Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет144/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Үйге барып келдім, апам ауырып қалыпты, соған дə рі-
сін-өкілін алып бердім. Балалардың мұғалімдерімен сөй лес-
тім, – деп алдымен шаруасын айтып алды. 
– Жақсы болыпты, мен сені біржола кетіп қалған шығар 
деп едім, – деп Бұлбұл уайымын айтты.
– Қайдан, мен жұмыссыз қалсам, бəрімізді кім асырайды. 
Сонау жерден қолыма нақты ақша алатын болған соң ке ліп 
жүрмін ғой. Осы үйдің иесі апай біздің Шудан, соны ма ған 
сеніп  жалға  өткізіп  отыр.  Үйдің  тазалығын,  бүтіндігін  қа-
рап, келген-кеткеннен есеп аламын. Осында жа та тын дар дың 
төсек-орнын жуып-тазалап, тамағын əзірлеп қосымша ақша 
табамын.
– Содан екен ғой зырылдап жүретінің, – деп күлді Бұл бұл.
–  Енді  саған  жаңалық  айтайын,  Өзбекстанның  Фер ға на 
деген жерінен бір əйел шығыпты. Емі сұмдық дейді. Ке зек те 
жұрттар апталап тұрады екен. Оған бару да керек емес екен. 
Бір ақ шаршыға үш сом түйіп баратындардан беріп жі бер сең 
болғаны.
– Шаршы деген не?
–  Ақ  орамал  ғой  басқа  байлайтын.  Соны  алған  күннен 
бастап бір жетінің ішінде сен ұйықтап жатқанда əруағы ке-
леді екен. Ол үшін бір бөлмеге жеке ұйықтау керек екен. Те-
ре зе нің желдеткішін ашып қою керек екен. Тек бас жағыңа 
нан, тəрелкеге салып құмшекер қойып қоясың. Əруақ келсе, 
қантқа саусақпен сызып белгі салып кетеді, сол күні түс кө-
ре сің ауруыңа қатысты дейді. Соған бізден баратындар бар 
екен,  шаршы  беріп  жібер,  атыңды  жазып,  мен  апарып  бе-
рейін, – деп адам таңқаларлық жаңалық айтты. 
– Сонда ол емші мені қалай емдейді?
– Сен ұйықтап жатқанда əруағы келіп емдейді, сен тек түс 
көресің, – деп қояды Меркүл өзі көзімен көргендей.
– Қызық екен, онда мен де бір орамал беріп жіберейін, – 
деп күлді.
– Қой, күлме, ем болмай қалады, – деп Меркүл қор қытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет