Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет486/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
«шашыраңқы» ойыны
Ойынға қатысушылар өзара жақын тұрып шеңбер құрады. Шеңбер ортасында ойын 
жүргізуші тұрады. Ол белгі бергенде, балалар хормен: 
«Әй, балалар, санаңдар да, тез 
қашыңдар!
– деп айғайлайды. Бәрі жылдамдатып «бірінші-екіншіге» бөлінеді. Санау кімнен 
басталатынын ойын жүргізуші белгілейді. Санап болған соң, барлығы жан-жаққа шашырай 
жүгіреді. Жүргізушінің міндеті – жамырай қашып бара жатқан балалардың бірін ұстап қалу. 
Қолға түскен бала уақытша ойыннан шығады. Ойын шарты бойынша, жүргізуші үш немесе бес 
ойыншыны ұстап алуы тиіс. Ұсталғандардың біріншісі немесе ең соңғысы ойынды бұрынғы 
тәртіппен жалғастырады.
«тас»
Ойынға қатысушылар қолдарын артқа ұстап, бір-бірінен бір адым аралықта дөңгелене 
тұрады. Ойын жүргізуші қолына кішкентай тас салып, балалардың ту сыртынан айналып 
жүреді. Тасты байқатпай бірінің қолына салады. Тасты алған бала шеңбер ортасына жүгіріп 
шығуы тиіс. Егер оның екі жағында тұрған балалар оны ұстап үлгерсе, ол жүргізушімен орын 
ауысады. 
«Асық» 
Асық – қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан дәстүрлі 
ойыны. Көктем шығып, айнала көгорай шалғынға оранған кезде, үлкен-кіші далаға шығып, 
сайысты қыздырған. Асыққа құмар ойыншыда сақа мен асыққа толы дорбасы болады. Асық 
ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынады. Оны кептіріп, жүн бояйтын бояулармен 
немесе қынамен бояған. Асықтың үлкен түрі – сақа серкеден немесе қошқар-текеден алынады. 
Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Асық 
ойындарының кейбір түрлерінде сақа таңдап алу керек болады. Үйде ойналатын асық ойыны 
түрлерінде асықтың әдемісін сақа қылып алуға болады. Ал тақыр жерге шеңбер сызып, соның 
ортасына қаз-қатар тігілген асықтарды шеңберден атып шығару мақсат болып табылатын 
ойындарда асықтың мықтысын, салмақтысын сақа қылып алу керек. Кімнің сақасы бұрын 
алшы түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Асық 
салмақты, ұшқыр болып, дәл тиюі үшін түрлі әдістермен жан-жағын қуыстап тесіп, қорғасын 
құяды. Бұрынғы кезде хандар мен байлардың балаларының асығына, тіпті алтын құятын 
болған. Жай асықтарды әртүрлі түске бояған. Көлемі мен түсіне қарай олардың өз атауы мен 
құны болған. Мәселен, ең арзан, кіші жай асықтарды боямаған. 
Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, 
шапшаңдығын, ептілігін, тапқырлығын, қырағылығын, тіпті батырлығын жетілдіреді. Асықтар 
бір қатарға тігіледі. 3–5 метрден барып ортадағы асықты атады. Егер сақа ортадағы асыққа 
тиіп, шік-бүк түссе, барлық асықты ұтып алады. Егер шік-бүк түспесе, басқа балалар атып, 
ойынды жалғастырады, бұл ойында кім көп асық ұтса, сол жеңіске жетеді. Иіргенде түскен 
қалпына қарай асық – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет