Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет204/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
225
басым қатты. Ақылдасар кімім бар, ішпей келген бір кү нін де 
Ерікке айтып едім:
–  Мүмкін  өткендегідей  ұл  боп  қалар,  қалдыршы, – деп 
еркек  болып  бір  өтініш  айтты.  Қайтіп  қарсы  болайын.  Бұл 
жолы «не десе ол десін» дегендей қарнымды қампитып тұ-
рып үйін тазалап, тамағын жасап жүрсем де енем үндемеді.
Күзге салым бесінші қызды тудым...
Артымнан  іздеп  келген  жан  болмады. «Қыздар  қайтіп 
жатыр  екен», – деп  ойласам  перзентханадан  тұра  қашқым 
келеді. Бұл жолы ауыр босандым, «қайта жаным қалғанына 
шү кір ші лік етейін», – деп өзімді сабырға шақырдым. Жа ным-
да ғы босанған келіншектер сорпа-суынан бөлісіп, та мақ тан 
кенде болып жатқан жоқпын, тек көңілім жарым. Ертең шы-
ға ра мыз деген күні перзентхананың бас дəрігеріне бардым. 
Бес биенің сабасындай қазақ апай екен. Жағдайымды айтып, 
үйі ме дейін апартып тастауын сұрадым. Мені тыңдап болып:
– Біздің қазақтың осынысы жаман, қызды бала демейді. 
Қа ра шы ана орыстарды қартайғанда қыздары бағады. Əлі-ақ 
осы бес қыздан көресің жақсылықты. Сонда күйеуіңнің кө-
зі не шұқып отырасың, – деп қояды.
– Балаңа жаялықтарың бар ма?
– Бірдеңелер ала келгем...
– Жарайды, оны ойластырармыз. Сен өзің шы на шақ тай-
сың ғой, енді тусаң өлерсің. Бір айдан кейін кел, саған бала 
көтертпейтін  амал  жасатып  берейін.  Енді  осы  бесеуіне  ие 
бол. Қыздарға ана керек, өзіңді сақта, – деп шығарып салды. 
Ертесі таңертең балама бір қорап жаялықтары мен ма ған 
бір бума гүлі бар бас дəрігер апай келіп тұр. Мені ке зек ші 
дəрігерге қосып, өзінің көлігімен үйге жеткізіп салды. 
Қыздарым  қуаныштан  жүректері  жарылып  қарсы  алды. 
Са ғын ған аналары келіп, ол бөпе алып келіп естері шық ты. 
Үл ке ні жүгіріп əжесіне кетті. Үй суық екен, баланы сол орау-
лы қалпында төсекке тастай сала, белді буып тірлігіме кі рі-
сіп кеттім.


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет