Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет151/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
167
– Мына кісі емші емес профессор сияқты ғой. Құмалақ та 
салмайды, тек қолымен сыртынан жүргізеді де қояды, – деп 
шықты Меркүлге. 
– Не деді?
– Жеті күн массаж ал, – деді.
– Ендеше кезекке қайта жазылайық, – деп Меркүл. 
Кеште апайына көрген-білгенін баяндады. 
– Массаж алсаң ал, кешке қарайғы уақытқа жазыл, бə рі-
бір біз киім-кешек алғанша бір жеті өтеді. Əйтеуір жа ны ңа 
сеп болса болғаны, – деді апайы азапқа түсіп жүрген сің лі сін 
аяғандай.
Ертесі сол уақытта тағы келіп ем алды. Тек жетінші күні 
келгенде ғана Дəмеш апасы,
– Еліңе барған соң үйіңді аластат. Осында базардан ады-
распан деген шөп бар соны ала кет те үлкен кісіге аластат-
тыр. Қонған қоныстарыңда бір əруақ бар, молда алып ке ліп 
оқытсаң да артық болмайды, – деді.
Көрген-білгенін апайына айтты.
– Шынында осы сенің үйіңде бірдеңе бар, сендер кө шіп 
барды дегенде менің енеме сол ауылдағы бір кемпір «Ол үй-
ден қызыңды алып кет, онда көп əйелдер өлген дейді. Ол бая-
ғы да үлкен бір татар байының салғызған үйі. Сол шал тү ні-
мен үйде жүріп шығады», – депті деп тіпті шошытып жіберді. 
Сол жолы сапардан оралған Бұлбұлдың əңгімесін ес ті ген 
шешесі: 
– Ойпырмай-ə, Аршалыдағы апаның айтқанымен дəл ке-
ліп тұрғаны-ай. Енді қайтсек екен. Ертең сенімен шығып ке-
тейін, – деп жолға жиналды.
Бұлбұл апайы мен анасын алып Қарқаралыға келсе жа ңа-
лық тың көкесі осында болып жатыпты...
Мараттың айтуынша Қайрат көршісі екеуі бірлесіп қыс-
қа  көмір,  отын  əзірлеп  алмақшы  болады.  Марат  мойнына 
кө мір ді  алса,  Қайрат  отын  түсіріп,  бұтарлап  қораға  енгізіп 
алу ға келіседі. Бұлбұл өткенде жолға шығып бара жатқанда 


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет