген Еламан досының 
ұсынысын іші қаламай, біртүрлі ыңғайсызданып тұрса 
да, қарсы болмады.
– Еліңе қайтасың ба, әлде қаласың ба?
– Сен қандай ақыл бересің?
– Вот чудак. Өз жөніңді өзің білесің де...
«Вот чудак» деді Еламан ішінен. Жөндеп түсінбесе 
де, мына сөздің астарында кісі зәбірленгендей әлде 
бірдеңе бар сияқтанды.
– Қалсам, жұмыс табыла ма?
– Табылады.
– Қандай жұмыс?..
– Ояз начальнигі қалай?
– Оны қайтем, өзіме лайық...
Мюлгаузен орталықта тұрады екен. О баста көкпен 


444
боялған қақпаның кәзір сыры кетіпті. Тот басқан топса 
баяғыда Ақбала екеуі тұрған жерқазбаның «жылауық» 
есігі сияқты, ашқан-жапқан сайын сықырлап қоя береді 
екен. Мюлгаузен бұған әуелі өзі тұратын бөлмені көрсетті. 
Сосын өзіне жалғас кішкентай бөлмені көрсетіп:
– Бұнда сен тұрасың, – деді.
Еламан бұ жолы да үндемеді. О баста іші 
қабылдамағасын ба, ар жағында суқаны сүймейтін әлде 
бірдеңе көкірегінен тіреп тұрып алды.
– Үй осы. Әскерге кетер алдында өзім салып едім.
– Жаның көп пе?
– Қарындасым бар. Сосын шешем... Е, міне... 
Еламан төр жақтағы бөлмеден шығып келе жатқан 
ұзын бойлы кемпірге амандасқалы оқталып еді, бірақ 
тұла бойы бірыңғай қараға малынған, түсі суық кемпір 
ыңғай бермей, баласына «мынауың кім?» дегендей 
түйіле қарады.
– Саған айтып едім ғой. Менің майдандас досым.
Кемпір Еламанға осыдан кейін ғана назарын аударды. 
Жанары салқын тұздай көк көз бұған қарағанда кірпігін 
қақпай, басы-аяғын сүзіп шықты. Сонан кейін ләм-мим 
деместен бұрылды да жүре берді.
– Шешем осы...
Еламан өзіне тиген бөлмеге кіріп, дорбасын бұрышқа 
лақтырып тастай салды. Кір-кір шинельді қайда қоярын 
білмей, іркіліп біраз тұрды. Келісім бергеніне өкінді.
* * *
Мюлгаузен бұған берген уәдесінің бәрін орындады. 
Баспана тауып берді. Жұмысқа орналастырды. Кеше 
өзі депода көретін көзілдірікті шалмен әзірге бірге 
істей тұрасың деп ескертті. Шал бұған онша ұнамады. 


445
Дәл осындай сүдінсіз кісіні бұрын-соң кездестірмеген 
сияқты. Өзі ат жақты екен. Сопақ және мейлінше ұзын 
беттегі бөлек-салақтың бәрі ұзын. Құлақ та ұзын. Мұрын 
да салбыраған ұзын. Ең аяғы бір нәрсені жақтырмай, 
тыжырына қалғанда кере қарыс маңдайға көлденеңдеп 
кесе-көлденең тұра қалатын қыртыс-қыртыс әжімдер 
тіпті ұзын. Екі баласы орыс-герман соғысында қаза та-
уыпты. Үшінші баласы – кенжесі кешегі орыс-түрік 
соғысында бір қолынан айырылып қайтыпты да, вагон 
цехта жұмысқа орналасыпты. Тікбақай шал Еламанмен 
жөндеп сөйлеспеді. Бұны таныстырмақ боп әкелгенде 
шал депоның дәл кіре беріс аузында көзілдірігін сүртіп 
тұр екен. Қасына келген қазақ жігітіне кеңірдегі тоқпақтай 
ұзын мойнын кідіріп барып бұрды да, көзілдірігін киіп 
жатып әйнек астынан осылай ентелей қарады.
– Қазақсың ба?
– Иә, қазақпын.
– Түйең қайда? Түйеңді бақпайсың ба?
– Бұрын баққам.
– Түйеңді құдайға тапсырып, енді депоға жұмысқа 
келдім де? Жарайды. Жақсы. Ендеше, кел, мына жатқан 
темірдің бір басын көтер.
Түске қарай Еламан қара терге түсті. Майданнан 
жілік майы шағылып келгесін бе, темір көтергенде 
тілерсегі дірілдеп қоя береді. Бір таң қалғаны – кейінгі 
жақта келе жатып қанша бақыласа да қарт жұмысшыдан 
қиналған белгі байқалмады. Тек, жұмыс аяғында аз-
дап сыр білдірді. Онда да кісі беліндей күпшек темірді 
көтеріп иыққа салып әкетер жерде тарамыс дене дірілдеп, 
салмақ түскен иық қиқаң етті. Еламан келесіде ауырлау 
жағына онан бұрынырақ ұмтылып еді:
– Тоқтай тұр, – деді Ознобин. – Кәрі кісіні сыйлағаның 
дұрыс. Бірақ, бала, өзіңді де ойла.


446
– Өзімді ұмытқан жерім жоқ... 
– Менің кедейлеу қазақ досым бар. Қалаға келгенде 
біздің үйге түседі. Мал дегеннен байғұста жалғыз түйе. 
Сауатын сауыны да, мінетін көлігі де сол. Қыста кіреге 
салады. Сонан көктемде жалғыз түйесін құлағынан 
тартып тұрғызып жатқаны. Қазір көктем кезі ғой. Бала, 
абайла, сені де құлағыңнан тартып жатпайық, – деді екеуі 
бірге жұмыс істегеннен бері бірінші рет таза қазақша 
сөйлеп.
– Білем. Өз басымызда да болған, – деді Еламан. – 
Иә, ол қаңтардың қақаған қарлы суығы еді. Сарықамыс 
қаласына темір жол тарттық. Өңшең Орта Азиядан 
жиналған жігіттер. Ашпыз. Көбіне-көп суыққа шыда-
май, қарды омбылап сүрініп, жығылып келе жатып жа-
затайым құласа болды; енді тұра алмай, ақ қар үстінде 
ыңырсып қалып жат-а-ды... 
– Жә, жә, болды. Денем тітіркеніп кетті. Жұмысты 
таста, біздің үйге барайық, – деді Ознобин.
Жолшыбай шолақ қол баласын ертіп алды. Үшеуі қора 
ортасындағы қарағай құдықтың басында бірінің қолына 
бірі су құйып жуынып-шайынды да, бала-шағалы үлкен 
семья кешкі асқа отырды. Астан кейін әкелі-балалы 
екеуі Еламанды орталарына алып түннің бір уағына 
дейін сөйлесті. Қарт жұмысшы күндізгі шаршағанын 
ұмытып кетті. Үлкен баласынан қалған кішкентай қыз 
баланы алдына алып шашын сипап отырып, Еламанға 
қаладағы көп жайды аңғартты. Еламан оның кейбірін 
есіткен. Ол, мәселен, бұндағы халық екіге жарылып 
– темір жол жұмысшылары Мюлгаузеннің төңірегіне 
топтасса, ал қала жастары түгелге жуық Селивановтың 
ықпалында екенін бұ да білетін-ді. Селивановты осы-
дан үш жыл бұрын Қазан университетін бітірердің аз-ақ 
алдында саяси айып тағып, осында жер аударған екен. 


447
Бұнда келе сала ол қала жастарын өзінің төңірегіне жи-
ыпты. Жатпай-тұрмай кітап жинап, көл жақ шетте бос 
тұрған ескі үйдің іші, сыртын жастарға ақтатып, өздері 
жиған кітаптарды көшіріп апты. Бұл үйді қаланың халқы 
кейін «Селивановтың кітапханасы» атап кеткен көрінеді. 
Алғашқыда жастардан басқа келушілер болмаса да, кейін 
бұлар ойын-сауың қойып, көңілді кештер өткізгесін қала 
тұрғындары да келе бастаған көрінеді. Сонан бері осы 
араның халқы жер бетінде болып жатқан оқиғаға осы 
үйдің көзімен қарайтын бопты.
– Қазір жағдай қиын. Уақытша үкімет балшевектерге 
қарсы ашық күреске шықты, – деді Ознобин.
Үй іші алдақашан жатып қалған-ды. Кішкентай қыз 
да атасының алдында отырып ұйықтап кетіпті.
– Мен енді қайтайын, – деді Еламан.
– Үйің қашық па? Қайда тұрушы едің? – деді Озно-
бин. Мюлгаузен мен бұл екеуінің арасындағы кикілжіңді 
білетін Еламан қайда тұратынын айтарын да, айтпасын 
да білмей, сәл іркіліп қалды.
– Сені Мюлгаузенмен бірге тұрады деп есіткен 
сияқты едім. Сол рас па?
– Рас, бірге тұрамыз.
Ознобин кішкентай немере қызын көтеріп апарып 
төсегіне жатқызды да, қонағына қайтып келді. Жаңа 
ғана: «Кеш қой, қонып кет» дегелі тұрған ойдан айнып, 
үнсіз қоштасты.
* * *
Еламан қарт жұмысшымен өткізген бүгінгі кешті 
қайта-қайта еске алып, қараңғы көшемен ширақ басып 
келеді. Онан бұндағы көп жағдайдың мән-жайына қанды. 
Мәселен, Мюлгаузен бұл ойлағандай теміржолшыларды 
өргізіп-тұрғызатын жалғыз адам емес екен. Әкелі-балалы 


448
Ознобиндер Мюлгаузеннен гөрі Селивановты қолдайтын 
боп шықты. Бұлардың да соңында біраз адам бар сияқты. 
Вагон цех пен депода да қарт жұмысшының ықпалы 
күшті. Қайсыбір мәселе тұсында депо жұмысшылары 
көбіне Ознобинді қолдап, Мюлгаузенге қарсы шығып 
жататынын бұның өзі де көріп жүр. Ознобин бір сөздің 
келе жағында Мюлгаузенді «Дегеніне жіберсең, қару-
жарақ складын басып алып, бір күнде революция жасап 
жібермек», – деп күлді.
Еламанның тағы бір таң қалғаны: әкелі-балалы Озно-
биндер кеш бойы Селивановты мақтады. Мюлгаузеннің 
қарындасына келіп жүретін ұзын бойлы, аққұба жігітті 
Еламанның өзі де жек көрмейтін. Осы жігітті кейінгі кез-
де депо жұмысшылары арасынан да жиі көретін боп жүр. 
Осы бір иман жүзді аққұба жігітте кісіні баурап тұратын 
бірдеңе бар. Ол не? Оның жастығы ма? Әлде кісімен 
сөйлескенде дәл бір қызбен сөйлескендей ар жағынан 
мөлдіреп көрініп тұратын адалдық па?
Екеуінің танысқаны да қызық болды. Бір жолы бұл 
жұмыстан қайтып келе жатқанда Теміркенің көк дүкенін 
айнала берген еді, қарсы алдынан ұзын бойлы жас жігіт 
шыға келді. Бұл бұрылып кетпек болғанда әлгі жігіт 
жетіп кеп, қос қолымен бұның қолын сілкілеп қатты-
қатты қысып: 
– Сені жақсы білем. Маша сыртыңнан таныстырған. 
Ознобин де сен туралы көп айтады, – деді.
Еламан үйге қалай жеткенін байқамады. Шам жаққан 
жоқ. Мюлгаузеннің есігінің алдынан өте бергенде тастай 
қараңғы бөлменің түп жағынан қып-қызыл темекі шоғы 
жылтырады. Досының ұйықтамай ояу жатқанын білсе 
де, іркілмей үнсіз өтіп бара жатыр еді:
– Бері кел! – деді ол.
– Әлі ұйқтамағансың ба?


449
– Отыр. Кәрі қыртта болдың ба?
– Иә.
Мюлгаузен темекі түтінін анда-санда бір бұрқ еткізіп, 
біраз үнсіз жатты да:
– Жақсы қабылдаған болар? Не жайында 
сөйлестіңдер? – деді.
– Жай... анау-мынау...
– Немене, әңгімелеріңді менен жасырасың ба? Онда 
бар, кете бер! – деді де, темір кереуеттің пружинасын 
күтір еткізіп, іргеге қарай аударылып түсті.
Еламан бұл түні таң атқанша көз ілмеді. Өткен жолы 
да Мюлгаузен бұнан қарт жұмысшы жөнінде қиялдап 
отырып біраз нәрсені түрткілеп сұрағаны бар-ды. 
«Апыр-ай, ә?.. – деді Еламан ішінен, – сонда бұл мені 
Ознобиннің қасына жұмысқа орналастырғанда оның 
ар жақ ойын біліп отыру үшін... Апыр-ай, ә? Солай ма 
екен?» Бұрын басына келмеген осы ой мазасын алып, 
қараңғы үйде көзі ашық жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет