Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет139/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
шелек  көтерген  жұртпен  жарыса,  белі  қайысып  арба  итер-
гендермен  жағаласа  Кəмила  бастаған  əйелдер  де  өздеріне 
тие сі лі сауда қатарын тауып алды. Жанындағылар Бұл бұл ға 
ал ғаш қы сабақ беріп жатқанда арбаға заттарын тиеген Кə ми-
ла де келіп жетті. Бəрі жабылып жəшіктерін түсіріп алды да 
жүк ші мен есептесті. 
– Бұлбұл саған мына қалпақ пен алжапқыш əдемі жараса-
ды екен, бүгін жігіттердің бəрі сенің майыңды алуға ке ле тін 
болды ғой, – деп əзілдеген Кəмиланың аузы мен қолы бір ге 
қимылдап үстелдердің үстін сүртіп жатты.
– Май қаншадан? – деп жақындаған бір əйелге,
– Əлі дайын емеспіз, – деп те үлгерді.
– Бұлбұл, алғашқы сауданы еркекке жасауға тырыс. Еркек 
бастаса қол жүреді. Əйелдердің қырсығы қырық есекке жүк 
дегенді естіп па едің? – деп алдына калькульятор мен ұсақ 
ақша қойды. 
Бұлбұл  саудасының  қалай  басталып  кеткенін  де  бай қа-
май қалды, қасында Кəмила қазықтай болып қадағалап тұр-
ған, есін бір жиғанында орта жастағы бір еркекке май өл шеп 
беріп жатыр еді... Сонымен сауда еркекпен басталып, бі ре уі-
не жаңылып, біреуінен шатасып оның бəрін Кəмила қақ сап 
тұ рып түзетіп əйтеуір кеш бата алғашқы сауда күні де аяқ-
тал ды-ау. 
– Алғашқы саудаң жаман емес, қолыңның шалымы бар. 
Тек қатты сасқалақтап кетесің, бара-бара қалыпқа түсесің, – 
деп баға берді «ұстазы» Кəмила. 
Жанындағы  келіншектер  де  шұжықтары  мен  қал быр ла-
рын ойдағыдай сатып, тіпті:
– Кəмила, өткендегіні түгел ала салуымыз керек екен, бү-
гін гі дей болса өтіп кеткендей екен, – деп қуанып жатты.
Кеш  қарая  əйелдер  жатағына  оралды.  Кешегі  зырылдақ 
тағы астарын даярлап қойыпты. Кəмила оған екі күнгі ең бек-
ақы сын беріп көңілдендіріп қойды. Бұлбұл қатты шар ша ға-
нын басы жастыққа тигенде барып білді. «Маратқа звондап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет