Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет49/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: 
жаңғақ, емен жаңғағы, 
ермексаз, шөп, үлестірмелі материалдар. 
Сөздік жұмыс: 
емен жаңғағы, ірімшік.

Билингвальді компонент:
емен жаңғағы – желудь, тышқандар – 
мышки. 


47 
ҰОҚ-нің барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
Педагог:
–Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде не туралы болатынын білу 
үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, соны тапсаңдар біз сол 
туралы өздеріңмен әңгімелесеміз және оны өзіміз жасап көреміз,– 
дейді. 
Мысықтан қорқады, 
Түнде жортады. 
( Тышқан ) 
Қызығушылығын ояту. Ғажайып сәт. 
– Балалар, бізге қонаққа тышқан келді. Ол сендердің бір-біріңмен 
дос әрі еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның 
үлкен өтініші бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. 
Сендердің оған мына заттардан (ермексаз, жанғақ, шөптен) өзі 
сияқты тышқан жасап берулеріңді сұрайды. Өздерің сияқты оның да 
көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған 
көмектесейік. Балалар тышқанды құрастыруды бастамас бұрын, 
тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге 
түсірейікші. 
Балалар қонақпен амандасады. Тышқанның денесі, екі құлағы, ұзын 
құйрығы, 4 аяғы және кішкентай ғана көздері болады, сонымен 
қатар тышқанның мұрны үшкір, жіңішке мұрты бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет