Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет108/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
119
Қала  таң  алдындағы  мүлгіген  тыныштықта.  Күллі  дү-
ние көктен түскен ай сəулесіне шомылып тұр. Үлкен үйдің 
Ырыс ты жатқан терезесінің жібек пердесі сəл дірілдегендей 
болды  да  баяғы  елес  бөлмеге  енді.  Арылы-берілі  бөлмені 
шарлады.  Содан  төсекте  балбырап  ұйықтап  жатқан  жас 
сұлудың жанына барды. Үстіндегі ақ жамылғысын алып та-
стап, аппақ денеге ұзақ қарап тұрды. Бір кезде барып аяғын 
сипады. Содан қолы жоғарылай кеудесіне жеткенде қыз қоз-
ға лып кетті. Елес шегініп барып аяқ жағына тұра қалды. Қыз 
аунап барып қырынан жатты. Елес қайта жақындап қыз дың 
жастыққа шашылып жатқан шашын ұстап көрді де иіс ке ді, 
маңдайына қолын қойды. Еңкейіп бетіне бетін тигізді. Жас 
арудың  тəтті  лебімен  оны  қалай  құшақтай  алғанын  өзі  де 
біл ме ген дей,  ып-ыстық,  жұп-жұмсақ  денені  қысып-қы сып, 
кеу де сі не басып жата кетті...
Ертесіне Ырыстыны түске дейін ешкім оятпады. Қызын 
түн де кеш жатты, ұйықтасын деп түске таман шешесі «əп-
кең ді оятып кел, түскі асқа»– деп жіберген Санат:
– Апа, жұлқылап оятсам да, əпкем тұрмайды, – деп келді.
– Қой, тұрсын, ұйықтай берсе басы ауырады, – деген ше-
шесі оятуға бөлмеге енді.
–  Ырыс,  тұрсаңшы,  бəріміз  саған  қарап  отырмыз, – деп 
сөй лей  жақындап  еді,  көзі  қызының  сұп-сұр  болып  кеткен 
жү зі не түсіп, əлденеден секем алды.
–  Əй! – деп  қолынан  ұстай  алып  еді,  осыдан  алты-жеті 
са ғат  бұрын  өліп  кеткен  қыздың  суық  қолы  алақанын  қа-
рыды…
5
«Ырыс келгенде еріп кетіп Алматыға барып оқуға тү се-
мін», – деп армандап жүрген Қымбаттың жоспары бұзылды.
– Ал, Алматыға қарай пойызға міндің, сені онда кім кү-
тіп алады, кім құжаттарыңды өткізуге жəрдемдеседі. Дала-


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет